6.1-сурет. Пойыздық жағдай фрагменті
Пойыздық жағдайда:
1500, 1000 – есепті сағаттағы қолда бар жұмыс парк вагондары;
120, 100 – соның ішінде жергілікті жүк;
700, 680 – вагон ағындарын бағыттар бойынша тарату;
150, 100 – ұйымдастырылған пойыздардағы вагондар саны;
3 - дайын пойыздардың саны;
3 - жөнелтуге дайын локомотивтердің саны;
10+2 тәулік басынан жөнелтілген пойыздар мен резервті локомотивтер саны;
600, 400+100 түйіспе бекеттері бойынша – тапсырылған және қабылданған тиелген және бос вагондар саны.
Әр кезеңдерде пойыздық жағдай 12 және 6 сағаттық аралықтар бойынша толтырылатын. Соңғы уақытта пойыздық жағдай 3 сағаттық аралықтарға толтырылады. Енгізілетін мәліметтерді талдау және оларды нормативтермен салыстыру негізінде жолдың пайдалану жағдайы бағаланады және пойыздар жүріс графигі мен шұғыл жоспар тапсырмаларының орындалуына бағытталған шұғыл шаралар өңделеді.
Тақырып 4. Жүк пойыздарын жіктеу. Пойыздардың жүріс графигі
Лекция № 7
1. Жүк пойыздарын жіктеу. Маршруттық пойыздар.
2. Жүк пойыздарын мамандандыру сызбасы.
Жеткізілетін бекеті бір белгілі вагондарды пойыздарға біріктіру тəртібін пойыздарды мамандандыру деп атайды. Жүк пойыздарын былайша жіктейді:
Құрастыру жағдайына қарай:
• жүкті жөнелтушілердің қатысуымен ұйымдастырылатын жөнелтуші жəне сатылы маршруттық пойыздар;
• техникалық жəне жүк стансаларында жүк жөнелтушілердің қатысуынсыз құрастырылатын пойыздар.
2.Жүріс сапарының қашықтығына қарай:
• бір немесе бірнеше техникалық стансадан өңдеусіз өтетін өтпелі пойыздар;
• бір телімде құрамын өзгертпестен өтетін телімдік пойыздар;
• вагондарды телімнің аралық стансаларына тарататын (жинайтын) құрама пойыздар.
Олар өз кезегінде былайша бөлінеді:
-телімнің аралық стансаларының бір бөлігінде ғана жұмыс істейтін аймақтық;
-екі жəне одан да көп телімдердің барлық немесе негізгі аралық стансаларында жұмыс істейтін (ұзартылған телімдерде);
-телімнің бір бөлігінен тоқтамастан өтетін құрама-телімдік пойыздар;
• техникалық стансалардан жұмыс көлемі үлкен кейбір аралық стансаларға дейін жөнелтілетін жақынаралық пойыздар;
-бір тораптағы стансалар арасында қатынайтын жəне арнайы бөлінген тораптық локомотивтер паркі қызмет көрсететін тораптық пойыздар;
-жолдарды жөндеу мен тазартуға, қарды тасып əкетуге т.с.с. арналған шаруашылық пойыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |