Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Барлық сигнализация мен байланыс құралдарының қызметі үзілгенде пойыздарды жүргізу



бет12/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80
Курс лекции каз

Барлық сигнализация мен байланыс құралдарының қызметі үзілгенде пойыздарды жүргізу:
• даражолды желіде – жазбаша хабарлама арқылы (көршілес стансалар арасында пойыздар жүрісі туралы келісімді қолда бар байланыс құралдарының ешқайсысы арқылы алуға мүмкін болмайтын жағдайда) іске асырылады;
• қосжолды желіде – пойыздың станса аралығындағы жүріс уақытына 3 минут қосып, уақытты шектеу арқылы іске асырылады.
Стансадағы маршруттар бағыттамаларды курбельмен аударып, ілмекті құлыппен жəне басқышпен бекіту арқылы қолмен дайындалады. Құлыпталған бағыттамалардың кілттері əрдайым станса кезекшісінде сақталады, ол стансаның арнайы сызбасында бағыттама-лар мен жолдың сол бекітілген кездегі қалпын көрсетіп отырады.
Пойыздарды шектеулі уақытпен жүргізу жүріс мөлшері күрт артатын жағдайда темір жол бастығының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Машиниске берілетін диагоналы бойынша екі қызыл жолақты ақ түсті бланкіге толтырылған рұқсат қағазы (ДУ-56 үлгідегі) пойыздың аралыққа кіруіне рұқсат береді.
Пойыздар жүрісін осылайша ұйымдастыру автоблокировкамен жабдықталмаған, жолдың планы мен кескіні қолайлы кейбір жеке аралықтардың өткізу қабілетін күрт арттыруға мүмкіндік береді.
Пойыздар жүрісін бұлайша ұйымдастыру блокировка жүйесі ұзақ уақытқа зақымданатын жағдайда да пойыздар жүрісі телефонды байланыс құралдары арқылы қалпына келтірілген аралықтарда қолданылады.
Даражолды жəне қосжолды аралықтарда да пойыздар шектелген уақытпен жөнелтіледі, ол пойыз диспетчерінің тіркелген бұйрығы берілгеннен кейін ғана даражолды жүріс ережесі бойынша тек телефонды байланыс құралдары арқылы жүргізіледі, бұл жағдайда пойыз телефонограммасының өзге түрлері қолданылады.
Мұндай жолмен ұйымдастыру мүмкін болатын аралықтарда бірізді жөнелтілетін пойыздардың ең жоғарғы жылдамдығы, аралық интервалы темір жол бастығының бұйрығымен белгіленуі тиіс.
Стансалық жүйелер – пойыздар мен маневрлік құрамдардың жүрісі кезінде бағыттамалар мен сигналдардың өзара тəуелділігін қамтамасыз етеді, бағыттамалардың қалпын бақылайды, олардың берілген бағыттан аударылуына жол бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет