Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет31/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94
Абайдың-таксономиясы

Екіншіден, білім, ғылымды анық, ақиқат мақсатпен білмек 
үшін үйренбек керек: білуді, білмекті мақсат етіп талап қылу 
шарт. Егер білуге талап қылған кісінің мақсаты мақтан, біреуден 
озу, біреуді жеңу болса, онда ондай мақсат оның көңілін 
тазартпайды, бұзады. Осыдан сақ болу керек. 
Үшіншіден, егер белгілі бір істің ізгілігіне, ақиқатына ижди-
һатымен көз жеткізсе, соны тұтып, содан айрылмау шарт.
Төртіншіден, білімі мен ғылымын көбейтудің екі құралын 
ұдайы зорайту жолында болу керек. Ол екі қарудың бірі – 
пікірленбек (білмек), екіншісі − білгенді ұмытпастық.
«Пікірленбектің соңы ғибратланбақ болса керек» [2, 198], − 
дейді Абай. Ал ұмытпастыққа төрт түрлі себепті көрсетеді: а) 
көкірегі байлаулы берік болмақ; ə) нəрсені көргенде я ол туралы 
естігенде ғибратлану, көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу; б) сол 
нəрсені іштен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту; 
в) ой кеселді нəрселерден қашық болу [2, 173]. 
Айтылған жайлардан білім алушының есіне тəн үдеріс-
тердің қатары белгілі болады: 1) ұғу; 2) бірнеше уақыт қайтарып 
ойланып, көңілге бекіту; 3) пікірлену; 4) ұмытпастық. Ес – білген, 
түсінген жайлардың санада сəулеленген жүйесі. 
Бесінші шартта ақын ой кеселді нəрселерді көрсетеді: 
уайымсыз салғырттық; ойыншы-күлкішілдік; қайғыға салыну; 
құмарлыққа салыну. Ақын осы төртеуін күллі ақыл мен ғылымды 
тоздыратын нəрселер деп біледі [2, 173-174]. Бұлардың ішінде 
уайымсыз салғырттықтан бек сақ болуды ескертеді. Уайымсыз 
салғырттық, ақын ойынша, − «əуелі – құданың, екінші − 
халықтың, үшінші − дəулеттің, төртінші – ғибраттың, бесінші − 
ақылдың, ардың − бəрінің дұшпаны» [2, 176].
Алтыншы шарт ғылымды, ақылды сақтайтын сауыт туралы. 
Оның аты − мінез. «Сол мінез бұзылмасын!.. Қылам дегенін 
қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын 
ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын? Бұл бір 
ақыл үшін, ар үшін болсын!» [2, 176]. 
Білім іздеу, білім алу, білім беру ісіне қатысты осы алты шарт 
бүгінгі білім беру ісі үшін де маңызды екенінде сөз жоқ. Осы 


63 
шарттардың əрқайсысы білім беру ісі туралы ғылымның тарихы 
мен теориясында өз алдына жеке-жеке категория ретінде 
қарастырылып, зерттелуге лайықты. Көрсетілген алты шарт 
айналасындағы қағидаларын Абай өзінің өмірден көріп, білген 
тəжірибелеріне, таным байлығына сүйеніп негіздеді. Бұл жерде 
данышпан ақынның шығармашылық ойлауындағы, өмірден 
көріп, білген тəжірибелеріне, таным байлығына сүйеніп ой 
қорытуындағы, пікір түюіндегі даралық пен даналық мəйегін 
аңғаруға болады.
Абай білім, ғылым үренуге талап қылушыларға талаптың 
өзінің бірнеше шарттарын білу туралы қағидаларында, білім, 
білу ісіне қатысты басқа тұжырымдарында білім алушылардың 
ішкі қалпы, білу үдерісі, білу үдерісін қамтамасыз етуші тетіктер 
(амал-тəсілдер), білу нəтижесінде қалыптасатын құзыреттілік 
мəселелеріне қатысты ойлары мен пікірлерінің тұтас жүйесін 
ұсынады. Оларды басты белгілеріне қарай мына ретте 
топтастыруға болады: 1) білім алушылардың білім алуға дейінгі 
ішкі-сыртқы қалпы; 2) білу үдерістері; 3) білу үдерісін 
қамтамасыз етуші тетіктер (амал-тəсілдер); 4) білу нəти-
жесінде қалыптасатын құзыреттілік.  
Білім, білу айналасында сипатталған алты шарт пен олармен 
шектес құбылыстардың əрқайсысы өзара бір-бірімен сабақтас, 
байланысты. Мұндай байланыс, сабақтастық негізінде пайда 
болатын тұтастық Абайдың білім туралы ойлары мен 
қағидаларының күрделілігін, жүйелілігін білдіреді. Осы тұр-
ғыдан келгенде, Абайдың білім, білу туралы ойлары мен 
қағидалары өз алдына бір іргелі концептуалдық жүйені түзеді. 
Екінші жағынан, білім, білу туралы осы ұғымдар, түсініктер, 
қағидалар жүйесінің өзінде əлем данышпандарының еңбек-
терінде көрініс таппаған толықтық пен тұтастық бар.
Ақын талап қылушылардың тобынан білуді таңдап, білуге 
талаптанушыларды жеке бөліп алады, солардың білмекке 
талабын оң көреді, дүние-мүлік байлығына жетуге талап-
танушылардың талабының терістігін, баянсыздығын аңғартады. 
Талаптың махаббаттан шығатыны, ал махаббаттың адамның 
адамдығы екендігі, оның ақыл, ғылымнан өнетіні, ғылым, білімді 
қалаудың, білуге талап қылудың кісінің көкірегін аршып, 
тазартуға бастайтыны туралы қағида ұсынады. «Қашан бір бала 


64 
ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның 
аты адам болады» [2, 185-186], − деп, танымдық, тағылымдық 
маңызы үлкен қорытынды жасайды. 
Кісінің талап қылып істемек болған ісінің жақсылығына
нəтижесінің ізгілігі мен игілігіне көзі жетіп тұруы шарт. Талап 
қылып істемек болған ісінің ізгілігіне, игілігіне көз жеткізбеу, 
білімсіз талаптану адамды жарға жығуы, қатерге ұшыратуы 
мүмкін. Одан аман болмақ үшін əр нəрсенің, əр істің алды-артын 
байқарлық, жақсылықты жамандықтан, ізгілікті зұлымдықтан 
айырарлық білім, ғылым керек. Сондықтан білімге, хақиқатты, 
шынды білуге талаптану аса маңызды. 
Дүниенің азатын, тозатын, таусылатын нəрселерін қалап, тек 
қана соларға жету үшін іс қылуға талаптануда, бар өмірін тек осы 
жолда сарп етуде опа жоқ. Ақын адам болам деген жастарға ондай 
арзанға алданбай, «талаппен ұшып, талпынып, шартарапты 
көздеуге» [1, 201] кеңес береді. Талаппен ұшу, талпыну, 
шартарапты көздеу секілді істердің əрбірінің терең мəні бар. Бұл 
жерде ақын ойын бейнелі түрде, астарлы мағынада айтқан. 
Халықтың дəстүрлі мəдениеті тұрғысынан алып қарағанда, олар 
түгелдей қыран құстың қылықтарын елестетеді. Саятшы 
қолындағы қыран құсының томағасын алып, ұшырғанда, қыран 
осындай əрекет жасайды: талаппен ұшады; талпынады
шартарапты көздейді. Осы əрекеттері арқылы ол алыс-жақынды 
тұтас шолады, керегін күйкентай сияқты ұясының қасынан, іннің 
басынан емес, шартарапты көздеп табады. Ақын адам болам 
деген жастың да үйдің іргесінде қалып қоймай, алысқа, биікке 
талпынып, керегін шартарапты көздеп табуын насихат етеді. 
Абай «пайда ойламай, ар ойлаудың», «артық білуге талап 
қылудың» махаббаттан шығатынын айтады дедік. Бұлар пікір, ой 
ғана емес, бұлар – Абайдың іліміндегі біртұтас қағидалар 
жүйесінің басты тіректері. Қағидалар жүйесінің мəні адам болам 
деген, білім іздеген кісінің талабының махаббаттан шығуы, 
ақылға сай, ардың гүлін ашатын игілікті іске бастауы, ақылға 
қайшы, арға жат істен аулақ болуы туралы тағылымды 
тұжырымдар, ойлар мен пікірлер аясында ашылады. 
Абай адам болам деген кісінің асық болатын «бес асыл ісінің» 
ішінде талапты бірінші атайды. Əңгіме бес асыл нəрсенің 
қайсысын бірінші атауда емес, олардың əрқайсысының «бес асыл 


65 
іс» тобында атқаратын қызметінің мəнінде. «Бес асылдың» басы, 
бастаушысы − талап. Талап жоқ жерде өнер үйрену де, білім табу 
да, еңбек ету де жоқ, талапсыз ешқандай асыл нəрсеге қол 
жеткізіп болмайды. Абайдың ілімінде талапқа, білуге деген 
талапқа осы тұрғыдан толық сипаттама беріледі. Оның өзі 
талаппен негіздес, сабақтас бірнеше əлеуметтік-этикалық 
ұғымдармен байланыста жүзеге асады. а) талаптың мағынасы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет