4.Пайдалану жұмысын талдау түрлері мен мақсаты. Пайдалану жұмысының техникалық мөлшерлерінің орындалуын талдау.
Темір жолдың пойыз және жүк жұмысын шұғыл жоспарлау, тасымалдау үрдісін ұйымдастыру жүйесінің маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады және жүк түсіру мен тиеудің айлық мөлшерлерінің, пойыздар мен вагондарды жолдар мен тасымалдау бөлімшелерінің арасында беру мөлшерлерінің, бос вагондарды тапсыру бойынша реттеу тапсырмаларының, жылжымалы құрамды қолданудың техникалық мөлшерлерінің орындалуы мен шамадан тыс орындалуын қамтамасыз ету керек.
Шұғыл жоспарлаудың мақсаты болып:
сұрыптау, телімдік және ірі жүк станцияларынан жөнелтілетін пойыз саны мен жөнелту уақытын анықтау;
жолдың барлық телімдері бойынша жүру өлшемдерін және тасымалдау бөлімшелері мен жолдар арасында пойыздар мен вагондарды беру өлшемдерін анықтау;
белгіленген жүріс өлшемдерін қамтамасыз ету үшін локомотив пен локомотив бригадаларының қажеттілігін анықтау;
жүк түрі, жылжымалы құрам түрі бойынша және жалпы жүк тиеу көлемдерін анықтау;
реттеу тапсырмалары бойынша тапсырылатын вагондар санын, оларды жөнелту мен жүргізу тәртібін анықтау;
жергілікті жүкті және бос вагондарды тиеу үшін тарату тапсырмаларын анықтау;
жылжымалы құрамды қолданудың көрсеткіштерін анықтау.
Пойыз және жүк жұмысын шұғыл жоспарлау. Пойыз және жүк жұмысын шұғыл жоспарлаудың құрамына станция, тасымалдау бөлімшесі және жол жұмысының тәуліктік, ауысымдық жоспарларын өңдеу кіреді. Ауысымдық жоспар, жоспарланатын тәулік алдындағы тәуліктің 13 сағатына дейін өңделіп, бекітуге берілу керек, сонымен қатар, тәуліктің бірінші жартысындағы тапсырмалар бөлектеліп, желілі кәсіпорындарға 15 сағаттан кешікпей хабарлану керек.
Жоспарды орындау барысы тәулік бойы қадағаланып, екі рет (20-22 сағ және 9-10 сағ) қарастырылады, қажет болған жағдайда, оның жеке көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.
Пойыз және жүк жұмысының ауысымдық жоспары, тәуліктік жоспардың негізінде, ауысымның жұмыс аралығындағы жағдайын ескере отырып, құрастырылады.
Пойыз жұмысын ағындағы жоспарлау, 4 және 6 сағаттық аралықтар бойынша жүзеге асырылады және пойыздарды жөнелту уақытын анықтауды, локомотив және локомотив бригадаларын график желілері бойынша байланыстыруды алдын ала қарастырады.
Пойыз және жүк жұмысын ЭЕМ қолдана отырып жоспарласа, жұмыстың негізгі өлшемдері екі, үш тәулікке жобаланады.
Шұғыл жоспарды құрастыру үшін қажетті бастапқы берілгендер: пайдалану жұмысының айлық мөлшерлері; пойыздардың жүріс графигі және құрастыру жоспары; пойыздарды, вагондарды өңдеудің, жүк операцияларын орындаудың технологиялық мөлшерлері; пойыз, жүк жұмысы және вагон паркы жөніндегі шұғыл есеп; жүк жөнелтушілердің жүк тиеуге вагондарды беру үшін тапсырыстары, маршруттау жоспары, көрші жолдардан, бөлімшелерден және станциялардан жақындаған пойыздар мен вагондар туралы ақпарат, пойыздар мен вагондарды беру жобасы; жоспарланатын тәуліктегі жолдың есептеу орталығынан алынатын маңызды көрсеткіштердің жобасы.
Достарыңызбен бөлісу: |