Талаптары туралы



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата09.06.2023
өлшемі475.62 Kb.
#474850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Правила-об-общих-условиях-каз-от-05 01 2017

ЕР 
1-3бет 16 
ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ 
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 
9. Банк олардың банктік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Уәкілетті 
органының нормативтік құқықтық актілерін, пруденциалды нормативтерді және басқа нормалар мен 
талаптарды сақтауға және орындауға міндетті. 
10. Банк банктік операцияларды оның (олардың) жүргізілуі кезінде Банктер туралы заңға 
сәйкес банктік құпияны қамтамасыз етуге міндетті. 
11. Дербес деректер және оларды қорғау туралы Заңға сәйкес Банк клиенттердің дербес 
деректерін жинауды, өңдеуді және қорғауды жүргізеді. 
12. Банк өзінің қызметі барысында Қазақстан Республикасының «Заңсыз жолмен келген 
табысты заңдастыруға («жылыстатуға») және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру туралы» 
Заңының және қылмыстық жолмен келген табысты заңдастыруға («жылыстатуға») және лаңкестікті 
қаржыландыруға қарсы тұру әрекеттері кезінде Банктің ІНҚ-ға сәйкес талаптарды сақтауға міндетті. 
13. Банк Қазақстан Республикасының «Заңсыз жолмен келген табысты заңдастыруға 
(«жылыстатуға») және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру туралы» Заңының және АҚШ 
«Шетелдік шоттарға салық салу туралы» Заңына (Foreing Account Tax Compliance Act – FATCA), 
талаптарын Банктің орындауы мақсатында олардың клиентті сәйкестендіруі үшін қажетті құжаттарды 
немесе ақпараттарды бермеген жағдайда немесе Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына 
сәйкес Банктің Клиенттің қылмыстық жолмен келген табысты заңдастыруға («жылыстатуға») және 
лаңкестікті қаржыландыруға қатысы бары туралы пайымдауға негізі болғанда Клиентпен жасалған 
шартты орындаудан біржақты тәртіпте бас тартуға құқылы. 
2-тарау Банк жүргізетін операциялар 
14. Банк Банктер туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген 
лицензияның негізінде ұлттық және шетел валютасында операциялардың келесі түрлерін жүзеге 
асырады: 
1) банктік операциялар: 
– жеке және заңды тұлғалардан депозиттер қабылдау, банктік шоттарды ашу және жүргізу; 
- банктік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың 
корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу; 
– жеке және заңды тұлғалардан металл шоттарды ашу және жүргізу; 
– кассалық операциялар (қолма-қол ақшаларды қабылдау мен беруді қоса алғанда оларды 
ұсату, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, орау және сақтау); 
– аударым операциялары (жеке және заңды тұлғалардың төлемдері мен ақша аударымдары 
бойынша тапсырмаларын орындау); 
– есептік операциялар (жеке және заңды тұлғалардың вексельдерінің (дисконт) және басқа 
борыштық міндеттемелерінің есебі); 
– банктік қарыз операцияларын (кредиттер) беру; 
– шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру; 
– банкноттар, монеталар және құндылықтарды инкассациялау; 
– төлем құжаттарын инкассоға (вексельдерден басқа) қабылдау; 
– аккредитив ашу (шығару) және растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау; 
– банктің ақшалай нысанда орындалуы қарастырылған үшінші тұлғаларға банктік кепілгерлікті 
және өзге міндеттемелерді беру. 
2) басқа операциялар: 
– тазартылған құнды металдарды кесекпен сатып алу, кепілге қабылдау, сақтау және сату, 
сондай-ақ құнды металдары және құнды тастары бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге 
қабылдау, сақтау және сату; 
– вексельдермен операциялар (вексельдерді инкассоға қабылдау, төлеушінің вексельмен төлеуі 
бойынша қызметтер ұсыну, сондай-ақ ескертілген вексельмен ақы төлеуі, делдалдық тәртіпте 
вексельдердің акцепті; 
– лизингтік қызметті жүзеге асыру; 
– меншіктік бағалы қағаз шығару (акциялардан басқа); 
– факторингілік операциялар жүргізу (тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан 
төленбеген тәуекелді қабылдаумен төлемді талап ету құқығын сатып алу); 
– форфейтингілік операциялар (форфеттеу) жүргізу (сатушыға айналымсыз вексельдерді сату 
жолымен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемелерін 
төлеу); 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет