Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет30/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94
Абайдың-таксономиясы

көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен 
иіскеп, тыстағы дүниеден алған əр нəрсенің, хабардың суреті 
жүректің айнасына анық рəушан болып түсуі шарт. Ол үшін 
жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық 
секілді төрт нəрсемен кірлетпей, таза сақтау керек. Жүрек осы 
төрт нəрсемен кірленбей, таза қалыпта болса, тыстағы дүниеден 
алған хабар адамның тұла бойына жайылады, ұмытылмайды. 
Егер жүректің айнасы əлгі төрт нəрсемен кірленген болса, онда 
ол я қисық, я күңгірт көрсетеді. Кірленген жүрек айнасында 
қисық я күңгірт көрінген нəрседен дұрыс ұғым тумайды [2, 221-
222]. 
Абайдың білім концепциясында адамның ішкі қалпындағы 
білуге деген талабы туа біткен мінез шегіндегі қасиеттер 
қатарында сипатталады. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі 
мінезбен туады, − дейді Абай. – Біреуі – ішсем, жесем, ұйық-
тасам деп тұрады. Бұлар – тəннің құмары, бұлар болмаса, тəн 
жанға қонақ үй бола алмайды һəм өзі өспейді, қуат таппайды. 
Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе, соған талпынып, жалтұр-
жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дəмін татып 
қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, 
даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа 
да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», 
«бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, 
көзі көрген, құлағы естігеннің бəрін сұрап, тыныштық көрмейді. 
Мұның бəрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем 
екен деген» [2, 138]. Адам баласының білімге, білуге ұмтылуы 
жаратылысынан екенін Аристотель «Метафизика» атты еңбегінің 
бастапқы тарауының басында көрсетеді [10, 65].


61 
«Ішсем, жесем» демектің басын Абай туа біткен қуаттар 
қатарына жатқызады. «Білсем екен, көрсем екен» демектің басы 
да адам бойында туа біткен табиғи қуаттар. Ал ақыл, ғылым – 
жүре келе қалыптасатын кəсіби қуаттар [2, 219]. 
Абайдың білім концепциясында білу үдерістері үшін біл-
мекке талпынушы жастың ішкі қалпының дұрыс қалыптасуы-
ның маңызы жоғары. 
Абайдың білім концепциясындағы білу үдерістерінің басы – 
талап→қабылдау. Адам баласының дүние сырын қабылдауы 
оның бойына туа біткен қуат көздері арқылы, олардың бірте-бірте 
жетілуі, кемелденуі нəтижесінде жүзеге асады. Адам білсем екен, 
көрсем екен деген мақсатпен талпынып, талап қылып, «көзбенен 
көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен 
иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың 
ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен
əрнешік өз суретіменен көңілге түседі» [2, 219]. Көңілде жақсы 
нəрсенің суретімен байланысты жақсы əсер, жаман нəрсенің 
суретімен байланысты жаман əсер қалады.
Адамның тыстағы дүние құбылыстарын қабылдаудағы қуат 
көздері, оның жолдары, сатылары туралы ойлар мен қағидалар − 
Абайдың білім концепциясының өзекті желілері. Олардың 
эпистемологияда, білім беру, білу мен түсіну теориясының 
тарихында алатын өз орны бар. Сонымен қатар мынаны ескеру 
қажет: Абайдың дүние құбылыстарын қабылдаудың, білудің, 
түсінудің тетіктері, жолдары, сатылары туралы ойлары мен 
қағидалары оқу мен оқытудың қазіргі заманғы теориясы мен 
методологиясы аясында да маңызды. 
Көңілі тыныштық тапқан жас білім, ғылым үйренбекке талап 
қылатын болса, ол білім, ғылым үренуге талап қылудың 
шарттарын білуі қажет.
Əуелі, білім, ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір 
ғана білмектіктің өзін игілік деп санау шарт. Əр білмеген нəрсені 
білгенде, көңілде бір рахат күй орнайды. Сол білгенді берік ұстап, 
білмеген жайды тағы да сондай білсем екен деп құмарланған 
махаббат пайда болады. Сонда əрбір естігенді, көргенді көңіл 
жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырады.
Егер көңіл өзге нəрседе, мысалы, мал немесе шен-шекпен 
табуда болса, ал білім, ғылымды соған себеп қана қылмақ үшін 


62 
үйренсе, онда көңілдің білімге мейірімі шала болғаны. Адамның 
көңілі білімге шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де 
мейірленеді. Шала мейір шала байқайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет