Тарих, археология және этнология факультеті


Этнологиядағы этнопсихологиялық бағыт



Pdf көрінісі
бет19/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78
Учебник Теор. этнология

4 Этнологиядағы этнопсихологиялық бағыт. ХХ ғасырдың 30 
жылдарына дейін американдық этнологияның дамуы Ф. Боас пен оның ізін 
жалғастырушылар бағыты ықпалымен жүрді. Олар өздерінің далалық 
зерттеулерінде әртүрлі психологиялық әдістерді қолданудың арқасында көп 
материал жинап, психологиялық антропологияның қалыптасуына ықпал етті.
Этнопсихологиялық сипаттағы алғашқы теорияны Абрам Кардинер 
қалыптастыруға тырысты. «Индивид және оның қоғамы » (1839) және 
«Психологические границы общества » (1943) А.Кардинердің пікірі бойынша 
адам өмірінің алғашқы күні туылғаннан бастап қалыптасады. Бұл сыртқы 
ортадан және әрбір қоғамдағы жас сәбилерді нақты қандай тәсілмен 
тәрбиелеуден бастайды. Ол сыртқы ортаның, ең алдымен әрбір қоғамда 
нәрестені қалай күтуімен: тамақтандыру, киіндіру, жүруге, сөйлеуге үйретудің 
тазалығымен байланыстылығын көрсетеді. Жалпы алғанда Кардинердің 
пікірінше, «негізгі жеке адам» белгілі бір қоғамның мүшелеріне тән тәжірибе 
негізінде қалыптасқан және берілген мәдениетті қабылдауға және онда өзін 
қолайлы жағдайға жеткізетін жеке мінез-құлықты қамтиды. Сонымен, «негізгі 
жеке адам» яғни тұлға А. Кардинердің пікірі бойынша «алғашқы қоғамның 
институты» арқылы қалыптасып, тіршіліктің, отбасылық ұжым, тәрбие және 
әлеуметтендірудің тәсілдерін қамтып қоғамдағы белгілі мүше ретінде өзінің 
мінез-құлқы, білімі, дағдысы, бар адамдарды қамтиды.
Этнопсихологиялық зерттеулерде Рут Бенедиктің (1887-1948) үлесі бар. 
Оның «Модель культуры» (1934), «Психологические типы культур Юго-
запада» (1928), «Конфигурации культур в Северной Америке» (1932) 
еңбектеріндегі негізгі концепция - әрбір халықта ұрпақтан ұрпаққа берілетін 
және сол халықтың тарихын анықтайтын ерекше «мінез-құлықтың іргелі 
құрылымы», болады деген тұжырым. Бенедикт өз пікірін жалғастыра отырып, 
әрбір мәдениет ішкі мәдениет элементтерінің бірегей конфигурациясына ие, ал, 
ол мәдениет элементтерінің бір-біріне қатынасы қандай түрде екендігін және 


осы элементтердің мазмұнын анықтайтын мәдениеттің этосымен бірігеді. Дін, 
отбасылық өмір, экономика, саяси құрылым - барлығы қайталанбайтын бірегей 
құрылымды құрайды. Әрбір мәдениеттегі конфигурация тарихи үдерістің 
бірегей нәтижесі. «Мәдени конфигурация» ұғымы Бенедикт бойынша
мәдениеттің элементтерін қосып, оны біртұтас етіп қосудың ерекше бір тәсілі, 
деп қарайды. Сөйтіп, мәдени конфигурацияларды былай бөледі: 
- апаллониялық - тұлға топтың дәстүріне бағынуы және өзінің мінез-
құлқында төтенше – эмоционалдық: ыза, күш, қызғану, т.б. ада болу. Мұндай 
мәдениет көсемнің беделіне емес, дәстүрге бағытталады. 
- дионистік – жоғарыға қарама-қарсы, мұнда өзін күшті, қорықпайтын, 
мақсатына жету жолында қандай да болсын зорлыққа да тоқтамайтын, 
сонысымен қоғамда өзін беделді санайтын топтағы тұлғаларды атайды. 
параноидты – жанжалшыл және күмәнділікпен ерекшеленеді. 
Мәдениеттің бұл типіндегілер әйел мен еркек, көршілер, ауыл арасындағы 
араздықтармен ерекшеленіп, біреудің сәттілігі мен табысы басқа адамның 
сәтсіздігімен байланысты деген сеніммен сипатталады. Бірақ осы бағыттағы 
іс-тәжірибелік зерттеулердің дұрыс емес екендігі байқалды.
ХХ ғ. 40-50 жылдары этнопсихологиялық зерттеулерде адамдар 
қауымына талдау жүргізіп, ортақ әлеуметтік дәстүрмен біріккен және ұлттың 
нысаны саналатын ұлттық мінез-құлыққа басымдық береді. Бұл бағыттың 
көрнекті өкілі Маргарет Мид (1901-1978), ұлттық мінез-құлықты зерттеудің 
әдісін жасап, әрбір мәдениетті мәдениеттің этосын анықтайтын оның 
элементтерінің конфигурациясы ретінде қарайды. Соған байланысты М. Мид 
ұлттық мінез-құлықты 3 негізгі аспектіге бөледі. 1) берілген мәдениетке тән 
кейбір мәдени конфигурацияларды салыстырмалы сипаттау; 2) нәрестені 
бағып, күту және бала тәрбиесіне салыстырмалы талдау жүргізу; 3) кейбір 
мәдениеттерге тән ата-ана мен бала, қатар-құрбылар арасындағы тұлғаралық
қатынастарды зерттеу. Осылайша берілген парадигма аясында ұлттық мінез-
құлық - мәдениет құндылықтарын өз ішінде бөлу мен реттеудің ерекше тәсілі 
немесе тәртіптің моделі ретінде анықталды. 
Бұл бағыттардан басқа ХХ ғасырда негізін З. Фрейд қалаған фрейдизм не 
психоаналитикалық мектеп пайда болды. Психиатр болған ол тамырын 
адамның психологиясынан іздеген мәдениет құбылыстарын зерттеді.
Сонымен, этнологияны дамытудағы этнопсихологиялық мектептің үлесі 
мынада:
- сол не басқа мәдениеттің мүшесіне тән, белгілі бір психологиялық 
ерекшеліктің өмір сүруі жөніндегі идеясы негізделіп айтылды;
- алғаш рет тұлғаға емес, қоғамға қабылданатын психологиялық 
қорғану механизмі әрекеті көрсетілді; 
- психологиялық көз-қарастан ұлттық мәдениет және ұлттық мінез 
құлықты зерттеу басталып, нәтижеде ұлттық мінез-құлық белгілі бір ұлт 
өкілдерінің психологиялық ерекшелігін көрсететіндігі дәлелденді; 
- этнологияның кезекті дамуында маңызды идея – ұлттық мінез-құлық 
мәдениет құндылықтары мен тәртіп моделін бөлу мен реттеудің ерекше бір 
тәсілі екендігі сипатталды.


5 Мәдени релятивизм. Дүниежүзілік этнологияда ХХ ғ. 50 жылдары
АҚШ-пен Европада жаңа ғылыми мектептер көптеп пайда болды, соның ішінде 
мәдени релятивизмнің орны ерекше. Бұл мектеп европалық емес халықтардың 
жабайылығы мен варварлық белгілерін көрген, европалық этноцентризмге 
қарсылық ретінде пайда болды. Мәдени релятивизмнің негізгі идеясы - әртүрлі 
халықтар құрған, құрып жатқан әртүрлі мәдениеттің теңдігін мойындау және 
қандай түрде болмасын этноцентризмді оның ішінде қазірге дейін үстемдікке 
ие еувопа-американдық центризмдік абсолютті жоққа шығару. Мәдени 
релятивизмнің жақтаушылары әртүрлі мәдениеттің мәдениет үлгілері 
салыстыруға келмейді, бір масштабпен өлшеу мүмкін еместігін, себебі, бір-
бірімен теңдестіруге келмейтін әрбір мәдениет құндылықтың ерекше жүйесін
құрайды. Кез-келген мәдениет өзінше күрделі, құнды, айрықша, себебі, олар 
өздеріне бейімделген жағдайға үйлескендіктен, сондай мәдениетті тудырып 
отыр.
Релятивизмнің мұндай идеялары, яғни жекелей мәдениеттердің өзіндік 
құндылығы болатындығын алғаш айтқан Боас кезінде ақ қалыптасқан болатын. 
Оны қолдаған әрі дамытқан А.Кребер, Р.Бенедикт, М. Херсковицтер мәдени 
релятивизмнің тұжырымдамасын жасап шығарды.
Мәдени релятивизм мектебінің негізін қалаушы Боас пен Гольденвейзердің 
шәкірті – көрнекті американ антропологі Мелвидд Херсковиц (1895-1963) 
болды. Ол өзінің тұжырымдамаларын «Аккультурация» (1938), «Человек и его 
творения» (1948), «Культурная антропология» (1940) еңбектерінде жазды. Ол 
әртүрлі халықтардың мәдениетін сипаттау мен түсіндіруде этноцентризм мен 
евроцентризмге қарсы шықты. Жалпы тарихи-мәдени үдеріс әрбағытта дамыған 
мәдениеттің қосындысы. Мәдениетті өз қоршаған ортасында адам құрады, деп 
көрсетеді. Әрбір жекелей мәдениетті қайталанбайтын, әрбір халықтың өзіндік 
құндылықтар жүйесіне тән, басқа халықтар жүйесімен салыстыруға келмейтін, 
дәстүрлілігін анықтайтын ерекше модель ретінде қарастырды. Адамзаттың 
тарихын Херсковиц, өз бетінше дамыған мәдениет пен өркениет деп түсінді. 
Бұл жерде мәдениеттің динамикасы оның бірлігі мен өзгергіштігінде деп 
түсінді.
Американың антропологиялық дәстүрі бойынша, Херсковиц «мәдениетті» 
«қоғамнан» бөліп алды. Оның пікірінше, мәдениет – адам өмірінің тәсілі, ал 
қоғам белгілі өмір салтын жүргізетін ұйымдасқан, өзара ықпалдастықтағы 
тұлғалардың агрегаты. Жай сөзбен айтқанда қоғам адамнан тұрады, ал таңдап 
алған тәртібі олардың мәдениеті. Херсковицтің мәдени-антропологиялық 
концепциясындағы негізгі тұжырым «инкультурация» ұғымы, мұнда ол тұлға 
нақты бір мәдениет түріне енеді, деуі. Инкультурацияның негізгі мазмұны 
мәдениетті құратын әрекет пен ойлау ерекшелігін, тәртіп моделін меңгеруі 
болып табылады. Инкультурацияны жалпы адами өмір сүру салтын бала кезде 
меңгереді дейтін әлеуметтендіруден бөліп алып қарау керек. Ақиқатында бұл 
үдерістер қосарлана жүріп, нақты-тарихи түрде бір кезеңде дамиды және іске 
асырылады. Херсковицтің ұғымы бойынша «инкультурация» мәдени 
релятивизм қағидасының ядросы, оның мәні адам тәжірибеге негізделеді, ал 
тәжірибе әрбір тұлғаның өзіндік инкультурация ұғымымен түсіндіріледі.


Сонымен мәдени релятивизмнің негізгі идеясы әртүрлі халықтар құрған 
және құрайтын мәдени құндылықтардың теңдігін мойындау. Мұндай 
қорытынды әрбір мәдениеттің толыққанды, дербес екендігін мойындау
евроамерикандық баға жүйесінің артықшылығын жоққа шығару, әртүрлі 
мәдениетті салыстырудағы этноцентризм мен европоцентризмнен принципті 
түрде бас тарту. Мәдени релятивизмнің мәнін аша отырып, Херсковиц 3 
аспектіні: методологиялық, философиялық және практикалық аспектіні бөліп 
көрсетті.
Методологиялық аспектіде белгілі бір халық қабылдаған мәдениет – 
құндылықтар негізі екендігін тану, бұл тұлғаның өмір салтын сипаттауда 
олардың өзіндік мәдениетін көрсетуден шығады.
Философиялық аспектіде мәдени релятивизм тарихи-мәдени үдерісті 
бағалауда көп пікірлі көз-қарасты жақтайтын мәдени дамудың көпжақтылығын 
таныды. Ол бір бағытта дамудың басымдығы мен мәдени өсу кезеңдерінің 
эволюциялық ауысуы міндетті екендігін жоққа шығарады.
Практикалық аспектіде олардың өзіндік мәдени ерекшелігін сақтауда 
индустриалды өркениетке архайкалық мәдениетті енгізуді ұсынады. Сонымен 
бірге кейбір мәдениетке қол тигізуге болмайды. Херсковицтің бұл 
идеяларының біздің кезімізге тиімділігі сонда, артта қалған халықтардың өмір 
сүруінде жасанды «мәдениетті» құру, халықтың бұқаралық тозуына 
әкелетіндігін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет