Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет11/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80
Курс лекции каз

Электрлі жезлді жүйе – мұндай жүйеде машиниске берілетін жезл арқылы пойыздың аралыққа кіруіне рұқсат етіледі. Бұл құрылғы аппараттан бір сəтте бір жезлден артық шығарып алуға жол бермеуі тиіс.
Пойыз машинисі көршілес стансаға келісімен жезлді станса кезекшісіне тапсырады, ал ол алынған жезлді аппаратқа енгізеді, бұл басқа пойыздың аралыққа шығуына рұқсат етілгенін көрсетеді. Станса кезекшісі пойызды жөнелту алдында келесі аралықтың жезлін аппараттан шығарып алады.
Алайда негізгі автоматты жүйелердің ақаулығы (аралық жол блокировкасы мен электрлік орталықтандырудың) байқалатын жағдайда қауіпсіздік деңгейі күрт төмендеп, пойыздардың жүрісі басқа реттеу жүйелерінің көмегімен атқарылатын болады.
Семафорларкіреберіс, шығаберіс жəне өтпелі сигнал ретінде қолданылады, олар бағыттамалар қосынынан басқарылатын арнайы тартым құралдарының көмегімен қозғалысқа келтіріледі.
Автоматтық емес жүйелер. Мұндай жүйелерді пайдалану кезінде тікелей пойыздар жүрісіне басшылық ететін адамға (станса кезекшісіне жəне пойыз диспетчеріне) түсетін күш күрт артады, ал автоматты жүйелердің ақаулығына байланысты қателікті жою мүмкіндігі болмайды.
Пойыздардың телефондық байланыс құралдары бойынша жүрісі, əдетте, автоблокировканың ақаулығы кезінде падаланылады. Мұндай жағдайда пойыз диспетчерінің тіркейтін бұйрығымен автоблокировканың жұмысын тоқтатуға жəне пойыздардың телефондық байланыс құралдарына ауысуына болады. Локомотив машинисіне берілетін жол қағазы (ДУ-50 үлгісі) аралыққа өту рұқсатын дəлелдейді. Мұндай қағазды беру алдында станса кезекшісі мынадай міндеттерді шешуге тиіс:
даражолды аралықтарда – пойызды қабалдауға берілетін келісім туралы телефонограмманы алуы тис;
қосжолды аралықтарда – бұрынырақ жөнелтілген пойыздың көрші стансаға жеткені туралы телефонограмманы алуы тиіс.
Пойыз телефонограммасын алмасу диспетчерлік немесе стансааралық байланыс арқылы жүргізілуі тиіс.
Телефонограммалар дегеніміз – бұл белгіленген үлгідегі хабарламалар (олардың барлық саны – 17 болады), олар арнаулы пойыз телефонограммалары журналына (ДУ-47 үлгідегі) жазылуы тиіс, бұл арқылы тиісті аралықтың (немесе аралық жолының) бос еместігі немесе бостығы анық белгілі болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет