Бақылау түрі мен формасына қарай балл қою:
1 ескерту. Семестр қорытындысы бойынша тиісті баға алып, 30 балл жинаған студент емтиханға жіберіледі. Емтихандағы тиісті баға 20 балл.
2 ескерту. Қалдырылған практикалық сабақтар орындалған жұмысты қорғау арқылы өтеледі.
9.Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды өткізу кестесі:
Ағымдағы бақылауапта сайын өткізіледі.
Аралық бақылау –7-8 апта,екіншісі – 14 -15 апта
Қорытынды бақылау (емтихан) –15 апта
10. Емтихан сұрақтары.
1. Тарих пәнінің мақсаты мен міндеті.
2. Күнделікті сабақ жоспары.
3. Қазіргі мектептің тарих беру бағдарламасының жүйесі.
4. Сабаққа қойылатын талаптар
5. Сабақтан тыс тарих пәні бойынша жұмыстар.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану түрлері. Тақырыптық көрнекілік.
7. Сабақта көрнекілікті жоспары, компоненттері.
8. Оқулықта берілген суреттермен сабақта жұмыс.
9. Тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақ – тапсырмаларды құрастыру.
10. Тест сұрақтарын құрастыру.
11. Тарих сабақтарында, тарихи анықтамалардың ролі, қолдану жүйесі.
12. Сабақтың мақсаттары (3 бағыт). Мақсат қою талаптары.
13. Тарих пәнінін мұғалімі және оған қойылатын талаптар.
14. Ежелгі тарихта, әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды анықтауына тапсырмалар құрастыру.
15. Тарихи құжаттар және олармен жұмыс жасау жүйесі.
16. Тарихи білімнің ролі. Тарихи білімнің компоненттері (көрініс; түсініктер; заңдылықтар).
17. Тарих сабағында кеңесудің ролі. Кеңесудің түрлері.
18. Тарих сабағында сұрақ пен тапсырмаларды қолдану жүйесі.
19. Оқушылардың оқытуда дамыту тапсырмаларының ролі.
20. Тарих сабақтарында әдеби шығармаларды қолдану түрлері, әдеби шығармалардың –тәрбиелік, дамыту, оқыту ролі.
21. Тарихи тұлғаның мінездемесін беру.
22. Тарих сабақтарының түрі мен типтері.
23. Тарихты оқытуда ауызша сөздік ролі.
24. Тарихи фактілер және олармен сабақта қолдану жүйесі.
25. Қазіргі кездегі тарих сабағына қойылатын талаптар.
26. Сабақтың бірінші этапын ойластыру.
27. Оқушылардың біліктілігіне мінездеме беру.
28. Тарих оқулығының жұмыс жасау жүйесі, талаптары.
29. Сабақта сараптамалық жұмыс жасау. Сараптамалық түрлері.
30. Хронологиялық, синхрондық кесте сызу, анықтамасын беру.
31. Дәстүрден тыс сабақтардың анықтамасы, түрлері, т.б.
32 Оқушылардың білімін тексеруде қойылатын талаптар (сұрақтар мен тапсырмалардың түрі).
33. Оқыту процессіндегі этаптардың мінездемесін беру.
34. Сабақта қолданатын кесте түрлері; кестенің анықтамасы.
35. Сабақ барысында тарихи көріністер арқылы тарихи білімді қалыптастыру.
36.«Білім туралы»ҚР заңы.
37.Модуль технологиясымен оқыту.
38. ТОӘ курсының мақсаты мен міндеті.
39. Тарихи білімнің қазіргі кездегі мінездемесі.
40. Негізгі ТОӘ курсының түсініктемелеріне анықтама беру (пропедевикалық курс; оқулық; факт; түсінік; заңдылық).
41. Қазіргі тарих оқулығына мінездеме беру.
42.ТОӘ курсының қалыптасуы мен дамуы.
43. ТОӘ ғылым ретінде атқару міндеті, мақсаты
44. Мектептік тарихи білімінің қалыптасуы және даму
45. ҚР қазіргі таңдағы білім жүйесі мен структурасы.
46.Терминалогиялық сөздіктер түрлері.
48. Тарихи түсініктер. Оқулықтағы материалдан түсініктерді анықтау, талдау жолдары.
49.Мектептік тарих бағдарламасына сараптама беру.
50.Оқыту дың оқулықтағы ролі, оқулыққа қойылған талаптар.
51. Оқулықтың мазмұнына сараптама беру.
52. Қазақстанның ХХ-ХХІ ғ. басындағы оқу жүйесі
53.Қазақстан тарихы курсы бойынша қолданатын қосымша құралдар (хрестоматия, әдебиет, техника құралдары) дидактикалық материалдар.
54.Тарихи білімнің структурасы
55. Тарихтағы фактілердің ролі
56. Тарихи білімді қалыптастырудағы кезеңдері.
57.Оқушылардың тарихи процесс заңдылықтарын ұғынуын қалыптастыру.
58. Тарихи көріністердің түрлері мен оның тарихи білімді қалыптастырудағы ролі
59. Тарихи көріністерді қалыптастыру әдісі
60. Тарихи кезең, тарихи оқиғалар жөніндегі көріністерге сипаттама беру.
11. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.М. Қозыбаев, т.б. Қазақстан тарихы. 9 сынып. Алматы «Мектеп»2005,-248 бет.
2. Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.
3.Тұрлығұлов Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары», Алматы, 1984.
4. Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990
5. Ысқақов.Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру».//Қазақстан мектебі, Алматы, 1987 № 1
6. Ақназаров Б.С. Методическая разработка к практическим и лабороторным занятиям по методике преподования истории казахстана, Алматы,1997.
7. Аманжалов Қ. «Қазақ ССР тарихын оқытуда көркем әдебиет пайдалану», Алматы, 1971 ж.
8. Әмірханов С. Негізгі ұғымдар қалыптастыру, //«Қазақстан мектебі», 1987 ж. № 1
9. Қасымбаев Ж.К. «Тарихты талғаммен оқыт».//«Ленин жас», 1990 ж. 18 қазан.
10. Қасымбаев Ж.К. Қазақстан тарихын оқыту туралы кейбір ойлар, «Қазақстан мектебі», 1989,9 б, 40-43 б.
Қосымша:
11. Құсайынов Р. «Туған өлке – туған қазына», Қазақстан мектебі.// 1991 №6.
12. Толеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғарғы курс студентінің оқу тәрбиелік практикасын өткізу және ұйымдастыру. Әдістемелік талқылама.// Алматы, 1997.
13. Сарсекеев Б.С. «Задания для самостаятельной работы учашихся по истории Казахстана», Алматы, 1991.
14. Толеубаева К. М. Отаншылдық рухы әлсіремесін десек.//Қазақ тарихы, Алматы, 1998., № 2.
15. Толеубаева К. М. 10-11 сыныптар үшін тәрбие сағаттарын өткізу, «Қазақ тарихы», Алматы, 1998. №3.
17.А.А. Бейсенбаева. Пәнаралық байланыс негізінде оқу працесін ұйымдастыру. Алматы,1995,-117бет.
18.А.А. Бейсенбаева. Мектептегі оқу тәрбие процесіндегі пән аралық байланыс. Алматы, 1991,-16 бет.
19.Н.А. Оразақынова. Пәнаралық байланыс оқу- тәрбие жұмысын жетлдірудің бір жолы. Кандидаттық диссертация. Алматы,1993.
20.Ж.Қасымбаев. Қазақстан тарихы.8- сынып.Алматы «Мектеп»,2004,-248 бет.
22.Г. Шолпанқұлова. Пәнаралық байланыс негізінде оқыту тиімділігі.//Ұлағат.2002,№6, 17-18 бет.
23.Г. Шолпанқұлова. Педагогика ғылымында пәнаралық байланыс дамуының теориялық негізі.// Ұлт тағылымы. 2005,№3,102-106 бет.
24.Е. Әуелбеков. Пәнаралық байланыс және оқушылардың дүниетанымы.// Қазақстан мектебі. 2004,№2,49-51 бет.
25.І.Есенберлин. Көшпенділер. Алматы «Атамұра»,2003.
26.Р.Б.Бекмағамбетова., Ө.И.Исенов .Студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеуде тарихи-географиялық танымдық ойын технологиясын қолдану жолдары //Академик Зұлқарнай Алдамжардың туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конференциясының материялдары.//Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми хабаршысы. №4 желтоқсан. 2007. 20-26 бб.
27.Ө.И.Исенов .Тарихи жыр-дасатандардағы ұлттық мұраттар //басылым Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы. //Қостанай, 2006. Қаңтар №1(3). 109-112 бб
28.Ө.И.Исенов . Мектепте тарих сабағын оқытуда оқушылардың азаматтық позициясын қалыптастыру//"Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында мұғалімдердің біліктілік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары'Ғылыми- әдістемслік конференция материалдары3 ақпан Қостанай, 2005109-112 бб
« Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.
29.Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.
30.Ө.И.Исенов .Орыс патшасының қазақтарды "сауаттандыру қамқорлығы" саясатының тарихи мәні (XVIII ғ. II жартысы). //Материалы республиканской научно-практической конференции. "Творческое наследие Ахмета Байтурсынова и современность" посвященная 130 летию со дня рождения А.
31.Ө.И.Исенов .Оқыту жүйесіндегі тестілік бақылау және тест құрастыруға қойылатын талаптар «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » //Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.
32. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д.Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224 с.
32.С. Тайшығанова,Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.15-18 б.
33.Т. Хазіретәлі Жоғарғы сыныптардағы оқу сабақтары.// №3.2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.
34.Е.Қайкенов. Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.//№ 8 . 2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 13-19 б.
12. К у р с т ы ң с а я с а т ы :
Елбасының жыл сайынғы жолдауларында білім беру стратегиялық маңызы зор сала ретінде аталады. Қазіргі күн сайын жаңарып келе жатқан қоғамда өзгелермен иық тірестіріп қатар тұрып, батыспен байыпты сұхбат құрып, шығыспен шынайы қатынас орнатып, түстіктегі жұрттармен тең сөйлесе алатын іргелі ел болуымыз білікті мамандарға тәуелді екендігіне тағы да көз жеткіздік. Ал білікті маман дайындау- білім берудің моделіне, құқықтық базасына тікелей байланысты.
Еліміздегі балабақшалардан бастап, орта білім беретін оқу орындарына дейін жас ұрпақтың бойында ұлттық дүниетаным мен діл мәйегін сіңіріп, оларды нағыз отаншылдық рухта тәрбиелеп өсіруге қажетті осы заманғы оқу құралдары мен технологиялардың жетістігін пайдалана білу шеберлігіне дағдылану.Бүгінгі қоғамның сұранысына орай, білім мазмұнын қалыптастырып игеру. Білім беру жүйесін дамыту мен оның техникалық жетістіктерін меңгере білумен кәсіби шеберлік дағдыларын нығайтуға ерекше көңіл бөліну.
- Отандық тарихты оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі мазмұнын, оның гуманитарлық білім жүйесіндегі орнын тану;
- Тарихи ойлау мен тұжырым жасап өз пікірін, көзқарасын білдіретін сауаттылық пен мәдениетін игерту;
- Ұлттық тарихи құндылықтар мен мұраттарымызды танып біліуге үйрету;
- Этикалық және құқықтық қатынастар жүйесінің аясында оқушылар мен қарым-қатынас жасау мәдениетін сіңіру;
- Болашақ мамандығын жақсы меңгерген шеберлік дағдыларын жетілдіру барысында ізденгіш еңбек қорлық дағдысын қалыптастыру;
13. Тәртіп пен өзін өзі ұстау этикасының саясаты
- Сабаққа кешікпей қатысу.
- Сабақ үстінде сағыз шайнауға болмайды.
- Сабақ үстінде газет-журнал оқымау.
- Сабақ үстінде айнаға қарамау. (қыз балалар)
- Сабақ үстінде артық сөйлемеу.
- Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру.
- Сабаққа тиісті киіммен келу.
- Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу.(сабақтан тыс уақытта)
- Берілген тапсырма орындалмаса, қорытынды балыңыз кемиді.
- Оқу процесіне белсенді қатысу.
- Курстастарыңа, оқытушыға іззетті, ашық бол.
- Бағалау саясаты обьективтік принциптерді икемді жоғары саралауда негізделеді.
- Әрбір сабаққа міндетті дайындық:
- Берілген тапсырмаларды оқып меңгеру.
- Барлық тапсырмалар уақытылы қойылған мерзімінде орындалуға тиіс.
- Сабақты жіберген жағдайда барлық өтілген тапсырмаларды орындауға жауаптысыз.
- Егерде жіберілген сағаттар саны дәлелсіз болса (ауырмасаңыз немесе басқа да дәлелді себептердің анықтамасы болмаса) кредит сағат санының курс бойынша екі есеге артса, біз сізді курстан қалдырамыз.
- Сіз барлық топтың оқуына септігіңізді тигізуге тиістісіз.
- Сіз өзіңіздің оқуыңызға ден қойып жақсы білім алуға талапты болуға тиістісіз.
- Оқу жылы барысында өзіңізге тиісті міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауға тиістісіз.
- Оқу процесіне сіздің тек келіп кетуіңіз емес, сапалы қатынасыңыз маңызды екенін естен шығармаңыз.
Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша курстық жұмыс тақырыптары.
1. Кіріспе. Тарихты оқытудың қалыптасуы.
2. Тарихты оқытудың әдстемесінің мақсаты.
-
Тарихтьітарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен әдістемесі
-
Тарихты оқытудың тәсілдері
-
Тарихты оқытуда көрнекті кұралдарды пайдалану
-
Тарихты оқытуда компьютерлік құралдарды пайдалану
-
Тарихтыоқытуда тарихи құжаттар мен мәліметтерді пайдалану
-
Тарих пәні мұғалімінің рөлі
-
Антикалық ежелгі дүние тарихын оқытудың ерекшеліктері
-
Орта ғасырлар тарихын оқытудың ерекшеліктері
-
Тарихты оқытуда көркем әдебиеті пайдалану әдістері
-
Қазақстан Республикасы тарихын оқыту әдістемесі
-
Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық тарихын оқыту әдістемесі
-
Қазақстанның жаңа және жаңаша оқыту әдістемесі
-
Қазақстан тарихын оқытуда жаңа технологиялық мәліметтерді пайдалану
-
Қазақстан тарихын оқытуда кино- фото құжаттарын, баспа материалдарын пайдалану
-
Қазақстан тарихы пәнін жүргізудегі бүгінгі талап
-
Пән мұгалімінің нормативтік құжаттары оларды пайдалану әдістері
-
Бүгінгі ақпарттағы - Білім:көкейкесті мәселелер, ұсыныстар, тәжірбиелер.
20 Қазақстан Респубилкасы Білім беру жүйесі.Білім беру жүйесінің міндеттері
-
Қазақстан Республикасы Білім беру ұйымдары
-
Оқу- тәрбие процесін ұйымдастыру
-
Білім туралы кұжаттар
-
Білім беру бағдарламалары
-
Білім берудегі балалар мен жасөспірімдерге арналган қосымша дамыту бағдарламалары
-
Жалпы және кәсіптік білім беру
-
Білім деңгейлері. Мамандардың біліктілігін арттыру
-
Білім беру жүйесіндегі басқару органдары
-
Білім сапасына мемлекеттік бақылау жасау
Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша реферат жұмыс тақырыптары.
1. Дидактика — білім беру және оқыту теориясы.
2. Оқыту заңдылықтары.
З. Мектептегі білімнің мазмұны (ҚР.Білім заңы).
4. Оқыту принциптері.
5. Оқыту әдістері туралы түсінік.
6. Сабақтың түрлері, оның дидактикалық құрылысы.
-
Кіріспе сабағының құрылымы.
-
Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы.
-
Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағы.
-
Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары.
-
Қазіргі сабақтың жаңа түрлері.
-
Білімді бақылау және бағалаудың түрлері.
-
Басқару, мектепішілік басқару және менеджмент.
14. Мектеп басшысының басқару мэдениеті.
15 .Оқушының отбасымен байланыс орнатудың психологиялық -
педагогикалық негіздері.
16. Мұғалімдердің білімділігін арттыру жэне оларды аттестациялау.
17. Шығысойшылдарының педагогикалық пікірлерінің тәрбиелік мәні.
18. Әбу -насыр әл- Фараби еңбек тәрбиесі туралы.
19. Махмуд- Қашқари еңбегінің тарихи маңызы.
20. Ж.Баласағұнның "Құтты білік" дастанының тәрбиелік маңызы
21. Мұхаммед Хайдардың еңбек тәрбиесі туралы.
22. Ян Амонс Коменский – Еуропа педагогикасының негізгін қалаушы.
23. Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский.
-
Н.К. Крупскаяның педагогикалық теориясы.
-
Ш.Уэлиханов-ғалым ағартушы.
-
Ы.Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін салушы.
-
А.Құнанбаевтың ағартушылык тағылымдары.
-
Шәкәрімнің тәлімдік кезқарастары.
-
М.Жұмабаев - ағартушы педагог.
-
Т.Т. Тұрлығұл - Қазақстан тарихы әдістемесінің негізін қалаушы.
-
Қ.Жарықбаев –Қазақстанның көрнекті психологы.
-
Оқушылардың картамен жұмыс істеу талаптары.
-
Тарих пәнін оқытуда ҚР Рәміздерін қолдану тәсілдері.
-
Тарих пәні зертханасын жабдықтау тәртібі.
-
Тарих пәнінің мұғалімі, келбеті ұстанымы.
-
XXI ғасырдың мектеп басшысына қойылатын талаптар.
-
Мұғалім, сынып жетекшісінің оқушы ата-аналармен жұмыс істеу формалары.
38. Баспасөз материальн пайдалану ережелері.
39. Мектептегі оқушылардың шығармашылық орталығын құрудың міндеттері мен мақсаттары.
40. Олимпиадаға дайындаудағы талаптар.
41. Өзін- өзі басқару, ұжым, бірлігіндегі бастамалар.
42. Бүгінгі қоғамдағы - білім және ғылым.
Студенттің өз бетімен игеретін тақырыптары
№
|
Тақырыптың аты, негізгі проблемалары және мазмұны
|
Тапсырма түрі
|
Сағат саны
|
Әдебиет
|
тапсырма
|
берілуі
|
тексерілуі
|
1
|
Ленция конспектілерін толықтыру
1. 5,6,7,8,9,10,11 сынып оқулықтарына сараптамалық талдау жасау.
2. Мектеп оқулығы мен бағдарламаның сәйкестігін анықтау.
3. Ежелгі тарихтан сабақтың үзіндісін көрсету.
4. Ортағасырлар Қазақстан тарихының, тарихи қиғаларды жүйе бойынша кестеге құрастыру.
5. Тарихи түсініктер «құл», «құлдық демократия» дегендерге анықтама беру.
6. «Феодалдық саты» - деген ұғымға схемалық анықтама беру.
|
Ленция конспектілерін толықтыру
|
12
|
Н-1,2
Қ-3-10
|
Сабақ кестесі бойынша
|
аттестация
аптасында
|
2
|
Семинар жұмыстарына дайындық
7. Дәстүрден тыс сабақ жоспарын жазу.
8. Сабақтың сараптамалық талдауын жасау.
9. Сабақтың мақсатын құрастыру (3 бағыттағы)
10.Сабақта
- сурет;
- портрет;
- карта;
- кестемен жұмыс жасауды көрсету.
|
Семинар жұмыстарына дайындық
|
8
|
Н-1,2,3
Қ-15-23
|
Сабақ кестесі бойынша
|
аттестация
аптасында
|
3
|
Студенттердің зерттеу жұмыстары.
11. Тарихи термендермен жұмыс жасауды көрсету.
12. Сабақтың этаптарын нақты көрсете отырып, сабақ беру.
13. Тарих сабағында жаңа технологияларды қолдану.
14. Тарих сабақтарының түрі мен типтері.
15. Сабақта қолданатын кесте түрлері; кестенің анықтамасы.
|
Студенттердің зерттеу жұмыстары.
|
10
|
Н-1,2,3,4
Қ-25-32
|
Сабақ кестесі бойынша
|
аттестация
аптасында
|
|
Емтиханға дайындық
|
|
15
|
|
|
|
4
|
Барлығы
|
|
45
|
|
|
|
Аралық бақылау № 1
1. Тестік жұмыс.
2. Бақылау жұмысының сұрақтары:
1. ТОӘ курсының мақсаты мен міндеті.
2. Тарихи білімнің қазіргі кездегі мінездемесі.
3.Негізгі ТОӘ курсының түсініктемелеріне анықтама беру (пропедевикалық курс; оқулық; факт; түсінік; заңдылық).
4. Қазіргі тарих оқулығына мінездеме беру.
5. VI сынып оқулығына сараптамалық схема арқылы талдау беру.
6. Оқулықтағы – негізгі факт; және қосымша фактілерді белгілеп табу.
Аралық бақылау № 2
1. Дәстүрден тыс сабақтың түрін дайындау (дидактикалық материалымен бірге). Қаз. тарихы 5 сынып.
2. Ежелгі дүние тарихынан сабақтан тыс іс- шара материалын дайындау.
3. «Қазақстан тарихы», «Отан» Қазақ тарихы әдістемелік журналдардан «ПИШ», «Преподование истории Казахстана в школе и ВУЗе», «Газета Истории», келесі тапсырмалар бойынша материал жинақтау:
а)Білімді тексеру әдістері.
б)Дәстүрден тыс; жаңа сабақ түрі.
с)Сабақтың сапасын арттыру.
д)Сабақта қолданатын көрнекіліктердің ролі.
е)Ауызша сабақтардың тиімділігі мен тиімсіздігі.
4. 20 сұрақтан тұратын тест құрастыру
5. Реферат «Тарих мұғалімі қандай болуы керек ?»
6. Бір сабақтың мақсатын жоспарын жазып әкелу.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Тарихты оқыту әдістемесі
пәні бойынша лекциялық сабақтар әдәстемелігі
050114 “Тарих” мамандығы
оқыту формасы – күндізгі
кредит саны – 3 (135 сағат)
Қостанай 2009
Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің дәріс сабақтары
№1 Дәріс Жалпы тарих әдістеме курсынын пәні мен мақсаты
Негізгі түсініктер: әдістеме, оқыту құралдары, оқыту әдісі.
Мақсаты: Тарихты оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде түсіндіру әдістеменің негізгі мақсаттары мен функцияларын көрсету.
Жоспары:
1.Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы.
2. Тарихты оқыту әдісінің ғылым ретінде мақсаты, пәні және функциясы.
1.Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы. Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуыyның кезеңдері.Адам баласы Қазақ сахарасында пайда болып, қазақ ұлтының кіндік қаны тамған Еуразия жүрегінде орналасқан ұлан-ғайыр жері бар Қазақ елі дүниежүзілік тарихта өзінің оң істерін қалдырып келуде. Ал Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алып, Жаңа даму жолына түсуіне байланысты оның халықаралық және ішкі қоғамдық-саяси жағдайларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 2 баптарында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Еліміздің Конституциясында қойылған бұл асыл мұраттар қоғамның материалдық алғышарттарымен қатар рухани игіліктерін де жасауды қажет етеді. Ол сөз жоқ халықтың білімін көтерумен тығыз байланысты. Бұл өз тарапынан мектептердің қызметін, әсіресе онда оқытылатын пәндердің білім мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін тезірек жаңартуды, жетілдіруді күн тәртібіне қойып отыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айрықша көңіл бөлінген. Аталған салаларда білім беруде Қазақстан тарихын оқытудың орны ерекше. Өйткені өзінің туып-өскен өлкесінің, елінің және оның халықтарының тарихын жақсы білмеген оқушы өз халқын білмейді. Халқының қадірін білмеген адам басқа халықтарды лайықты құрметтеуі мүмкін де емес. Ондай жастардан болашақ қоғамның белсенді мүшелерін, қоғам, халық, Отан үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсайтын, жан-жақты білімді азаматтарды тәрбиелеп шыға алмасымыз да ақиқат. Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайы, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы белгілі мемлекеттердің қатарына қосылуы, дүние жүзінің көптеген елдерімен түрлі салада байланыс жасауы да оның әрбір азаматына өз елінің тарихын жақсы білуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Президені Нұрсұлтан Әбішұлының 1998 жылдың неліктен ұлттық тарих жылы деп жариялануы туралы айтқанын келтіру де орынды. «Бұл – тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл - ... туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл - ... әрбір азамат... өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз».
Осы жағдайлар Қазақстан тарихын алдымен мектепте, сондай-ақ мамандық беретін басқа да орта оқу орындарында оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан мүлде жаңа деңгейге көтеру зор маңызға ие болып отыр.
Қазақстан тарихының материалдары жалпы білім беретін мектептерде ресми түрде 1958-59 оқу жылынан бастап оқытылып келеді. Бірақ та тарих сабақтары КСРО тарихы құрамында үзік-үзік оқытылғандықтан оны оқытуда көптеген қайшылықтар орын алды. Олар: білім мазмұны мен Коммунистік партияның, Кеңес үкіметінің оны оқытуға қойған талаптары; оқу бағдарламалары мен оқулықтар; білім мазмұнының көлемі, оның күрделілік деңгейі мен оқушылардың мүмкіндігі, жас ерекшелігі; оқыту әдістемесі талаптары мен курстың оқытылу жайы; пәннің оқу-материалдық базасына қойылатын талаптар мен оның іс жүзіндегі мүмкіндіктері арасындағы және басқа да қайшылықтар.
Осыған қарамастан соңғы отыз жылда мектепте Қазақстан тарихын оқытудың жеке мәселелері ғана зерттелді. Солардың нәтижесінде әдістемелік көрнекілік құралдарын дайындау және пайдалану (И.Қадірбеков), мәдениет тарихын оқыту әдістемесі (К.Каменир), тарихи-көркем әдебиетті пайдалану (К.Аманжолова), тарихи ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі (Е.Жевако), оқулықтардың ғылыми-әдістемелік негіздері (М.Зарифова), 5-сынып оқушыларында халықтар достығы жайлы білімдерді қалыптастыру әдістемесі туралы (Б.Әбдіғұлова) еңбектер жарық көрді. Оның аса маңызды проблемаларын, яғни білім мазмұнын анықтауға, оқыту әдістемесін тұтас қамтитын, немесе оны жетілдіріп, қалыптастыруға бағытталған зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақ қоғамы, Қазақстан тарихының мектепте қашаннан бастап, қандай ретпен оқытылғанын, курстың қалыптасып даму үрдісін, оның барысында орын алған проблемалар мен тенденцияларды анықтап, талдап саралайтын да еңбектер жарияланған емес.
Кеңес мемлекетіндегі одақтас ұлттық республикалар мектептерінде өз республикалары тарихын оқытудың жеке проблемалары да ғылыми әдістемелік тұрғыдан зерттелді. Қазақ халқына тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, діні ортақ түркі тілдес республикаларда осы курстың иқұылымы мен мазмұны, КСРО тарихымен байланыстыра оқытудың әдістемелік жолдары, патриоттық және интернационалдық тәрбие беру, оқыту әдістемесі мәселелері, сыныптан және мектептен тыс жұмыстар сияқты жеке проблемалары қарастырылып, олардың КСРО мектептерінде ұлт республикаларының тарихын оқыту әдістемесін жетілдіре түсуге пайдасы тигендігін жоққа шығармаймыз. Бірақ аталған зерттеулердің бәрі де кеңестік дәуірде 1980-жылдарға дейін жүргізілді, ал Қазақстан Республикаасының өзінің тәуелсіздік алғаннан бері тарихтың бұл курстарын оқытуда түбірлі өзгерістер, жаңалықтар болғаны белгілі.
1990-жылдардан бастап бұл курс дербес оқу пәніне айналып, оның білім мазмұны мен оқытуға бөлінген сағат саны 5-6 есе өскендіктен және де халыққа білім беру саласында дүниежүзілік білім стандартына сай, Қазақстан Республикасында болып жатқан маңызды өзгерістерге байланысты бұл пәнді мектепте оқыту әдістемесінің проблемасын шешудің қажеттілігі арта түсті.
Қазақ халқының ғасырлар бойы ту етіп ұстаған арманы орындалып, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы «Декларация» қабылдады. Онда, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолына түсетіні, ізгілікті, демократиялық, құқықтық мемлекетті құруға бел байлауды негіге алатыны айта келіп:
«Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту Қазақ ССР Мемлекеттігінің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады» деп көрсетіледі.
Бұл жағдайлар мектепте Қазақстан тарихын оқытуды мүлде жаңа деңгейге көтеруді талап етіп отыр. Демек, пәннің оқыту мақсатын, білім мазмұнын өзгертуден бастап, бүкіл оқу-әдістемелік жүйесін жаңарту күн тәртібіндегі маңызды мәселе екені түсінікті. Бұларда алдымен Қазақ, Қазақстан тарихын оқыту кезеңдерін, оның курс болып, қалыптасып жетілуін, соны қалыптастыруда қандай тенденциялар бел алды, мұның бәрі оқу жоспарларында, бағдарламаларда, оқулықтарда қалай көрініс тапты, оқытуда байқалған проблемалар қандай еді – деген мәселелерді шешкенде ғана жүзеге асыра аламыз. Сонымен қатар, мектептер мен мұғалімдердің талайдан жинақтаған тәжірибелерінің ұнамды, ұнамсыз жақтарын ғылыми ой елегінен өткізу де келелі мәселелердің бірі. Осыдан кейін барып қана жаңа пән – Қазақстан тарихы әдістемесінің қалыптасуы деген маңызды ғылыми проблеманы шешуге болады.
Жарияланған мәселелерді талдаудың, зерттеу мәселесінің даму дәрежесінің көрсеткеніндей, проблеманың жүйелі зерттелмеуі қарама-қайшылықтарды тудыруда. Оларды шешу жолдарын қарастыру зерттеу проблемасын айқындайды.
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың жеке мәселелері ғана қарастырылып, бұл проблеманы зерттеуде жүйеліліктің жоқтығы оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екенін дәлелдейді.
Тарихтан белгілі, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін мектептерде тарих пәнін оқытуда қасаң марксизм идеялары басшылыққа алынып, мектептің таптық, партиялық болуы басты идеологиялық ұстаным ретінде қаралып келді. Траих пәнінен жаңа оқулықтар болмағандықтан, салыстырмалы түрде бұған дейін тәуірлеу делініп келген Виппер, Коваленский оқулықтары қайта басылды. Оларды пайдаланғанда Н.К.Крупскаяның, А.В.Луначарскийдің, М.Н.Покровскийдің тарихты коммунистік рухта оқыту жөніндегі айтқан, жазған нұсқаулары басшылыққа алынды.
1921 жылдан бастап тарих пәні мектептің оқу жоспарынан дербес пән ретінде шығарылып, оның материалдары «Қоғамтану» пәнінің құрамына ендірілді. Оның бағдарламасы мен оқулықтарында азаматтық тарихқа, тарихи қайраткерлерге, тарихи оқиғаларға орын мүлде аз берілді. Мұның өзі оқушылардың тарихтан жүйелі, тиянақты білім алуына, оларда тарихи сананың ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтірді.
Белгілі әдіскер Тотай Тұрлығұл Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің даму, қалыптасу тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөліп қарастыруды ұсынады, олар мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: |