Тақырыпт ық жоспар



бет18/27
Дата21.09.2023
өлшемі1.64 Mb.
#478193
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Мемлекеттік іс қағаздан ҚМЖ 2024 ке

Бақылау сұрақтары:
1)Хатшы және орындаушылардың міндеттері қандай?

  1. Іс қағаздардың сақталу тәртібі қандай?

  2. Сақтау мерзімдері бойынша құжаттар қалай топтасады?

  3. Үйдің, ғимараттың құжаттары неше жыл сақталады?

  4. Ұйымдар мен мекемелерде іс қағаздарын жүргізуге кімдер тағайындалады? Бақылау тапсырмалары:

1)Берілген сөздерді, сөз тіркестерді аударыңыз: сақтау мерзімі, тұрақты, арнайы тағайындалған, орындалу барысын белгілейді, ғимараттың құжаттары. 2) «Қайта бағалау», «қаржыға байланысты төлемдер», «есептен шыққанша» - деген сөз тіркестерімен 3 сөйлем құрыңыздар.
21-сабақ. 4.13.тақырып.Тәжірибелік сабақ. Хаттама.
Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.
Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, толық конспект түрінде және қысқаша түрде болады.
Қысқа хаттамаларда (оның мәтінінде) күн тәртібі, сөйлеушілердің атыжөні, сөйлеген сөздердің тақырыбы және қабылдаған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздерінің толық мәтіні келтірілмейді. Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі. Құжаттың (хаттаманың) заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және мәлеметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы: Жиналысқа қатысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілген көрсетіледі.
Хаттаманың деректемелері: мекеменің атауы, құжаттың атауы, мәжілістің өткен күні, мәжіліс өткен орны, тақырыбы (жиналыстың атауы), мәтін.
Кіріспе бөлігінде қатысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалған мәселе, сөйлеген сөздер, қабылданған қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады.
Бақылау сұрақтары:
1)Хаттама – ол қандай құжат?

  1. Хаттаманың қандай түрлері бар?

  2. Қысқа хаттамаларды қалай толтырады?

  3. Толықхаттамаларды қалай толтырады?

  4. Хаттаманың деректемелері қандай? Бақылау тапсырмасы:

1.Қысқа хаттаманы толтырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет