Тақырыпт ық жоспар



бет16/27
Дата21.09.2023
өлшемі1.64 Mb.
#478193
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Мемлекеттік іс қағаздан ҚМЖ 2024 ке

Бақылау сұрақтары:

  1. «Мұрағат» деген не?

  2. Қандай істерді мұрағатқа тапсырады?

  3. Істерді тапсырар алдында қалай дайындайды? 4) Қай кезде істер уақытша ресімделеді?

5) Қай істерді скоросшивательдерде қалдырады? Бақылау тапсырмасы:
1.Берілген сөздерді және сөз тіркестерді аударыңыз, сөйлем қастырыңыз: мұрағат,мұрағатқа істерді өткізу,құндылығын айқындау үшін,сараптау комиссиясы қарайды,мұрағатқа өткізер алдында , тәртіпке келтіреді,толық аяқталған істер, ұзақ мерзімдіжәне уақытша сақтаудағы істер.
19-сабақ.
4.11.тақырып.
Істерді қалыптастыруды ұйымдастыру және оның тәртібі
Істерді қалыптастыру кезінде мынадай жалпы талаптар сақталады: -іске (в дела) орындалған, номенклатурасы бойынша іс тақырыптарына сәйкес дұрыс ресімделген құжаттар ғана салынады;
-бір мәселені шешуге қатысты барлық құжаттар бірге салынады;
- іске келер жылға өтетін және жеке істерден басқа бір күнтізбе жылының құжаттары бірге топтастырылады;
-сақтау мерзімдері тұрақты және уақытша құжаттар іске бөлек-бөлек топтастырылады;
-құжаттар мәселенің шешу ретіне сәйкес орналасады (шешілетін мәселелердің хронологиялық ретімен), содан кейін мәселесі толық шешімін тапқан құжат, содан кейін мәселенің шешілу барысын көрсететін басқа құжаттар салынады;
-көлемі 250 парақтан асуға болмайды;
-шимайжазбалар және артық даналарды салуға болмайды;
-өкімдік (распорядительные) құжат пен оның қосымшалары бір іске салынады;
-мәжіліс хаттамалары мен оның қосымшалары жеке істерге салынады;
-негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, өкімдер (распоряжение), жеке құрам бойынша бұйрықтар, қызметкерлердің іс сапары бойынша бұйрықтар, өкімдер жеке-жеке істерге салынады;
-қызметкерлердің жеке істері (личные дела) құжаттары келіп түсуіне сәйкес хронологиялық ретпен орналасады;
-еңбекақы бойынша дербес есепшоттары жеке істерге салынады және олардың аты-жөні алфавит бойынша орналасады;
-жеке тұлғалардың тізімдері және жинақтау зейнетақы қорына міндетті зейнеткерлік жарна (взнос) аударуға төлем тапсырмалары бір іске (в одно дело) салынады.
Мекемелерде істі қалыптастыру мен есепке алудың бірыңғай тәртібін дұрыс топтау, белгілеу мақсатында жыл сайын іс номенклатурасы жасалады. Іс номенклатурасы оларды сақтау мерзімі көрсетіле отырып жасалған, мекеменің барлық ісі атауларының тізбесін білдіреді. Іс номенклатурасын құрылымдық бөлімшелері жасайды, содан кейін кеңсе мекеменің бірыңғай (жиынтық) іс номенклатурасын қалыптастырады.
Іс номенклатурасы жаңа күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Іс номенклатурасына кәсіпорынның барлық ісі және тіркеу журналы кіреді, ал ғылыми-техникалық құжаттар және баспа басылымдары кірмейді. Іс номенклатурасын хатшы-референт, кәсіпорынның құжаттарына жауапты маман немесе мұрағат жүргізуші жасайды. Іс номенклатурасына құрастырушы қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет