Технологиясы



Pdf көрінісі
бет17/45
Дата10.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#488823
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Құрылымды материал технологиясы. Құю өңдірісі

Машиналық қалыптауды жаппай немесе сериялық өңдірісте 
құймаларды өңдеу үшін қолданады. Қалыптарды машиналық қалыптау 
кезінде қалыптарды қос опокаларда бір жақты металды үлгілі плиталарды 
қолданумен дайындайды (6, б сурет). Машиналы қалыптау машиналарға 
опокалардың орнатылуын, опокаға қалыпты қоспаны себуді, қоспаны 
беріктендіруді, қалыптан үлгілерді жоюды, қалыптарды тасымалдаумен 
жинауды механикаландырады. Машиналы қалыптау қолмен қалыптауға 
қарағанда қалып қуысының жоғарғы геометриялық нақтылығын 
қамтамасыз етеді, еңбек өнімділігін арттырады, қолмен қиын еңбектену 
операцияларын жояды, құймаларды дайындау циклін қысқартады. 
Машиналы қалыптауда қалыптау қоспасын престеумен, шайқаумен, құм 


36 
лақтырумен, вакуумды қалыптаумен және т.б. тығыздайды. 
Қалыптау қоспасын престеу арқылы тығыздау (4.18, а сурет) 0,5...0,8 
МПа қысыммен 1 цилиндрдің төменгі бөлегіне сығылған ауа беру кезінде 
жүзеге асады, нәтижесінде 2 престі поршень 4 үлгі плита бекітілген 3 
үстел көтеріледі. Осы кезде 8 траверсте орналасқан 7 колодка 6 
толтырушы жақтау ішіне кіреді және 5 опокадағы қалыптау қоспасын 
тығыздайды.
Опока қабырғасына қалыптау қоспаларын үйкелеуге байланысты 
престі колодкалардың алыстау мезгілінде қалыптау қоспаның тығыздығы 
азаяды. Опока мен үлгісі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қалыптау 
қоспаның тығыздығының біркелкі болмауы көбірек болады. Биіктігі 
200...250 мм опокаларда қалыптау қоспаларды тығыздау үшін престеуді 
қолданады. 
Опокадағы қалыптау қоспасын біркелкі тығыздығын алу үшін көп 
плунжерлі престеу колодкаларын қолданады (18, б сурет). 
Престеу кезінде 4 машина 1 үстел көп плунжерлі престеу колодка 
жағына қарай қозғалады. Қалыптау қоспасының әртүрлі кедергілер 
дәрежесінің әсерінен 3 плунжерлер 2 поршеньге май арқылы қысым 
түсіруден көршілестерге тәуелсіз оның астында орналасқан қалып алаңын 
престейді.
18-сурет. Құйма үлгілерді машиналық қалыптау кезінде тығыздау 
әдістерінің сұлбалары. 


37 
Шайқау арқылы қалыптау қоспаларын тығыздау (18, в сурет) 0,5 ... 
0,8 МПа қысымда сығылған ауаны 1 цилиндрдің төменгі бөлігіне беру 
кезінде жүзеге асады, шайқау нәтижесінде 2 поршень 25 ... 80 мм жоғары 
көтеріледі. Осы кезде 10 кіру саңылаулары поршеньнің жоғарғы бүйірімен 
жабылады, ал төменгі оның жиегі 7 шығаратын терезені ашады, ауа 
атмосфераға шығады.
Поршень астындағы қысым азаяды, және 3 үстел 
және онымен бірге бекітілген 4 үлгі плита 8 цилиндр бүйіріне құлайды. 
Үстел жылдамдығы, соған сай, үлгі плита жылдамдығы да нөлге дейін 
төмендейді, ол кезде қалыптау қоспасы 5 опокада және 6 толтыру 
жақтауда инерциямен төмен қозғала отырып тығыздалады. Шайқау 
поршеньнің 9 арнасы шайқау цилиндрінің 10 саңылауына қарсы тұрған 
сәтте, сығылған ауа қайтадан шайқау цилиндрінің қуысына кіреді. Бұл 
өзінен кейін шайқау үстелінің жаңа көтеріліміне және оның бүйірге жаңа 
соққысына және т.б.әкеледі.
Шайқау үстелі әдетте минутына 120 ... 200 соққы жасайды. 
Соққылардың қайталану нәтижесінде опокада қалыптау қоспасын 
тығыздау жүзеге асырылады. Осы кезде үлгі плитада жатқан қалыптау 
қоспасының қабығы қалыптың жоғарғы бөлігінде жатқан қабыққа 
қарағанда үлкен тығыздыққа ие болатын болады. 
Шайқау арқылы биіктігі 800 мм дейін қалыптарды тығыздайды. 
Шайқап қалыптардың жоғарғы қабығын беріктендіру үшін престеуді де 
қосады. Бұл қалыптардың жоғарғы әрі біркелкі тығыздығын қамтамасыз 
етеді.
Қалыптау қоспаларын құмлақтырғышпен тығыздау (18, г сурет) 
құмлақтырғыштың жұмыс органы - лақтырғыш басымен жүзеге 
асырылады, ол үлгі плитаның жұмыс қабатына қоспалар пакетін 
лақтырады. Лақтырғыш бастың 4 болат қабықта электр қозғалтқыштың 6 
білікте бекітілген 2 ковшпен 5 ротор айналады. Қалыптау қоспасы 1 
басына үздіксіз таспалы конвейермен қабықтың артқы қабырғасындағы 
терезе арқылы беріледі. Ковш айналу кезінде (1000 ... 1200 айналым/мин) 
қалыптау қоспалары 7 пакеттерге жиналады және орталық тепкіш 
күштермен опокаға шығатын саңылаулар арқылы лақтырылады. Қоспа 
үлгі мен үлгі плитаға түсе отырып, опока биіктігімен біркелкі 
кинематикалық энергия есебінен тығыздалады. Лақтырғыш басты опока 
үстімен біркелкі көшіреді.
Құмлақтырғыш жоғарғы өндірісті машина болып табылады, 
сондықтан оны ірі құю қалыптарын тығыздауда қолданады. 
Құмлақтырғыштың жұмысын басқару автоматтандырылған.
Қабықты-вакуумды қалыптау (18, д сурет) келесідей кезектілікпен 
жүзеге асады: 2 үлгімен 1 үлгі плитаны қалыңдығы 0,1 мм-ден артық емес 


38 
полимерлі қыздырылған қабықшамен жабады. Вакуумды сорғымен 7 әуе 
қорабында 2,6...5,2 МПа вакуум жасайды. 6 қабық үлгімен үлгі плитаға 
берік бекітіледі. Үлгі плитаға 3 опоканы орнатады, оны құрғақ кварцты 
құммен толтырады, оны дірілдің көмегімен тығыздайды және опоканың 
ашық жоғарғы беткі қабатын тегістейді. Қыздырылған жоғарғы беткі 
қабатына полимерлі 4 қабықты салады, (4 ... 6 МПа) 
сейілту
есебімен 
опокаға жүктейді ол құмның тығыздалуына және қалыптың тұтқырлығына 
мүмкіндік береді. Осыдан кейін жартылай қалыпты үлгіден алып 
тастайды.
Жоғарғысын қалай жасаса, жартықалыптың төменгісін де солай 
жасайды, содан кейін қалыпты жинайды. Вакуумдау жартылай 
қалыптарды дайындауда ғана емес, сонымен қатар оларды жинағанда, 
құйылған металлды құюда және қатайту кезінде жалғаса береді. Қалыпқа 
металды құю кезінде қабық жанып кетеді. Жанып кету өнімдері күйікке 
қарсы жабынның рөлін атқарады. Осы әдіспен салмағы 0,1 ... 10 т құймаға 
арналған 
қалыптарды 
автоматтандыру 
қалыптау 
өндірістерінде 
дайындайды.
Қалыпты қоспаларды импульсті тығыздау (19-сурет) келесі 
кезектілікпен орындалады: үлгімен, үлгі плитаға 2 опоканы орнатады және 
3 қалыптау қоспасын себеді, опокаға көп санды саңылауы бар плита -
қиғышты қояды. Қосушы клапаны бар плита үстіне 5 импульсті бас тиекті 
орнатады. Бастиекті, қиғыш плитаны және опоканы бір-біріне тығыздап 
қысады. Осыдан кейін 6 қосушы клапанды ашады және қысыммен 
сығылған ауаны 5 ...8 МПа қысыммен қиғыш плитадағы саңылау арқылы 
опокаға бағыттайды және динамикалық әсермен және ұсақ тесіктер 
фильтрациямен қоспаны тығыздайды, содан кейін үлгі мен үлгі 
плиталардағы венттер арқылы атмосфераға тарайды (венттер – жіңішке 
саңылаулар, олардан ауа өтеді, бірақ қалыптық қоспа өтпейді). Қалыпты 
қоспаны тығыздайтын бұл әдіс жоғары тиімділікті, жоғары және біркелкі 
тығыздықпен қалыптарды дайындауға мүмкіншілік береді, қозғалатын 
бөліктері (плунжерлер, диафрагмалар және т.б.) жоқ.
Автоматты қалыптауды сериялық және жаппай құймалар өндіруде 
пайдаланады, құю қалпы бір позициядан келесіге кезекті беріледі. Бұл 
ауысым әр түрлі конвейермен, кантователдермен, итергішпен және басқа 
да құрылғылармен автоматты түрде жүзеге асады. Автоматты қалыптау 
үшін қалыптау автоматтары, опокасыз қалыптау машиналары және 
автоматты қалыптау сызықтар қолданады. 
Құю 
қалыптарын 
дайындау 
үшін 
қолданатын 
қалыптау 
автоматтары адамсыз-ақ барлық технологиялық операцияларды 
орындайды. Қалыптау автоматтарын автоматты сызықтар құрамында 
қолданады.


39 
19-сурет. Үлгілік қоспаны ауа импульсімен тығыздау сұлбасы. 
Автоматты опокасыз қалыптауды сериялық және жаппай 
өндірісте сұр, соғылған және беріктілігі жоғары шойын және болаттардан 
уақ құймаларды жасауға арналған қалыптарды дайындау үшін қолданады. 
Құю қалыптарын дайындау жоғары өнімді құм үрлегіш престеуші 
автоматты сызықтарда жүзеге асырылады (20-сурет). 
20-сурет. Автоматтық машиналарда
опокасыз құю қалыптауларды 
жасаудың технологиялық сұлбасы. 
1 үлгі плита престі машинаға бекітілген, плита 3 – қысымға қарсы 
плитада бекітілген. 1,3 үлгілі плиталар, бүйір қабырғалар және 2 бастиегі 
қалыптау камерасын жасайды (20 а сурет). Қалыптау камерасы 0,5 ... 1 
МПа қысыммен сығылған ауа көмегімен қалыптау қоспасымен 
толтырылады (20, а сурет). Осыдан кейін қалыптау қоспасы 4 плунжермен 
қысымы 2 МПа престеледі. Үлгі плита солға кетеді, көлденең күйге 
бұрылады, қалыптау қоспасының нығыздалған кесегі 5 қуыс жасай 
отырып 4 плунжермен алдыңғы кесектермен жанасқанша итеріледі (4.20, б 
сурет). Нәтижесінде 6 ковштан балқыған металмен толтыратын үздіксіз 
қалыптар реті жасалады. Құймалар қатаю мен салқындатудан кейін 


40 
қалыптарды соғылған торларға жіберіледі, оңда 7 құймалар қалыптау 
қоспалардан босатылады. Қоспа қайта өңдеу мен қайта қолдануға, ал 
құйма – шабу бөліміне жіберіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет