Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет33/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78
Учебник Теор. этнология

Географиялық топтау этнология үшін қосымша маңызы бар. 
Классификациялаудың мұндай түрі этностарды шартты түрде аймақтарға бөліп, 
әлем халықтарының орналасуын көрсетеді. Классификациялаудың мұндай түрі 
халықтардың белгілі бір территориялық кеңістікте бірге өмір сүру сипатына
географиялық көршілестігіне негізделеді. Осындай жағдайларға байланысты 
«Кавказ халықтары», «Шығыс Европа халықтары» деген түсініктер 
қалыптасқан. Бірақ халықтардың мұндай қауымдастығы географиялық 
классификациялаудың принципі этникалықпен сәйкес келген кезде ғана 
мүмкін. Географиялық классификация халықтардың шығу тегі, олардың 
қалыптасуы, шаруашылық мәдени типі және әлеуметтік экономикалық даму 
жөніндегі сұрақтарға жауап бермейді, бірақ аймақтарға бөліп, топтауға 
мүмкіндік береді. 
Этнология ғылымында классификациялаудың бұл принципінде көбіне 
тарихи-этнографиялық бірлік деп қарастырылады.
Австралия және Мұхиттық 
аралдар халықтарын 4 тарихи-этнографиялық аймаққа бөлеміз. 1 Австралия
Тасмания, Новая Зеландия. 2 Полинезия. 3 Меланезия.4 Микронезия. Бірінші 
аймаққа: Австралия, Тасмания, Жаңа Зеландия, Кокос аралдары, Норфальк 
және Рождество аралы. Полинезияға: Шығыс Самоа мемлекеті, Кук, Мидуэй, 
Токелау, Уоллис, т.б.) Француз Полинезия мемлекеті.Меланезияға: Папуа-
Жаңа Гвинея, Жаңа Каледония, Соломонов, Фиджи аралдары. Микронезияға:
Мариан, Каролин және Маршалл аралдары, т.б. 


Бұл аймақты тарихи-этнографиялық бірлік ретінде алып қарайтын болсақ, 
Австралия екі облыстан: 1) Англо-австралиялық, территориясы материктің 
шығыс бөлігі мен жағалық зона үлесінде. Бұл аймаққа өнеркәсіптік өндіріс пен
мәдениеттің «жалпыевропалық» деңгейі сипаты тән. 2) Аборигендік-
австралиялық, материктің ішкі аудандарындағы жергілікті халықтардың 
ішінара дәстүрлі мәдениетінің сақталуымен ерекшеленеді. Аймақтар бойынша 
ерекшелік экологиялық, нәсілдік және тілдік ажыратуларға сәйкес келеді. 
Англо-австралиялық этносты құрайтын келгінді «ақ түсті» халықтар материктің 
ылғалды, қолайлы аймақтарында өмір сүреді. Олар европеоидты нәсілді құрап, 
үндіевропалық семьяның ағылшын тілінде сөйлейді. Ал, аборигенді халықтар 
австролоидты нәсілге жатып, тілі көптеген тіл семьялары мен филияларға 
(тармақтар) бөлінеді. Олардың аз бөлігі материктің ішкі құрғақты 
аудандарындағы өмірге қауіпті жағдайларда жылжымалы аңшылық-терімшілік 
өмір салтын ұстанған. Дегенмен де Австралияның жергілікті халықтарының 
көпшілігі қазіргі индустриалды қоғамның мәдениетін игере отырып 
интеграциялануда. 2. Мұхиттық аймақ жоғарыда айтқандай 3 облысты: 
Меланезия, Микронезия, Полинезияны қамтиды. Аталған аймақтардағы 
халықтардың сан жағынан басым бөлігін Европа мен АҚШ-тан келген 
үндіевропа тілінде (негізінен ағылшын және француз) тілінде сөйлейтін «ақ 
түстілер» құрайды. Аборигендері австралойдты (папуастар), монголойдты 
(микронезиялықтардың бір бөлігі) және біраз бөлігі аралас типті құрайды. 
Жергілікті халықтар арасында папуас тілі (бірнеше семьялар) және 
австронезиялық тіл семьясында (толай, чаморро, маори және т.б. 
полинезиялықтар) сөйлейді. Аборигендереінің негізгі шаруашылығы – қол 
егіншілігі, кейде кесінді шарпымалы егіншілік
және
балық аулаумен 
айналысады. Үй жануарларынан тек ит, шошқа, тауық қана таныс болса кей 
аймақтарында оның өзін көп біле бермейді.
Алдыңғы Азия елдеріне: Иран, Ауғанстан, Ирак, Иемен, Түркия, БАЭ, 
Иордания, Кувейт, Сирия, Катар, т.б. елдер жатады. Алдыңғы Азияны 
этнографтар: 1) Кіші Азия, 2) Иран-ауған, 3) Месопотамия-сириялық және 4) 
Аравиялық облыстар деп бөледі. Аймақтың территориясы таулы және тау 
жоталары мен оазистік зоналардағы шөл далалар құрайды. Халықтардың 
антропологиясы әртүрлі типтегі оңтүстік европеоидтық нәсілді құраса, тілі 
үндіевропа тіл семьясының иран тобында (пуштун, курд, иран), түркі тіл 
тобында (түріктер мен азербайжандар және т.б.) және афроазиялық семит тіл 
тобында (арабтар, еврейлер және т.б.) сөйлейді. Негізгі дәстүрлі шаруашылығы 
таулы және далалы аймақтарда көшпелі мал шаруашылығы және оазистердегі 
жыртпалы егіншілік болды.
Оңтүстік Азия аймағына: Үндістан, Шри Ланка, Пакистан, Бангладеш, 
Непал, т.б. елдер кіреді. Аймаққа негізінен Үндістан жартыаралы енеді. Оның 
территориясын таулы, тау жоталары мен ыстық белдеудегі өзен жағалаулары 
құрайды. Халқы негізінен оңтүстік европеоидты, тек солтүстік шығысындағы 
аз ғана топ монголоидты нәсілді құрайды. Тіл жағынан үндіевропа тіл 
семьясының иран (пуштун, белуджи, т.б.) және арийлер (бенгал, панджабтар, 
маратхи, т.б.) тобы, сондай ақ дравид (тамил, малаяли және т.б.), 


австроазиаттық (сантал және т.б.) және сино-тибет (нага, гаро және т.б.) 
топтарында сөйлейді. Негізгі дәстүрлі шаруашылығы – жыртпалы егіншілік, 
таулы және шөл далаларда көшпелі түрдегі мал шаруашылығы тараған.
Оңтүстік Шығыс Азия аймағына: Вьетнам, Тайланд, Лаос, Индонезия, 
Малакка, Сингапур, Филиппин, Тимор аралдары, т.б. елдер кіреді. Аймақ 
Үндіқытай жарты аралын және Индонезия, Филиппин аралдарын қамтиды. 1) 
Батысүндіқытай, 2) Шығысүндіқытай, 3) Батыс-индонезия, 4 Шығыс-
индонезия, 5) Филиппин облыстарын құрайды. Географиялық жағынан алғанда 
аймақ ылғалды тропиктік және субтропиктік зонаға жатады. Халықтарының 
барлығы монголойдты нәсілді құраса, тілдік қатынаста австроазиаттық 
(вьетнам, кхмер және т.б.), паратай (лаос және т.б.) және австронезиялық (ява, 
висайя және т.б.) тілдік семьяларда сөйлейді. Халқының негізгі бөлігінің 
дәстүрлі шаруашылығы жыртпалы ирригациялық егіншілікке, оның ішінде 
күріш өсіру басымдыққа ие, ал мал шаруашылығы көп дамымаған.
Шығыс Азия елдеріне: Қытай, Монголия, Жапония, Корея т.б. елдері 
кіреді. Бұл зона негізінен орманды тегістік пен таулы субтропикалық аймаққа 
жатады. Аймақтың халықтары түгелдей дерлік монголойдты нәсілге жатса, тіл 
жағынан- қытай-тибет (қытай, хуэй, ицзу және т.б.), австроазиаттық (мяо, 
гаошань және т.б.), алтай (маньчжур, сибо және т.б.) және паратай (чжуан және 
т.б.) тіл семьяларында сөйлейді. Ал қорей және жапон тілдері оқшай тіл тобын 
құрайды. Негізгі шаруашылығы – суармалы жыртпалы егіншілік, мал 
шаруашылығы өте әлсіз дамыған.
Орталық Азия:
Орта және Қазақстан халықтары: Өзбекстан, Қырғызстан, 
Тәжікстан, Қарақалпақстан, Қазақстан.
Африка континентінің аймақтарындағы елдерге келетін болсақ, Солтүстік 
Африка: Алжир, Египет, Ливия, Марокко, Судан, Тунис; Шығыс Африка: 
Бурунди, Жибути, Замбия, Зимбабве, Кения, Мадагаскар, Самоли, Танзания, 
Уганда, Эфиопия, т.б.; Оңтүстік Африка: Ботсвана, Намибия, Лесота, ОАР, 
т.б.; Орталық Африкаға: Ангола, Зайр, Камерун, Конго, Чад, Орталық АР; 
Батыс тропиктік елдерге: Африка-Бенин, Нигер, Нигерия, Гамбия, Гана, 
Гвинея, т.б. енеді. 
Африка континентінің территориясы екі тарихи-этнографиялық аймаққа 
бөлінеді. 1. Солтүстік-африкалық: 1) Еипеттік-Судандық, 2) Магриб-
Мавритандық облыстар. Ол негізінен Сахара шөлінің негізгі территориясын 
алып жатқанмен халқының басым бөлігі теңіз жағалауымен оазисті зонада, 
бастысы Ніл өзені бойында орналасқан. Солтүстікафрикалық халықтар 
негізінен европеойдық нәсілдің оңтүстік тармағына жатып, афразиялық тіл 
семьясының араб тілінде сөйлейді. Теңіз, өзен жағалауындағы және оазистегі 
халықтар суармалы, жыртпалы егіншілікпен айналысып, дәнді дақылдар, 
жеміс-жидек, құрма, техникалық дақылдардан мақта өсірсе, шөлді далаларда 
халықтар көшпелі тұрмыс салтын кешіп, майда мүйізді мал, түйе, есек өсірген. 
2. Тропиктік-африкалық аймақ 6 облыстан: 1) Батыс-африкалық (Батыссудан) 
үш өңірден (Атлантикалық, Гвинейлік, Судандық); 2) Батыс Тропиктік; 3) 
Шығыс африкалық; 4) Оңтүстік-африкалық, 5) Мадагаскарлық, 6) Солтүстік-
шығыс аймақтарынан тұрады. Географиялық жағынан алсақ, аймақта әртүрлі 


ландшафтты зона- тропиктік ормандар, саванналар және шөл далалар. 
Антропологиялық 
жағынан 
алғанда 
солтүстік-шығыс 
аймақтағылар 
европеойдты және негройдты нәсілдерді құрайды. Тропиктік аймақтардағы 
халықтар афразиялық тілде (амхара, тигран, оромо және т.б.); нигер-кордофон 
(баконго, фульбе, моси, т.б.), ніл-сахар (динка, нуэр, сонгай, т.б.); койсан 
(готтентоты, бушмендер, т.б.), ал Мадагаскар аралындағы малгаштар 
австронезиялық тіл семьясында сөйлейді. Дәстүрлі кәсіптері егіншілік, қол 
егіншілігі мен жыртпалы егіншілік дамып, негізінен дәнді, түйнекті 
дақылдарды көп өсірді.
Американы да аймақтар бойынша алып қарайтын болсақ, Солтүстік 
Америкада Канада, АҚШ, Гренландия, Бермуд аралы, Сен-Пьер және 
Микелон; Орталық және Оңтүтік Америка, Орталық материктік зонаға бөліне 
отырып, оған Гватемела, Гондурас, Коста-Рика, Мексика, Никарагуа, Панама, 
Сальвадор елдері, Кариб зонасына: Аруба, Богем аралы, Виргин аралы, Гайти, 
Гваделупа, Гренада, Куба, Мартиника, Пуэрта-Рико, Гренидад және Ямайка 
аралдары кіреді.Тропиктік Оңтүстік зона- мемлекеттеріне: Боливия, Бразилия, 
Венесуэла, Колумбия, Перу, Эквадор,т.б.; Қоңыржай оңтүстік зонаға :-
Аргентина, Уругвай, Чили, Фолклен аралдары кіреді. 
1. Солтүстік Америкалық аймағының территориясының оңтүстік бөлігі 
Мексика шекарасына дейін жетеді. Ландшафты әртүрлі – солтүстігіндегі 
тундрадан оңтүстіктегі субтропикалық далаға және батыстағы биік тауға дейін 
созылған. Аборигендік және келгінді халықтардың мәдениетіне сәйкес 
мынандай облыстар айқындалған: 1) Арктикалық, 2) Канадалық (үнділік, 
франко-канадалық және англо-канадалық өңірлермен ерекшеленген), 3) 
Солтүстікамерикандық (шығыстық, батыстық және оңтүстік өңірлермен). 
Аталған аймақтардағы халықтардың антропологиялық типіне келетін болсақ, 
бұл аймақтарда үш нәсілдің де өкілдері өмір сүреді. Монголойдты – барлық 
жергілікті эскимос-алеуттер мен үндістер; европеоидты – Колумбтан кейін 
қоныс аударғандар 
Европа халықтары: оңтүстік, батыс және Шығыс славяндар Болгария, 
Македония, Греция, Албания, Черногория, Чехия, Словакия, Словения, Ресей, 
Белоруссия, Украйна, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет