4-тарау Банк қызметтеріне (операцияларына) тарифтер
89. Банктік қызметтерді / операцияларды жүргізуге мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті
мөлшерлерін Директорлар Кеңесі бекітеді. Олардың өзгеруі сонымен бірге Директорлар Кеңесінің
құзіретіне жатады және Банктің басқа органдарына тапсырылуы мүмкін емес.
90. Банктік қызметтер/операциялар жүргізуге , оның ішінде Банкпен ерекше қатынастағы
байланысты тұлғалар үшін базалық (стандарттық) мөлшерлемелер мен тарифтерді осыған тиісті
уәкілеттілердің шешімдерімен осы Ережеде бекітілген тарифтердің/мөлшерлемелердің мөлшері
жұмыс органдары (төменгі және жоғары) шектері аясында) бекітіледі және оларды қайта қарастыру
қажеттігі пайда болуы шаралары бойынша қайта қарастырылады.
91. Банктік қызметтер/операциялар жүргізуге жекеленген мөлшерлемелер мен тарифтер,
Ереженің 92-тармағында қарастырылған жағдайлардан басқасында, Ережеде бекітілген
тарифтердің/мөлшерлемелердің шектері аясында бекітіледі:
қарыздық, лизингілік, факторингілік операциялары, кепілдіктерді, кепілгерлікті,
аккредитивтерді шығару бойынша операцияларды – Бас кредиттік комитет бекітеді;
басқа банктік қызметтер/операциялар бойынша – Нарықтық тәуекелдерді және
өтімділікті басқару комитеті:
- Банкпен ерекше қатынастағы байланысы жоқ тұлғалар үшін;
- Банкпен ерекше қатынастағы байланысы бар тұлғалар үшін, үлгі талаптары бойынша
көрсетілген қызметтер берілген жағдайда, қосал алғанда, бірақ онымен шектелмей: Банктің
Директорлар кеңесі бекіткен типтік нысандар бойынша, Банктің уәкілетті органдарының
шешімдерімен, Банктер туралы ҚР Заңының 40-бабының талаптарына сәйкес (егер баламалы талаптар
Банкпен ерекше қатынасы жоқ 2-ден кем емес клиентке берілгенде).
92. Банкпен ерекше қатынастағы байланысы бар тұлғалар үшін Банктік қызметтер/операциялар
жүргізуге жекеленген мөлшерлемелер мен тарифтер ҚР Банктер туралы Заңының 40-бабының
талаптарына сәйкес (егер баламалы талаптар 2-ден кем емес Банкпен ерекше қатынастағы байланысы
бар клиентке берілгенде) Директорлар Кеңесінің шешімімен келесідей бекітіледі:
заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банктік салымдары, қарыздық, лизингілік,
факторингілік операциялары, кепілдіктерді, кепілгерлікті, аккредитивтерді шығару бойынша
операциялар
|