3.5 Құю қалыптарын дайындау
Қалыптарды(қалыпшаларды)жасаудың
негізгі
операциялары:
қалыпта үлгінің нақты ізін алу үшін және үлгіге жеткілікті беріктікті беру
31
үшін қалыптау қоспасын беріктендіру; құю кезінде туындайтын газдарды
қалып қуысынан шығару үшін желдеткіш арналарды жасау; қалыптан
үлгілерді ажырату; қалыптарды бөлу және жинау. Қалыпты
механикаландыру дәрежесі бойынша қолды, машиналы және автоматты
қалыптау деп бөледі.
Қолмен жасалған қалыптауды тәжірибелі өндірісте бір немесе
бірнеше құймаларды алу үшін, құймаларды жөндеу өңдірісте және де
(салмағы 200... 300 т) ірі құймаларды жасауда. Тәжірибеде қолмен
қалыптаудың түрлі әдісін қолданады.
Ажырайтын үлгі бойыншақос опокаларда қалыптау кең таралған.
Екі жартылай қалыптан тұратын құю қалыбын (12, есурет)ажырайтын үлгі
бойынша (12, асурет )мынадай кезекпен жасайды: 3 үлгі плитаға 1 үлгінің
төменгі жағын, 4 қоректендіргіштің үлгілерін және 5 қалыпты бойынша
операциялар тізбегі орналастырады (сурет 12, б ). Бұл қалыпқа қалыптық
қоспаларын төгеді және беріктендіреді. Опоканы 180°қа бұрады (12,
всурет ), 2 үлгінің жоғарғы жартысын, 9 шлакұстағыш, 8 тұрғышты және 7
итергіштер үлгілерін орнатады. Орталықтандырушы
12-сурет.Вентиль қорабы үшін құю үшін қалыбының дайындау
операцияларының кезектілігі
қадауыштармен 6 жоғарғы опоканы орнатады, қалыпты қоспаны төгеді
және беріктендіреді. Үлгілерді тұрғыш және итергіштерді ажыратудан
кейін қалыпты ашады. Жартылай қалыптардан үлгілер мен (сурет 12,
г)қоректендіргіш үлгілердіжәне шлакұстағышты шығарады, төменгі
жартылай қалыпқа 10 өзекше (12, д сурет )орнатып, төменгі жартылай
қалыпты жоғарғымен жабады. 12, е суретте вентиль қорабының құю
қалыбы көрсетілген. Балқыған металды құйғаннан және тұндырғаннан
кейін құю қалыбын бұзады және құймаларды ажыратады (12, ж сурет. ).
Шаблондармен қалыптауды бірлікті өндірісте айналу денелерінің
конфигурациясына ие құймаларды алу үшін қолданады. Мысал ретінде
32
шлакты кесеге үлгі дайындау технологиялық процесін қарастырып көрейік
(13, а сурет).1, 4 шаблондары (13, б сурет) арқылы қалыптауды іске
асырады; шұңқырда тік жағдайда 2 шпиндельмен 7 өкшелікті орнатады,
қалыптау қоспасын төгеді және шпиндел айналасында беріктендіреді; 3
сырғаға құйманың сыртқы қабатының бейнесіне ие кескіш шеті бар 1
шаблон іледіжәне оны 5 тірекке дейін шпиндельде (13, в сурет. ) орнатады;
Шаблонның бір жаққа және келесі жаққа айналу әсерімен шаблон
профилине сай қалыптық қоспаны кеседі, қалыптау қоспаларының
қалдықтарын алып тастайды; алынған дөңбектен жоғарғы жартылай
қалыпты (13, г сурет) дайындайды.
Бұл үшін сырғаны шаблонмен шпиндельден алады, қалыптың
жалғағыш жазықтығын құрғақ кварцты құммен немесе қағаз ажыратқыш
қабықпен жабады, құю жүйесінің үлгілерін, опокаларды орнатады,
қалыпты қоспаларды төгеді және оны беріктендіреді, шпинделді жояды
және жоғарғы жартылай қалыпты шешеді.
7 өкшелікте тағы да сырға көмегімен құйманың ішкі қабатының
келбетіне ие 4 шаблон (13, д сурет ) тағатын шпиндель орнатады. Осы
шаблон арқасында дөңбектен құйма қабырғасының қалыңдығындағы
қалыптау (13, й сурет) қоспасының қабаты жойылады; осыдан кейін
шаблонды түсіреді және шпиндельді жояды, алынған дөңбекті бөледі және
жоғарғы жартылай қалыпты орнатады (13, е сурет), содан кейін құю
қалпына балқыған металл құяды.
13-сурет. Шаблондық қалыптау
Кессондарда қалыптауды салмағы 200 т дейінгі ірі құймалар
дайындауда қолданады. 14-суретте механикаландырылған кессонда 7
бетон негізінде жасалған станина қалабы көрсетілген. Оның түбіне 4
шойынды плиталар жатқызылған. Екі қозғалмайтын 1 және 8
қабырғаларда металды плиталармен қапталған. Қарама-қарсы 3 және 6
33
шойынды қабырғалар электр қоғалтқышпен қозғалысқа қосылатын
шынжырлы редуктор көмегімен қозғалады. Осындай қозғалуы кессонның
ішкі өлшемдерін өзгертуге көмектеседі.
Қалыптарды сұйық өздігінен қатаятын қоспалардан жасалған 5
өзекшелік-блоктардан жинайды. Құю жүйесін керамикалық отқа төзімді
құбырлардан дайындайды. 10 жоғарғы жартылай қалыпты 9
орталықтандырушы қадауыштармен орнатады және кессонға болттар
арқылы жалғайды.
Өзекшелердегі қалыптау күрделі конфигурациялар құю өндірісінде
жаппай және ірі өндірісте қолданылады. 15-суретте ауамен салқындату
қозғалтқыш
цилиндрінің
өзекшеліктерінде
қалыптастыру
үлгісі
көрсетілген. Ауамен салқындату қозғалтқыштың цилиндрін құюға
арналған қалып алты өзекшелерден құрастырылған. Қалапты құрастыру
көлденең күйде жүзеге асырылады. 1 өзекшеге 2 өзекшені салады, содан
кейін 3, 4, 5 және 6 өзекшелер салынады. Құрастырылған қалыпты
бекітеді.
14-сурет. Механикаландырылған кессонда табан қалыбын жинау
Сұйық әйнекті қоспаларды қолданумен қалыптауды салмағы 40 т-ға
дейін құймаларды сериялық және бірыңғай өндірісте жасауда қолданады.
Қалыптау кезінде 50 ... 70 мм қабатты үлгіге сұйық әйнекті қалыптау
қоспалар қабатын жағады, опоктың қалған көлемін толтырғыш қалыптау
қоспаларымен толтырады және тығыздайды.
Жартылай қалыптарды жасағаннан кейін үлгілерді алып шығарады.
Жарты қалыптар қолшатырмен жабылады, оның астында үлгінің тез және
тегіс қатаюын қамтамасыз ететін 0,2 ... 0,3 МПа қысымымен көміртегі
диоксиді газы беріледі (16-сурет).
Газдандырылған үлгілер бойынша қалыптауды құю шойын, болат
және түсті металл қорытпаларынан (салмағы 20 тоннаға дейін) жасалған
34
ірі көлемді құйылған құймаларды жасау үшін қолданылады. Процестің
ерекшелігі - пенополистирол көбігінен дайындалған үлгі қалыптан
15-сурет. Ауа салқындатқыш қозғалтқыштың цилиндрінің өзекшелерінде
қалыптау.
шығарылмайды, бірақ балқытылған металды құйған кезде ол балқыманың
қызуының
әсерінен
газдандырылады.
Бұл
ретте,
балқымамен
толтырылатын қалыптың қуысы босатылады. Қалыпты құю 17-суретте
көрсетілген. Газдандырылған үлгі құйманың конфигурациясын нақты
қайталайды. Бұл қуыстарды, саңылауларды, шығыңқы бөліктерді орындау
үшін қажетті өзекшелерді дайындамауға мүмкіндік береді. Бұл әдістер
үшін қалыпты СӨӨҚҚ пен СТҚ және т.б. қоспалардан дайындайды.
16-сурет. Көмірқышқыл газы бар құю қалыбын үрлеуге арналған
сұлба:
1 – көмірқышқыл газы бар боллон;
2 - редуктор; 3 - резеңке шланг; 4 - қолшатыр; 5 - сұйық әйнекті
қоспасының қабаты; 6 – опока.
35
Үлгілерді қалып дайындау алдында күйіп кетуге қарсы шаң
түріндегі цирконнан және спирттегі поливинилбутерал ертіндісінен
қабатпен жабады. Жабынды кептіргеннен кейін, 3 үлгісі 1 опокаға
орнатылады, оған құю жүйесін жалғастырып, СӨӨҚҚ 4 толтырады.
Үлгіні бірізді газдандыру үшін балқытылған металл төменнен
беріледі. Бұл жағдайда үлгісінің ыдырау өнімдері балқыманың айнасы мен
үлгінің ыдырауының беті арасындағы 2 саңылауы арқылы қалыпқа кетеді
(17- сурет).
Газдалған үлгімен қалыпта цехтің атмосферасында күйе мен
газдардың шығуын болдырмау үшін ашық итергіш және пайдаларын
жасамайды. Күйе көлемін азайту үшін қалыпқа құю бір уақытта қалыпқа
СО
2
берумен
орындалады.
СО
2
үлгінің
ыдырау
өнімдерінің
қышқылдануына әкеледі, және күйе саны біршама азаяды.
Қалыпты
ажырату
және
қалыптан
үлгілерді
шығару
операцияларының болмауы құйманың нақтылығын арттырады, құюды
жояды, ол өз кезегінде құймаларды шабу еңбегін төмендетеді.
17-сурет.
Газдандырылған үлгілермен қалыпты құю
сұлбасы.
Достарыңызбен бөлісу: |