Тақырып 3. Жылжымалы құрамдарды пайдалану көрсеткіштері. Шұғыл басқару мен теміржолдағы пайдалану жұмысын талдаудың негіздері
Лекция № 5.
1.Жылжымалы құрам жұмысының сандық және сапалық көрсеткіштері.
2.Вагон айналымы және оның құрылымдық элементтері туралы ұғым. Вагонның статикалық және динамикалық жүктемесі. Вагон өнімділігі.
3.Жол және бөлім «жұмысы» туралы ұғым. Вагон паркын мөршерлеу. Локомотив айналымы туралы ұғым. Локомотив паркын мөлшерлеу. Локомотив өнімділігі.
Техникалық мөлшерлер белгілі көрсеткіштер жүйесі арқылы сипатталады. Бұл жүйенің құрамына келесі элементтер кіреді:
тәуліктік сандық көрсеткіштер: жүкті тиеу, жүкті түсіру, түсіруден кейін бос вагондарды тапсыру, техникалық станциялардан жөнелтілетін вагондардың саны, жүк айналымы, вагон-км, пойыздарға локомотивтерді беру;
сапалық көрсеткіштер: вагон айналымы, жүк және техникалық станцияларда вагондардың аялдау уақытының мөлшерлері, жүріс жылдамдығы, вагон және локомотивтердің орташа тәуліктік жүрісі, вагон рейсі, вагондардың бос жүрісі;
тасымалдау үрдісін қамтамасыз ету көрсеткіштері: құрылымы және түрі бойынша жұмыс вагон паркы және олардың қоры, локомотив паркы және электр энергиясы мен отынның лимиттері;
есепті көрсеткіштер – техникалық станциялардан жөнелтілген транзитті вагондардың саны, айналым уақыты ішінде вагонның жүріп өткен техникалық станциялардың саны, вагон иіні, жергілікті жұмыс коэффициенті, жүкті тиеу-түсіру станцияларында вагонның бос күйде аялдау үлесі.
Темір жол тасымалдау бөлімшесі жұмысының техникалық мөлшерлері.
Темір жол (айдың 22 жұлдызына дейін) ашық жоспарлардың және «ҰК “ҚТЖ” АҚ арнайы нұсқаларының негізінде жалпы барлық вагондар және жылжымалы құрамның түрлері бойынша жолдар үшін жүк тиеу жоспарын құрады.
Жоспарланатын айда жүктің түрлері бойынша орташа тәуліктік тиеу:
, ваг (5.1)
мұндағы ∑ р - берілген жүктің бір айда тасымалданатын көлемі, т;
рТ – вагонның жүк тиелуінің техникалық мөлшері, т/ваг;
Т – қарастырылатын уақыт аралығы, 30 тәулік.
Темір жол өзінің тиеу жоспарын жолдық есептеу орталығынан (ЖЕО) айдың 24 жұлдызына дейін, Басты есептеу орталығынан (БЕО) әр жылжымалы құрам түрі бойынша және жалпы барлық жолдар үшін келтірілген жоспарды – «шахматканы» өңдеу үшін хабарлайды (5.1-кесте)
Достарыңызбен бөлісу: |