Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Жалпы педагогикалық(жалпыдидактикалық) деңгей



бет209/226
Дата10.04.2023
өлшемі0.96 Mb.
#471983
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Жалпы педагогикалық(жалпыдидактикалық) деңгей: бұл деңгейдегі технология бір өңірдегі, оқу орнындағы, нақты бір оқыту сатысындағы тұтас білім беру үрдісімен сипатталады. Бұл жерде педагогикалық технология педагогикалық жүйе ретінде қарастыры-лады.

  • Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: бұл деңгейдегі техно-логия «жеке пәндер әдістемесі» немесе бір пән, сынып көлеміндегі оқыту мазмұнын жүзеге асырудың әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қолданылады.

  • Локальды (модульдік) деңгейдегі технология оқу-тәрбие үдерісінің жеке бөліктерінің дидактикалық немесе тәрбиелік міндет-терін (өздік жұмысты ұйымдастыру технологиясы, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру технологиясы, білімнің меңгерілуін тексеру технологиясы, т.с.с.) шешуімен сипатталады.

    Жалпы алғанда, педагогикалық технологиялардың негiзгi қыз-метi педагогикалық үрдіске қатысушылардың iс-әрекеттерiн белсен-дендіру мен жетілдірудің жүйелi құралы ретiнде тұлғаның даму мiндеттерiн нәтижелi шешу, оқыту мен тәрбие үрдістерінің сапасын жоғарлату болып табылады.
    Оқушылардың субъектілік белсенділігін арттыру қазiргi еңбек нарығының негізгі талабы, себебі ақпараттық қоғам жастардың ерекше бағыныштылық әрекеттерiне қанағаттана алмайды. Оқушылардың болашақта жауапкершiлiктері жоғары, өз әлеуеттерін өздері iске асыра алатын, бәсекеге қабiлеттi, әлеуметтік белсендiлiктері жоғары тұлға ретінде тәрбиеленіп шығулары бүгінгі уақыт талабы.
    Оқушы 11-12 жыл бойы мектеп қабырғасында өзін-өзі дамытуға дағдылану үшін мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты, ұйымдас-тыру формалары, субъектілердің қарым-қатынас стильдері, бағалау формалары дұрыс таңдалуы керек.
    Сонымен педагогикалық технологияның негізгі ерекшелігі білім алудағы оқушы тұлғасының ерекше сипатқа ие болуында. Егер дәстүрлі оқыту жүйесінде оқушы іс-әрекеті репродуктивті сипатта болса (қайта жаңғыртып айтып беру, алгоритм бойынша тапсырмаларды орындау), педагогикалық технологияларды қолдануда оның іс-әрекеті продуктивті (өнімді) болуы керек, яғни шығармашылық белсенділігі талап етіледі.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   226




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет