«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет8/20
Дата22.02.2016
өлшемі2.08 Mb.
#81
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

1-КЕЗЕҢ. Ы.Алтынсарин заманынан 1917 жылға дейінгі аралық. Мұнда кейінгі кезеңдерде осы курстың, пәннің оқыту әдістемесінің біртіндеп қалыптасуына осы алғашқы дәуірде қандай теориялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік негіздер жасалды деген сауалға жауап беріледі;

2-КЕЗЕҢ. 1917-1959 жылдар аралығын қамтиды. Қазақстан мектептерінде тарихты оқыту әдістемесі, соның құрамында Қазақстан тарихы материалдарын оқыту әдістемесінің іргетасы қалана бастаған кезең;

3-КЕЗЕҢ. 1960-1990 жылдардың бас кезі. Бұл кезеңде Қазақстан тарихы мектептің оқу жоспарына енгізілді. Білім мазмұны анықталып, бағдарламалары мен оқулықтары, әдістемелік құралдары жасалды, арнайы курсқа айналды, әдістемесінің негізі қаланған кез.

4-КЕЗЕҢ. Кеңестік дәуірдің ыдырауымен басталады. Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізілуіне байланысты, оны оқыту әдістемесінің бұрынғыдан да жетіле түсіп, бүгінде дербес пән әдістемесі ретінде қалыптасып, жаңаша дами бастады.

Қорыта келе айтпағымыз, өткен тарихымызды оқып білмеген болашақ ұрпақтың болашағы да бұлыңғыр болатыны баршаға аян. Осыдан да болар студент жастармен жас ұстаздарға тарих пәнін оқытуда тарихты оқыту пәнінің пәндік мақсат-міндеті мен пән ретіндегі даму кезеңдерімен, сол кезеңдердегі еліміздің өткен тарихын оқытудағы ақтандақтарын әдейі бұрмаланып саясаттандырылған кезеңдердің ара жігін ажырата білу, келешек жас маман оқытушы қауым үшін маңызды мәселе болып қалмақ. Өйткені, Отан тарихы – оны оқыту әдістемесі – бүкіл жастарға білікті маман болып қалыптасуымен қатар патриоттық тәрбие берудің негізі.



2. Тарихты оқыту әдісінің ғылым ретінде мақсаты, пәні және функциясы. Қазіргі кезде білім беру стандарты талаптарына сай тарих пәнінің окытылуына тарихшы мұғалімдерге ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеледі. Себебі, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен саяси сана, дүниетаным калыптастыруда тарих пәні басты рөл аткарады. Мектепте тарих пәнін оқытудың басты мақсаттары мен міңдеттері:

- окушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;

-бүкіл адамзат жасаған күндылыктарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;

-оқушылардың дүниеге ғылыми кезқарасын калыптастыру: оларға адам-зат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту; -оқушылардың басты назарын қоғам тарихына: адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи окиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;

-окушыларды ізгілікпен демократиялық құндылық идеясына тәрбиелеу, тарихи тәжірибені ой елегінен өткізе отырып, оларда құндылық бағдар мен сенімді қалыптастыру;

-тұлғаның жеке мүддесін, оның бейімділігі мен танымдылық мүмкіндіктерін барынша ескере отырып, оқушыларды өз халкы мен басқа да халыктардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға және байытуға үлес қосуға төрбиелеу;

-оқушылар бойында қазақстандық патриотизмді, азаматтық сезімді дамыту;

-оқушыларға эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарих-тағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңыңдағы: «Ұлттық және адамзаттық құңдылықтарға, ғылым мен практика жетістіктері негізіңде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты емір салтының берік негіздерін қалыптастыруға, азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, республиканың қоғамдық саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсене қатысуға, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ халқы мен республиканың басқа да халқының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік тілді, орыс, шет тілдерін меңгеруге тиіс» деген міндеттерге тарих пәнінің мұғалімі басты назар аударуы керек. Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін стандарт талаптары негізінде білім сапасын жетілдіру маңызды орын алады. Жалпы тарих пәнін оқыту барысында оқушылардың таным белсенділігі мен ойлау қабілетін, ізденісін дамыту үшін, сабақтың әр түрлі типтерін ұйымдастыру керек. Мысалы: сабақ, лекция, семинар, конференция, консультация, экскурция, сынак т.б. Сабақтың дәстүрлі емес түрлері: пікір сайыс, рөлдік, түрлендірілген, театрландырылған, топқа бөліп жарыстыру, саяхат, кеңес беру, кіріктірілген, аукцион т.б.

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер қатарына: суреттеп-сипаттап әңгімелеу, түсіндіру, деректермен өзіндік жұмыс ұйымдастыру, шапшаң, мәнерлеп оқыту, оқушының жауабы туралы пікір айту, мәтіндегі негізгі мәселені табу, берілген сұрақ бойынша басқа оқушының ойын тапқызу, тарихты ауызша айтуға жаттықтыру, туған өлке тарихының материалын пайдалану, түрлі жазба жұмыстарын орындату т.б.



  • Жас ұрпақты адамзаттың, шынайы тарихымен таныстыру;

  • Тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын оқушыларды тәрбиелеп шығару;

  • Дүниежүзілік мәдениеттің негізгі жетістіктерімен сусындату;

  • Қазіргі жалпы білім беретін мектепте тарихи білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау;

  • Қазақстан тарихынан тарихи білім берудің тұжырымдамалық негіздерін жасау;

  • Оқу процесінде Қазақстан тарихын оқытуда негіз болатын окулыққа дидактикалық тұрғыдан сипаттама беру және оның жеке тұлғаны қалыптастырудағы мәнін ашып көрсету;

- тарих оқулығының мазмұндық үлгісін жасау; ілім; пәнаралық байланыс теориясы; тұтас педагогикалық процесс теориясы болып табылады.
Бекіту сұрақтары:

1.Әрбір оқушының дербестігі мен потенциялдық мүмкіндігін, қабілетін сақтай отырып әрі қарай қалай дамытуға болады?

2.Оқушы дамуының «жақын аймағына» сүйене отырып, оқу біліктері мен дағдыларын жетілдірудегенді қалай түсінесің?

3.Оқу таным әрекетіне мотивация жасауды қалай ұйымдастырар едің?

4.Оқу үрдісін оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, ұйым-дастырудың сапалы деңгейіне қалай жетуге болады ?

5.Тұлғаның сапалық қасиеттерін дамыту дегендім қалай түсінесің?



Бекіту сұрақтары:

1. Педагогикалық білімге сүйене отырып оқыту процесінің сатыларын қалай анықтауға болады?

2. Революцияға дейінгі мектептерде оқыту әдісі қай кезеңдерді қамтиды?

3. Оқыту әдісінің қалыптасуы неше кезеңнен тұрады?



Әдебиет:

  1. ҚР Конституциясы. Алматы, «Қазақстан», 1995.

  2. Н.Назарбаев «Қазақтың бүкіл тарихы, тұтастану тарихы». // Егемен Қазақстан – 1998, 18 наурыз.

  3. Тұрлығыл Т. – Қазақстан тарихы мектеп курсының және оны оқыту әдістемесі қалыптасуының ғылыми негіздері (1934-1997жж.) . Алматы 1998.

  4. Қозыбаев М. Қазақ халқына қарыздамыз.// «Жалын» 1989, №6.

  5. ҚР Халыққа білім беру министрлігінің 1989 жылғы 14 маусымдағы №547 бұйрығы.

  6. Тұрлығылов Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.

  7. Тұрлығылов Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары», Алматы, 1984.

  8. Шаймерденова К.Ш. «Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы, 1990.

2 Дәріс Мектепте тарихи білім берудін қазіргі жүйесі.



Негізгі түсініктер:Тарихты оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде түсіндіру әдістеменің негізгі мақсаттары мен функцияларын көрсету.

Мақсаты: Тарихи білім беру құрылымын құрастыра отырып, Қазақстанда мектептерде тарихи білім берудін қазіргі жүйесінің ерекшеліктерін көру.
Жоспары:

1. Мектептерде тарихи білім берудің қалыптасуы мен дамуы.

2. Қазақстан Республикасында тарихи білім берудің құрылысы мен қазіргі жүйесі.

3. Тарих бойынша мектеп бағдарламасына сараптама жасау.

а) бағдарламаларға қысқаша мінездеме,

б) тарих бөлімдерінің құрлысы мен мазмұны, негізгі мақсаты.


1. Мектептерде тарихи білім берудің қалыптасуы мен дамуы. XXI ғасырда, ғылыми-техникалық прогресс қарыштап дамыған тұста біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар жан-жактылык, яғни баска салалардан хабардар бола білудің маңызы зор. ҚР Білім беру заңының 8-бабында:

  1. Білім беру жүйесінің басты міңдеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруды дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

  2. Жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін да-мыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалып-тастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін бай-ыту;

3..Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отанына сүйіспеншілікке,мемлекеттік рәміздерді кұрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға кайшы және коғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу деп атап көрсетеді.

«ҚР 2015 ж. дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» оқушының жеке тұлғасын жетілдіруге ғаламдық ой-санасын қалыптастырудағы басты міндеттерінің бірі ретінде азаматтыкка, адам құқықтары мен бостандық-тарына кұрметпен қарауға, елжандылыкка, өз Отанын сүюге тәрбиелеуге басты назар аударған.

XVI ғасырдың педагог-ғалымы Ян Амос Коменскийдің дидактикасының барлык принциптері бүгінгі таңға дейін өзінің мәнін жойған емес.

«Ұлы дидактика» еңбегінің XXIII тарауында:

«Мектепте балаларды адамгершілікке нағыз ізгілікке шындап тәрбиелеу үшін, сол жұмыстарды үлкен шеберлікпен еге білу кажет. Сонда ғана мектеп, толық мағынасында «адамдар ұстаханасы» болып шықпақ» - дейді. Демек, бүгінгі ғасыр - білімділер ғасыры, заманына сай зерделі ой-өрісі жоғары азаматтарды қалыптастыру - мемлекеттің аса маңызды стратегиясы болып отыр. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазакстан - 2030» бағдарламасындағы Қазақстан халқына Жолдауында:

«Қазақстан азаматтарын мемлекетіміздің құқығын қорғайтын, мүдделерін биік ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің балаларымыздың дені сау, сапалы білімді, өресі биік болып өсуі, тиіс» - деп тегін айтпаса керек.

Қазақ халқы әрқашанда парасатты пір тұтып, даналыққа табынып келген халық. Ұлтымызға тән тағы бір қасиет, ол білімді біліктіліктен ажырата білу. Ғалым-лингвист, ақын-аудармашы, ағартушы педагог А. Байтұрсыновтың ұғымында білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ қана, ал біліктілік дегеніміз - білімнің жеткіліктілігі ғана емес, сол білімді іске асыра білу дағдысы. «Қандай мектептің болсын басты нысаны - оқушыларға сапалы білім, салихалы тәрбие беріп, оларды білімді, еңбекшіл етіп тәрбиелеу» -деп А. Байтұрсынов үш мақсатты басты нысанаға алады.

Заман өзгергенімен, қанша құбылғанымен мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуін білім-ілімсіз елестету мүмкін емес. Философия, психология ғылымында құндылық ұғымын ерекше бір ақиқат деп қарастырған. Олар қажеттіліктен туындайды. М.В. Богусловский, Г.Б. Корнетов сияқты ресейлік әдіскер-зерттеушілер ең жоғарғы құндылықтар иерархиясын ұсынады: 1. Адам. 2. Денсаулық. 3. Өмір. 4. Жанұя. 5. Отан. 6. Жер (планета). 7. Адамзат. 8. Бейбітшілік. 9. Еңбек. 10. Білім. 11. Мәдениет. 12. Даму. Ал, педагог-ғалым К. Төлеубекова. «Қоғам дамудың жаңа кезеңіндегі адамгершілік тәрбиенің теориялық - әдіснамалық негізі» - деген еңбегінде тоғыз құндылықты атап көрсетеді:



  1. Адам-аса жоғары құндылық;

  1. Жер – жалпы адамзаттың ортақ үйі, өмірі мен тіршілік іс-әрекетінің мекені;

  2. Ұлт-өз ұлтына мақтана білу, қадірлеу, еркіндікті сүю, өз халқының тіліне, тарихына мәдениетіне құрметпен қарау;

  3. Отан - өз мемлекетінің рәміздеріне құрметпен қарау: әнұран, елтаңба, ту, халықтың дәстүрлерін қастерлеу. ҚР Ата заңына қайшы келетін қоғамға қарсы кез келген көрініске төзбеу;

5. Бейбітшілік–дүниежүзілік кауымдастықта лайықты орын алуды көздеп; казіргі және болашақ ұрпақтар алдында жоғары жауапкершілікті сезіну.

  1. Мәдениет - рухани жетілудің тірегі.

7. Еңбек - нарық жағдайыңда жаңалық тапқыштық, жаңа технологиялық ойлар, нарық еңбегіне байланысты туындаған ұжымдық және жеке шаруашылық еңбегінің мақсатын ұйымдастыру нәтижелігін көрсету;

  1. Білім - үшінші мыңжылдықта білім коғамды өзгертудің шешуші факторы;

  2. Отбасы – отбасылық адамгершілік қарым-қатынасты, отбасының татулық беріктігін, болашаққа сенімділігін нығайтатын, тірек болатын өмірлік құндылық бұл адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушылардың өзін-өзі жеке тұлға ретінде танытуға септігін тигізері сөзсіз.

Ежелден-ақ қазақ халқы өз ұрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді басты мақсат еткен. Ата-бабамыз жазу-сызудың кем соғып жатқан шағында, көшіп-қонып жүріп-ақ ұрпақ қамын, оның болашағын жеткілікті ойластырған.

Сонау Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» деп аталатын әдет-ғұрып зандары талай ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін жақтары мол екендігіне тарихтың өзі куә. Халқымызда «Адам деген ардақты ат. Адамнан үлкен ат жоқ» - деген қанатты сөз бар.

Тарих - біздің игілігіміз, біз оны құрметтеп, қастерлеуіміз қажет. Сонымен бірге құпия-сырларға толы, қорқынышты, қанды, кеңес елінің есімінде мәңгілікке қалған беттерінің шындығын, ақтаңдақтарын ашып жеткізу тарих саласындағы мамандардың жауапкершілігінде.

1980 жылдың аяғында КСРО- дағы қайта құруға байланысты Қазақстан тарихы мектептердің оқу жоспарына дербес пән болып енгізілді. Тарих адамға алдымен өз халқының өткенін, оның озық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын таныстыруы тиіс. Осы арқылы адамда ұлттық сана, ұлттық намыс қалыптасады. Тарихи санасы толық қалыптасқан адам ғана өмірдегі, қоғамдағы өз орнын дұрыс анықтай алады. Тарих сабақтары оқушылардың өткен кезеңдердің ұлы істерін басынан кешіріп, саралауына, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық қасиеттердің барлығын пайдалана білулеріне бағыттайды. Тарих –бүкіл халықтың жан дүниесінің көрінісі.

Адамзат жасаған материалдық және рухани игіліктерді мирас етіп, оларды еселеп бере алатындай етіп тәрбиелеу - салауатты қоғамның мәңгіден келе жатқан тілегі. Қазақ халқының тарихында бірегей рухани тәжірибе, аса бай интеллектуалдық және адамгершілік яки, күш-жігер, ұшан-теңіз жан дүниесінің маржандары мен шығармашылық ой-қабілетінің күш-қуаты бар. Халық мінезінің ең жақсы ерекшеліктері-бұл атамекенге деген шексіз сүйіспеншілік. Шәкірттің жалпы даму процесі,адамзаттың серпінді қозғалысының зандылықтары ғана емес, сонымен бірге тарихи қайраткерлердің жеке басы, олардың азаматтық тұлғасын, тарихи фактілерді ақыл-ойымен қабылдаса, өзін интеллектуалдық жағынан байыта түседі. Тарихи зерде - өз халқының өткеніне деген құрметі, сүйіспеншілік қөзқарасының іргетасы.

Әрбір пәнді сыр-сипатын бұрмаламай, жұмбақтап әсірелемей, табиғи түрде оқыту қажет.

Көрнекті орыс педагогы К.Д.Ушинский: «Мұғалім өз білімін көтеріп жүргенде ғана мұғалім, оқуды ізденуді қойса, оның мұғалімдігі жойылады» деген.

Ол үздіксіз білімін шыңдап отырмаса, өмір көшіне жете алмайды, ол заман талабына сай шәкірттеріне білім, тәрбие бере алмайды. Тарих сабағында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, адамгершілікке, отаншылдыққа, каһармандыққа, ұлтжан-дылыққа барлық халықтарды құрметтеуге олармен достық қатынас орнатуға, елдің қауіпсіздігін сақтауға, еңбек сүйгіштікке, діннің тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелеуге, оларға эстетикалық, экологиялык, экономикалық тәрбие беруге толық мүмкіндік бар.

Сабақ барысында әдістерді қолдану тәсілдерінде оларды әсерлі, эмоциялды түрде жеткізе білудің маңызы зор. Оқу фильмдерінің фрагменттері, тарихи романнан оқылған 1-2 минуттық әсерлі үзінді, мұғалімнің дауыс ырғағы тақырыптың мазмұнына сай түсіндіруі, оқушыларды қызықтыра білуі де шеберлікке байланысты. Әрбір ғасырдың ұлы тұлғаларының өнегелі істерін оқушылардың жүрегіне жеткізе білудің өзі оларды жеңіске жеткізеді. Оқушыларды саналы тәрбиелеу арқылы дамытушылық "міндеттерді де жүзеге асыру күрделі емес. Тарихи оқиғаның пайда болуы, дамуы, бәсеңдеуі, аяқталуы, т.б. байланысты, бұл оқиғаның негізгі себептерін анықтап алайық - деп, қарапайым тәсілдермен оқушылардың ойлау кызметін дамытуға түрткі жасай отырып, ойландыруды күрделендіруге болады. Онда әр түрлі тарихи кезеңдердегі оқиғалардың ұқсастығы неде, ерекшеліктеріне оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстары көмек бола алады. Пән мұғалімінің тапсырмасымен оқулық мәтінін, қосымша материалды қолдану арқылы тақырыпты терең, жан-жақты меңгеруі ғасыр талабына сай азаматтарды даярлаудағы рөлі зор болмақ.

2. Қазақстан Республикасында тарихи білім берудің құрылысы мен қазіргі жүйесі. Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру. Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамның алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуі тиіс.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға үйрету, бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша XXI ғасырдың іске асуға тиісті өзекті проблемасы болып табылады.

Р.Г.Лемберг, Е.Я.Голант, Д.Н.Богоявленский, Л.В.Занков және тағы да басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өздік жұмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру, ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады.

Соңғы онжылдықта өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық проблемалары көптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып, әртүрлі бағытта қарастырылды:



  • оқуды белсендіру құралы ретінде (Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый);

  • оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыруға бағытталған теориялық тұжырымдамалар (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, Н.Н.Половникова);

  • дербестік - өзіндік ұстаным, рухани-практикалық білім ретінде (Л.П.Буе-ва, С.Т.Зырянов);

-дербестік - жеке тұлғаның қасиеті мен сапасы ретінде (К.А.Абульханова-Славская, К.К.Платонов).

3.Тарих бойынша мектеп бағдарламасына сараптама жасау. Оқулық пен оқу бағдарламасына құрылымдық-функционалдық талдау кезінде мұғалім жұмыс қорытындысы, ойлар мен тұжырымдарды, ұғымдардың анықтамасын қағазға белгілеп отырады.

Кұрылымдық талдаудың барысында білім берушілік, тәрбиелік және дамытушылық сабақ мақсаты айқындалады.

Ғылыми ұғымда мақсат дегеніміз әрекет нәтижесін алдын ала ойша болжау дегснді білдіреді.

Мақсатты айқындауда жалпыадамзаттық құндылықтарды (азаматтардың тең құқықтылығы, еркіндігі, ар-ұяты, парызы яғни т.б.) және мемлекеттік стандартта белгіленген тарихты оқытудың мақсаттарын басшылыққа аламыз. Мақсаттар ұзақ мерзімге жоспарластырылған, қысқа мерзімді, нақты, дербес сабаққа арналуы мүмкін.

Функционалдық талдауда айқындалған мақсаттарды былайша жүйелеуге болады. Білім беру мақсаттары: қандай маңызды білім қалыптасады; сабақ мазмұнынан оқушы ең басты қандай білімді игеруі керек; сол сияқты білімді қайталау, бекіту және тереңдету мақсаттары белгіленеді. Тәрбиелік мақсаттар: сабақтың адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудегі (қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық, еңбексүйгіштік) үлесі қандай; тәрбие оқу материалының мазмұнын тану процесінде, оқу әдебиеті барысында, оқушы мен мүғалімнің өзара байланысында іске асатындығы ескерілуі тиіс.

Дамытушылық мақсаттар: оқу материалына сүйеніп қандай дағдылар дамытылды (жоспар құра білуі, сұрақ құрастыра алуы, материалды игерудің қисындық бірізділігін игеруді және т.б.). Сонымен бірге дамытушылық мансаптарға оқушылардың пәндік және оқуға қатысты жалпы дағдылары мсн шеберліктерінің қалыптасып, психикасының (ақыл-ой, ерік-жігер, танымдық, қызығушылық) дамуын да жатқызуға болады.

"Ежелгі Рим" тақырыбын оқудағы білім беру мақсаты-мөдени, шаруашылық тұрғысынан адамзаттың дамуын көрсету; тәрбиелік мақсаты — қаталдықты айыптап, оқушылардың қарапайым адамдардың азар өміріне деген аяушылық сезімін ояту; дамыту мақсаты - жекелеген болшектер негізінде оқиғаның жалпы картинасын жасау.

Сабақтың мақсатын айқындаудың жолдарын Ю. К. Бабанский былайша жүйелейді:



а) бағдарламаларға қысқаша мінездеме,

Тарих пәнінің оқу бағдарламасындағы білімдер мен біліктерді оқушыларға ойдағыдай меңгертуде тарих пәні бойынша сабақтан және кластан тыс жұмыстардың маңызы зор. Соңдықтан да "Қазақстан тарихын оқу әдістемесі" пәнінің құрамында "Тарих пәнінен жүргізілетін сабақтан және кластан тыс жұмыстар" деген тарау болуы тиіс. Онда төменгі, орта кластар оқушыларын қамтитын түрлі тарихи үйірмелерден бастап, көбіне жоғары кластар оқушыларымен ұйымдастырылатын саяхаттар мен экскурсиялар сияқты алуан түрлі жұмыстарды алдын-ала жоспарлау, ұйымдастырып өткізу мәселелері жан-жақты қамтылады. Мұңдай жұмыстар ойдағыдай ұйымдастырылған жағдайда оқушылар оларға белсене, қызыға қатысады, демек олардың тарихи білімдері толыға түседі, шығармашы-лықпен жұмыс істеу мүмкіндігі артады.

14. "Қазақстан тарихын оқытатын мұғалімге қойылатын талаптар" деген тараудың мазмұны бұған дейін орталық баспалардан (Мәскеуден) шыққан тарихты оқыту әдістемелері туралы еңбектердегі тарих мұғалімдері туралы айтылғаңдардан мүлде өзгеше болады. Бұрын басты міндет — оқушыларды коммунистік қоғамның салтанат құратыңдығына сендіру болса, қазіргі тарихшы мұғалімнің алдында тұрған басты міндет — оқушыларды адамзат жинаған құндылықтар рухында тәрбиелеу, оқушыны жеке тұлға деп қарау, сол тұлғаның заман талабына сай жан-жақты дамуына толық мүмкіңдік жасау, оны оқыта отырып дамыту, оқушымен демократиялық принципке негізделген қатынастар орнату.

Мұнда мұғалімнің ғылыми, кәсіби-әдіскерлік, жан-жакты білімділік дәрежесіне, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттеріне қойылатын талаптар да жан-жақты көрсетіледі.

15. Соңғы тарау-тақырып "Қазақстан тарихының оқу-әдістемелік комплекс деп аталады. Мұндай комплекс бұрын қазақ мектептеріндегі

оқу пәндерінің бірде-бірінен жасалған емес. Бұл жұмыс еңді ғана басталып жатыр. Жоспар бойынша келешекте осы пәннен жасалатын

оқу-әдістемелік комплекс құрамында төмеңдегілер болады: оқу

бағдарламасы; оқулық; оқулықты пайдалану туралы әдістемелік

нұсқаулар; курстың кластар бойынша сабақ жоспарлары; оқу кітабы (5-7кл); хрестоматия (8-11 кл); терминологиялық сөздік; дидактикалық материалдар; көрнекі және техникалық құралдар. Тарих факультетінің қазіргі студенттері мектепке барғанда осы құралдар мектептің тарих кабинетінде тұруы мүмкін. Сондықтан да болашақ тарихшы мұғалімдер ол құралдармен жұмыс істеудің әдіс, тәсілдерін университет пен педагогикалық институттардың қабырғаларында жүріп-ақ үйренулері керек.

Жоғары және орта оқу орындарыңдағы Қазақстан тарихын оқыту дәрежесі оның әдістемелік жағынан да ойдағыдай оқытылуына тікелей байланысты. Ал бұл маңызды істе жетекшілік орын тарих факультетін бітірушілерге тиеді.



б) тарих бөлімдерінің құрлысы мен мазмұны, негізгі мақсаты. Тарих пәнінің тәрбиелік маңызы. Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірбиесін баяндайды. Ал, мектептегі тарих курсына сол тәжірибенің алдымен маңыздылары, құндылары, ізгілері алынады. Әрине, мектептік тарих курсында құнсыз тарихи оқиғалар да оқытылады. Мәселен, фашизм,, крест жорықтары, басқа елге шапқыншылық жасап, бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан соғыстар, т.б, Бірақ мұндай құнсыз оқиғалар білім ретінде құнды, өйткені оларды болдырмау үшін күресуге дайындаймыз. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды, осылардың бәрін олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті. Оның келешегі алда, біртіндеп дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары. Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халық тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтырынң бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек.Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. Кеңес елі тұсында тарих пәнін оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің ең негізгі бағыттары: марксизм-ленинизм идеясына берілгендік, дүние жүзінде капитализмнің құрып, коммунистік қоғамның саклтанат құратынына сендіру, социалистік идеологиядан басқа идеологиялардың бәрін жек көру, дінді жек көру рухында тәрбиелеу болды. Тәрбиенің мұндай бағыттарының мүлде теріс екендігін өмір тәжірбиесі көрсетті. Сондықтан да біз қазір Қазақстан мектептеріндегі тәрбиенің міндеттерін анықтағанда мұндай теріс бағыттырдан бас тартамыз. Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбекке, қарт ұрпақтың еңбек пен жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, апдамзат жасаған құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалық, экологиялық, экономикалық, т.б. тәрбие алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет