«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 4.49 Mb.
бет5/20
Дата22.02.2016
өлшемі4.49 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Өзіндік тапсырмалар:

1. Үй тапсырмасын тексерудің түрлерін көрсету (карточка; ауызша; тест; т.б.).

2. Баға критериилерін қарастыру.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990
Семинар № 12 Тақырып : Тарих сабағынан тыс жұмыстар.

Негізгі түсініктер : сабақтан тыс жұмыстар; өлкетану жұмысы; экскурсия; олимпиада; тарихи кеш.

Мақсаты : Студенттердің сабақтан тыс уақытта оқушыларды тарихқа үйрету тарих пәніне қызығушылығын арттыру.
Жоспар :

1. Сабақтан тыс тарихи жұмыстардың негізгі ерекшелігі (сабақтан айырмашылығы).

2. Оқушылардың әлеуметтанушылық көзқарасын қалыптастыруда сабақтан тыс жұмыстардың ролі.

3. Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері.


Әдістемелік нұсқаулар : Бірінші мәселе бойынша, сабақтан тыс жұмыстардың оқушыларға қажеттілігімен тарихи білімге деген қызығушылықты арттыру жолдарының тәсілдеріне тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, оқушылардың әлеуметтанушылық көзқарасын қалыптастыруда сабақтан тыс жұмыстардың ролімен тарихи танымдық маңызын әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйеніп дәлелдеу қажет. Үшінші мәселе бойынша, сабақтан тыс жұмыстардың түрлеріне мінездеме беру қажает. Өлкетану жұмыстары. Тарихи кештер мен тарихи ұйымдарды жүргізу. Тарихи олимпиадалар. Тарихи ғылыми ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың әдістеріне тоқталып, қамтып кету қажет.
Әдебиет :

1. Ысқақов.Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру».//Қазақстан мектебі, Алматы, 1987 № 1

2. Әмірханов С. Негізгі ұғымдар қалыптастыру, //«Қазақстан мектебі», 1987 ж. № 1

3. Толеубаев К.М. 10-11 сыныптар үшін «тәрбие сағаттарын өткізу». «Қазақ тарихы», А. 1998 ж № 13

4 . Құсайынов Р. «Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті қандай болуы керек», Қазақстан мектебі, 1991 № 12 3-5 бет.
Семинар № 13 Тақырып: Тарих мұғалімі

Негізгі түсініктер: маманданған талаптар; мұғалімге жеке тұлғалық талаптар; педагогикалық еңбек; педагогикалық шеберлік; біліктік.

Мақсаты: тарих мұғалімінің мінездемесі. Жалпы қойылатын талаптар. Тарих мұғалімінің мамандық қасиеттерін қалыптастыру жолдары.
Жоспар :

1. Педагогикалық еңбектің структуралық мінездемесі:

а)Құрама компонет;

б)Жорамалды компонент;

с)Сараптамалы компонент;

д)Ақпаратты компонент;

е)Ұйымдастырушы компонент;

ф)Байланыс компоненті.


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, педагогикалық еңбектің структуралық мінездемесі:

а)Құрама компонет;

б)Жорамалды компонент;

с)Сараптамалы компонент;

д)Ақпаратты компонент;

е)Ұйымдастырушы компонент;

ф)Байланыс компоненті;

Аталған алты компанентің әр қайсысына жеке – жеке әдіскер – тарихшылардың тә-жірибелерімен еңбектерінің негізінде нақты мысалдар келтіріп, жауап берумен қатар мә-селеге қатысты өзіңнің пікіріңді білдіре кеткен жөн.


Семинар №14 Тақырып: Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.

Мақсаты:Қазақстандық отаншылдыққа,ұлтжандылыққа ,елжандылыққа тәрбиелеу.Қазақстандағы барлық халықттарды достық қатынасқа тәрбиелеу.
Жоспар:

1.Бүгінгі оқушы ертеңгі маман

2.Жастар- қоғамның болашақ құрылысшылары

3.Оқушылардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастырудағы қоғамдық пәндердің ролі


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, бүгінгі оқушы - ертеңгі маман. Сон-дықтан оқушы бойында жоғарғы идеялык, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру оларды өмірге, еңбекке дайындауға оқытудың негізгі формасы сабақтың, әрбір пәннің мүмкіндіктерін барынша толык пайдаланудың әдістемелік жолдарына тоқталу.

Екінші мәселе бойынша, өзінің мазмұн ерекшеліктеріне, оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен оқыту әдістеріне қарай әрбір пәннің алдында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру міндеті тұр.

Үшінші мәселе бойынша, жастар-қоғамның болашақ құрылысшылары. Қоғамның тағдыры солардың қолында. Ендеше, жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау-аса маңызды міндет. Ұлы ғұлама ғалым әл-Фараби айтқандай «тәрбиесіз білім адамзат жинаған құндылыққа зиянын тигізеді» – деген ұлағатты сөздердің мәнін аша оты-рып, тарих пәнінің тәрбиелеушілік мол мүмкіндігінің әдіс-тәсілдерінің озық тәжірибеле-рін таңдаудың жолдарын ұсына отырып, өз пікіріңді білдіре кету жөн.
Әдебиет:

1. Е.Қайкенов.Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие. № 8.2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 13-19 б.

2. Ө.И.Исенов .Мектепте тарих сабағын оқытуда оқушылардың азаматтық позициясын қалыптастыру//"Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында мұғалімдердің біліктілік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары'Ғылыми- әдістемслік конференция материалдары3 ақпан Қостанай, 2005109-112 бб

3. «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.

4. Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.

5. Р.Б.Бекмағамбетова., Ө.И.Исенов. Студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеуде тарихи-географиялық танымдық ойын технологиясын қолдану жолдары //Академик Зұлқарнай Алдамжардың туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірбиелікконференциясының материялдары.Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми хабаршысы. №4 желтоқсан. 2007. 20-26 бб.

6. Ө.И.Исенов .Тарихи жыр-дасатандардағы ұлттық мұраттар //басылым Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы. Қостанай, 2006. Қаңтар №1(3). 109-112 бб
Семинар № 15 Тақырып : Сабақты талдау.

Мақсаты: Сабақты талдауға үйрету, өзіндік талдау жасай білу.
Жоспар:

1. Педагогикалық сараптама функциясы мен түсінік түрі

2. Педагогикалық сараптаманың түрлері.

3. Сараптама әдісі.


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, педагогикалық сараптама функциясы мен түсінік түріне тоқталып кету қажет. Екінші мәселе бойынша, педагогикалық сараптаманың түрлерін анықтап оларға сипаттама беру керек. Үшінші мәселе бойынша, сараптама әдісі бойынша Әбдіғұлова Бағлан Қапарқызы сияқты әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып,сараптама әдісі оған қойылатын талаптар мен жаднамалар хақында түсінік берумен қатар мәселеге қатысты өз пікіріңді білдірген де жөн.
Әдебиет :

1. Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990

3. Ысқақов.Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру».//Қазақстан мектебі, Алматы, 1987 № 1


Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша мултьимедиялар:
Видеокассеталар:

1. Овчинникова В.И. «Продуктивное обучения» 70 мин.

2. Артемова Е.И. «Модульное обучения на уроках истории» 45 мин.
Компьютерлік оқулық:

1Қазақстан тарихы 2 бөлім


Практикалық сабақ:

1. 5-7 сыныптағы аралас сабақтың 1,2 этапын талдау.

2. Жоғарғы сыныпта өткізілетін сабақ түрлерін талдау.

3. Жаңа сабақ түрін дайындау.



5. Тарихты оқыту әдістемесі пән бойынша терминдік түсініктер.

«Инновация» (латынша ind-novus - жаңашылдық) көптеген ғалымдар мен

педагогтердің пікірінше, «жаңалық еңгізу» болып табылады. М. Поташник барлық түсініктерін талқылай отырып: «...жаңалық еңгізу – бұл құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, оқу бағдарламасы және т.б.), ал «инновация» - бұл осы құралдарды игеру үрдісі деп анықтама береді.



«Жаңашыл» сөзі орыс тілінде – жақсартушы, «жаңаландырушы» аналогыда мағынасы бар. Бұдан шығатын қорытынды: жаңашылдық – бұл бұрыннан бар нәрсеге жақсартулар, өзгерістерді еңгізу. Қазіргі уақытта «педегогикалық технология» психологиялық – педагогикалық әдебиетте ең көп таралған және қолданылатын ұғым.

Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, өндеу тәсілдерінің жиынтығы, қалыпты өзгерту (В.М. Шепель).

Педагогикалық технология - әлеуметтендіру мен оқытудың түрлерін, әдістерін, құралдарын, тәсілдерін үйлестіретін, тәрбиелеу амалдарын анықтайтын психо – педагогикалық құрылымдардың жиынтығы, ол педагогикалық барыстың құралы болып табылады. (Б.Т. Лихачев.).

Педагогикалық технология – оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі. (В.М. Монахов)

Педагогикалық технология дегеніміз – оқыту үрдісін жүзеге асырылатын мазмұнды техника (В.П. Беспалько).

Педагогикалық технология дегеніміз – оқытуды жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы. (И.П. Волков).

Кәсіби- бағдарланған технологиялар – оқытудың кәсіби бағыттылығы есепке алынған және болашақ мамандардың қызығушылығына, бейімі мен қабілетіне бағдарланған педагог пен студенттің психологиялық, жалпыпедагогикалық, дидактикалық тұрғыдан өзара іс- әрекетінің жүйесі.

Құрылымдық – логикалық технологиялар – оқыту жүйесін кезең бойынша ұйымдастыру, сол арқылы әрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін және құралдарын сәйкестендіріп таңдап алуды, нәтижелерді, кезең бойынша диагностикалауды есепке алу негізінде дидактикалық міндеттерін қою мен шешудің логикалық ьірізділігін қамтамасыз ету.

Интеграциялық технологиялар – бұл курстар , оқу тақырыптары, оқу проблемалары және басқа да оқытуды ұйымдастыру формалары деңгейінде әртүрлі пәндік білім, білік, дағдының интеграциясын қамтамассыз ететін дидактикалық жұйелер.

Ойын технологиялары – оқу -тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындарды қолдануда көздейтін дидактикалық жүйелер.

Тренинг технологиялары - белгілі бір шешімдерді орындауға бағытталған дидактикалық жүйелер.

Ақпараттық – компьютерлік технологиялар – ЭЕМ- дер мен олардың желілері, әсіресе дербес компьютерлер арқылы ақпаратты алуды, қайта жасауды, жеткізуді, сақтауды және пайдалануды көздейтін дидактикалық жүйелер.

Проблемалық оқыту технологиялары –оқытудың эвристикалық әдістерін пайдалану арқылы оқу проблемаларын және жағдаяттарын шешуге бағытталған деалектикалық жүйелер.

Диалогтық технологиялар – оқытушы мен студенттің өзара іс-әрекетінде деалогтық ойлау негізге алынатын ұйымдастыру формасы мен оқыту әдісі.

Оқытудың ұжымдық формасы – сыныптағы 25 – 30 оқушыны бір мұғалім оқытады. Қалыптасқан дәстүрлі сабақ құрылымында оушылардың1/3 білім ала алмайды. Жаңа оқу материалын негізінен мұғалім өзі түсіндіреді , пысықтау кезінде 3-4 , кейде 7-8 тәуір оқитын оқушылар қанағаттанарлық жауап береді. Келесі сабақта жауап беретін сол оқушылар. Мұндай сабақта шәкірттердің үштен бірінің қанағаттанарлық білім ала алмайтын ұстаздардың бәрі біледі. Өйткені олармен міндетті білім меңгертуге бағытталған жұмыс жүргізілген жоқ. Осы проблеманы зерттеумен шұғылданған авторлар (В.К. Дьяченко, Ғ.М. Құсайынов, т. б.) сыныптағы барлық оқушыға бүгінгі оқу материалын толық меңгертуді міндет етіп қойған.

Проблемалық оқытудың технологиясы дұрыс, тиімді қолданылған кезде оқушылардың ойлау – таным қызметін дамытуға, өздігінше жұмыс істеу біліктерін қалыптастыруға, қоршаған ортада болып жатқан қоғамдық – саяси өзгерістерге өздігінше баға беруге жаттықтырады. Проблемалық оқытуды дұрыс ұйымдастыру үшін проблемалық ситуация туғызу керек.

Модульдык оқыту технологиясының ерекшелігі - оқулықтағы оқу материяның құрылымы үнемі сәтті бола бермейді, соның салдарынан тақырыптың оқу мақсатын жобалауда, нәтижеге жету де қиындық туғызады. Бір модульде дәстүрлі сабақ, лекция, семинар, қорытып – қайталау сабағы болу мүмкін. Басты дидактикалық мақсат - әрбір оқушының жоспарлаған нәтижеге жетуін қамтамассыз ету.

Дамыта оқыту тарихты оқытуда көп уақыттан бері пайдаланылып келеді. Оларды дұрыс, тиімді пайдаланған уақытта оқушылырдың ойлау, таным қызметін ойдағыдай дамытуға, шығармашылықпен өздігінше жұмыс істеу біліктерін жетілдіруге мүмкіндік туады. Тарихтағы әр кезенде болған ұқсас тарихи оқиғаларды, құбылыстарды салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, айырмашылықтардың болу себептерін анықтау сиақты тапсырмалар бұған өте қолаилы. Тарихтағы жеке көрнекі қайраткерлердің атқарған қызметін толық ашып көрсету, оларға өздігінше баға беру сиақты тапсырмалар да осындай сипаты бар жұмыс түрлеріне жатады.

Этнопедагогикалық мәліметтерді пайдалану техналогияларына келетін болсақ алдымен тарих пәнін бүкіл адамзаттың тарихи екенін, оның көп қырлы, жан-жақты ғылым екенін ескеруіміз керек.
6. Студенттің өз бетімен игеретін өзіндік жұмыс жоспарлары: /45 сағат/

Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің семинар сабақтарының тақырыптық жоспары.

/ Күндүзгі оқу бөлім /






Тақырыптар

СӨЖ

1

Оқулықтардағы дидактикалық материалды талдау.

15

2

Әдістер және әдістік тәсілдер.

15

3

Оқу процессін ұйымдастыру. Жұмыс құжаттарын қорғау және жобалау.

15




Барлығы

45



Студенттің өз бетімен игеретін өзіндік жұмыс тақырыптары
1 тақырып : Оқулықтардағы дидактикалық материалды талдау. / 15сағат/

Мақсаты : Оқулық материалдарын практика жүзінде құрастыруға үйрену.
Жоспар :

1.Тарих оқулықтарын сараптау

2. Мектеп оқулығы мен бағдарламаның сәйкестігін анықтау

3. Оқу материалдарын логикалық, жүйе түрінде орналастыру


2-тақырып: Әдістер және әдістік тәсілдер. / 15 сағат/

Мақсат: Оқыту әдісі түсінігін анықтау, оқыту әдістерінің класссифкациясын қарастыру.

Жоспар:

1.Оқудың әдістері туралы ұғым.

2.Тарихты оқытудағы ауызша сөздің ролі. Ауызша баяндаудың түрі.

3.Тарихты ауызша оқытудағы әңгіме, әңгімесінің түрлері, оған қойылатын талаптар.

4.Тарихты оқытуда баспа текстерінің ролі. Тарих оқулықтарымен жұмыс.

5.Тарихи деректердің түрлері және тарихи деректерді оқып үйренудің тәсілдері.

6. Жас шамалары әртүрлі сыныптарда кқөркем әдебиетпен жұмыс жасау.
3 Тақырып : Оқу процессін ұйымдастыру. Жұмыс құжаттарын қорғау және жобалау. /15 сағат/

Мақсаты: Сабақтың технологиялық картасын құрастыру. Сабақтың мақсаты мен түрін келтіру. Сабақтың күнтізбелік жоспарын құрастыру. Оқушылардың белсенділігін арттыру.
Өз бетімен орындайтын практикалық тапсырмалар:

Жоспар:

1. Техналогиялық картаны қорғау.

а) Сабақтың мақсатын, түрін, құрылымын анықтау.

б)Оқыту әдісін теңдеу және оқушылардың қабылдау қабілетін байқау.

2. Күнтізбелік жоспарды құрастыру және қорғау.

а)Сабақтың құрастырылуын, мақсатын, түрін белгілеу.

б)Қолданатын әдістеріді сабақтың тақырыбымен байланыстыру.

с)Оқулық материалын құрастыру.

д)Оқушылардың танымдылық іс – шарасын арттыру.

3. Сабақтың түрін құрастыру, қорғау.

а)Сабақтың түрін таңдап, сәйкес сабақ құрастыру.

б)Сабақ этаптарын нақты белгілеу.

с)Оқушылардың білімділік қасиетін сабақтың барлық этаптарын сақтау.

7. Студенттің оқытушының басшылығымен игеретін

өзіндік жұмыс жоспарлары:

/ 45 сағат/



Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің студенттің оқытушының басшылығымен игеретін тақырыптық жоспары.

/ Күндүзгі оқу бөлім /






Тақырыптар

СОӨЖ

1

Тарих бойынша мектеп оқулықтарының сипаттамасы, олардың құрылымдық міндетіне талдау жасау.

8

2

Оқудың дидактикалық /өсиеттік/ құралдарына жалпы сипаттамасы

12



3

Тарихты оқытудағы пәндік ішкі және пән аралық байланыстар

10


4

Тарихты оқытудағы ұйымдастырудың түрлері.


5

5

Тарихты оқыту процесінде оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексеру мен бағалаудың жүйесі.

5

6

Әдістер және әдістік тәсілдер.

5




Барлығы

45



І. Тақырып: Тарих бойынша мектеп оқулықтарының сипаттамасы, олардың құрылымдық

міндетіне талдау жасау. /8 сағат/



Мақсат: Тарих оқулыққа негізгі талаптарды анықтау
Жоспар:

1. Қазіргі кездегі мектептік тарих бағадарламаның мазмұны мен құрылымының негізгі бөлімдері.

2. 5 сынып бойынша Отан тарихының оқулықтың құрлысы мен міндеттері.

3. Әлем тарихы курсының құрлысы мен міндеттері.

4. Орта ғасырдағы дүние тарихы.

5. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. 7-сынып.

6. Жаңа заман тарихы. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы. 9 сынып.

7. Қазіргі заман тарихы және Қазақстан тарихы. 9-11 сынып.


Әдебиет.

1. Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары. Тарих 5-11 сынып. Алматы, «Рауан» 1992.



2. Оқулықтар. /5-11/ сынып.
2-тақырып: Оқудың дидактикалық /өсиеттік/ құралдарына жалпы сипаттамасы. /12 сағат/

Мақсат: Дидактикалық құралдрының сипаттамасын беру, осы құралдардың тәжірбие түрде пайдалану.

Жоспар:

  1. Тарихты оқыту құралдарының психологиялық мүмкіндіктері.

  2. Оқудың баспалық құралдары.

  3. Оқытудың көрнекі құралдары.

  4. Тарихты оқыту құралдарын таңдап алудың өлшемдері.


3-тақырып: Тарихты оқытудағы пәндік ішкі және пән аралық байланыстар. /10 сағат/
Жоспар:

  1. Пәнаралық байланыстардың дидактикалық /өсиеттік/ мәні.

  2. Тарих курстарының пәнаралық байланыстары мазмұның негізгі жақтары.

  3. Байланыстың бағыттары-ретроспективтілік/ өткенге көз жіберушілік/ тура келушілік болашақтық.

  4. Оқушылардың іскерліктері мен дамуын қалыптастыру процесін басқаруда пәнаралық байланыстарды ескеру қажеттілігі.

  5. Мұғалімнің және материалды баяндау барыснда, оқулық текстімен көрнекті құралмен жұмыс процесінде пәнаралық тәсіл.

  6. Пәнаралық және пәндік ішкі байланыстарды іске асырудың методикалық тәсілдері мен құралдары.


4-тақыпып: Тарихты оқытудағы ұйымдастырудың түрлері. /5сағат/

Мақсаты: Тарих сабақтарының түрлерін көрсету, әр сабақты ұйымдастыра білу.
Жоспар:

  1. Сабақ- мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі түрлері.

  2. Қазіргі кездегі тарих сабағына қойылатын талаптар.

  3. Әрбір сабақ пен сабақтар жүйесінің білімберушілік тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары.

  4. Сабақтар дидактикалық /өсиеттік/ жабдығы.

  5. Тарих сабақтарының түрлері.

  6. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, тақырыпты жоспарлау.

  7. Жоғарғы кластарға семинар және практикалық сабақтар.

  8. Сабақты бағалаудағы өлшемдері.

  9. Оқулық экскурсиялар, конференциялар мен зачеттар оқу тәрбие процесінің өзіндік ерекше түрлері.


5-тақырып: Тарихты оқыту процесінде оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексеру мен бағалаудың жүйесі. /5сағат/

Мақсат: оқушылардың білімдерін бағалауғауына мінездеме беру.

Жоспар:

  1. Оқушылардың білімдері мен іскерліктері үнемі тексеруімен бағалаудың мақсаттары мен міндеттері.

  2. Тарихи білімдерді тереңдету, жүйеге келтіру, қортындылау, сабақ сұрау барысында танымдық білімдер дамыту.

  3. Оқудағы бақылаудың әдісі.

  4. Жаңа материалды оқып-үйрену біліктерді тексеру мен пысықтау.

  5. Оқушылардың білімдері мен біліктерін бағалаудың түрлері мен өлшемдері.

  6. Емтихандарды ұйымдастыру және өткізу.


6-тақырып: Әдістер және әдістік тәсілдер. /5сағат/

Мақсат: Оқыту әдісі түсінігін анықтау, оқыту әдістерінің класссифкациясын қарастыру.

Жоспар:

  1. Оқудың әдістері туралы ұғым.

  2. Тарихты оқытудағы ауызша сөздің ролі. Ауызша баяндаудың түрі.

  3. Тарихты ауызша оқытудағы әңгіме, әңгімесінің түрлері, оған қойылатын талаптар.

  4. Тарихты оқытуда баспа текстерінің ролі. Тарих оқулықтарымен жұмыс.

  5. Тарихи деректердің түрлері және тарихи деректерді оқып үйренудің тәсілдері.

  6. Жас шамалары әртүрлі сыныптарда көркем әдебиетпен жұмыс жасау.

8. Студент білімін бағалау нәтижесі
Бағалау әрбір тапсырма нәтижесінің қорытындысы бойынша анықталады:

- аралық бақылау мен білім деңгейі, пәнді меңгере білуі;

- лекция басында және барысындағы бекіту сұрақтары;

- семинар сабақтарында негізгі түсініктер мен заңдылықтарды игеру;

- семинар (ОБСӨЖ) сабақтарында тәжірибелік тапсырмаларды орындауды игеру.
І. Рейтинг балдарын бақылау бойынша анықтау




Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Балл қою

1


емтихан

Қорытынды бақылау

40

Аралық бақылау

5+5

Кезекті бақылау

50







Барлығы

100

Аудиториялық сабақтар төмендегідей анықталады:

лекция – 30 сағат;

семинар – 15 сағат;

барлығы – 60 сағат.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет