не этникалық ортасынан ертеде бөлініп қалған халықтар арасында жүреді.
Ұлттық болмысы: тілі, мәдениеті қалыптасқан ірі ұлттардың аз санды
халықтарды сіңіруде ассимиляциялық ықпалы зор болады. Дегенмен де
этникалық ассимиляцияның белсенділігі және
интенсивтілігі басқа да
факторлармен: халықтардың орналасу сипаты, экономикалық байланыстар,
тарихи, этнография және идеологиямен (мысалы, дін) байланысты.
Билингвизм (латынша, bi - екі + lingya -тіл) – қостілтілділік, бір кезеңде
екі не оданда көп (полингвизм) тілдерді игеру. Этникалық үдерістер үшін жеке
емес, топтық билингвизмнің маңызы зор. Билингвизмнің дамуы этностар мен
тілдердің байланысындағы өзара ықпалдастықтың пайда болуымен жүзеге
асады. Әдетте топтық билингвизм тілдік ассимиляцияға өту құбылысы ретінде
қарастырылады.
Билингвизм көпұлтты елдерде жиі көрініс табады, аз санды халық өзінің
тілінен басқа сол көп санды басым ұлттың тілін де қолданады. Мәселен, Азия
және Африка елдерінде
қостілді халықтар қалыптасқан, жергілікті тілдермен
қатарресми мелекеттік тілдер (Индияда-хинди, Пакистанда-урду, Индонезияда-
бахасиа, т.б.) кең тараған.
Достарыңызбен бөлісу: