Құлыптап бекіту тəуелділігі – бақылау құлпыларының көмегімен сигналдар мен бағыттамалардың өзара тұйықталуын қамтамасыз ету үшін оларды қолмен басқару əдісі сақталған стансаларда пайдаланылады.
Диспетчерлік орталықтандыру (ДО)– телебасқару жүйесінің көмегімен бір қосыннан бірқатар бағыттамалар мен сигналдарды басқаруға мүмкіндік береді.
Электрлік орталықтандыру (ЭО) – бағыттамалар мен сигналдарды басқару пультінен басқаруды қамтамасыз етеді. Мұндай жүйенің мынадай түрлері белгілі: релелік орталықтандыру, блокты бағыттық-релелік орталықтандыру жəне микропроцеесорлық орталықтандыру (бұл жағдайда манипулятор-пульттің орнына ПК негізіндегі АРМ-ДСП пайдаланылады).
Сұрыптау дөңестерін автоматтандыру құралдары – құрамдарды сұрыптау дөңестерінен тарату кезінде бағыттамалар мен сигналдарды басқару, дөңеске итеру жəне одан тарату жылдамдығын реттеу.
Олар мынадай жүйелерді қамтиды:
ДАО (дөңестік автоматты орталықтандыру);
ДПТҚ (дөңестік программалы тарату құрылғысы), бұған ағытпалар саны, олардың мөлшері жəне сұрыптау паркінің жолы туралы ақпараттар жазылады);
ДЛТ (дөңестік локомотивті телебасқару).
Сонымен, қозғалысты автоматты реттеу жүйелері басқару үрдісін автоматтандыруға арналған. Бұл жүйелер ұдайы жетілдіріліп отырады, осының арқасында теміржол көлігін пайдалану жұмысының көрсеткіштері артып отырады. Жүктемесі шамалы магистральдық көлік желісінде жəне кейбір өнеркəсіптік жол телімдерінде ескірген автоматты жүйелер қолданылады.
Стансалық автоматика жəне телемеханика құрылғыларының ішінде бағыттамалар мен сигналдарды электрлі орталықтандыруды пайдалану көрсеткішті жоғарылатады.
Электрлі орталықтандыруда маршруттарды дайындау операцияларын орындауды жылдамдату, бағыттамалар мен сигналдарды басқаруға барынша жұмылдыру, сонымен қатар кейбір бағыттамалық аумақтарды жергілікті басқаруға беру мүмкіндігі, станса ішіндегі басқаруды жəне пойыздардың ірі стансалардың кіреберісіндегі жүрісін реттеуді икемді түрде ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Осыған қарай бағыттамалар мен сигналдарды электрлі орталық-тандыруда стансаның өткізу жəне өңдеу қабілеті өседі.
Ірі стансаларда пойыздарды қайта өңдеу үрдісін тездетуде механикаландырылған сұрыптау дөңесінің ерекше маңызы бар. Ол пойыздарды сұрыптау жəне құрастыру жұмысының тиімділігін арттырып, вагон айналымын тездетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |