Технологиясы



Pdf көрінісі
бет14/45
Дата10.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#488823
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Құрылымды материал технологиясы. Құю өңдірісі

Өзектік қоспалар – құю өзекшелерін дайындаудың технологиялық 
процесінің жағдайына сәйкес келетін қалыпты материалдарының көп 
компонентті қоспасы. Ерітілген металдарды құйған кездегі өзекшелер 
қалыптауға қарағанда маңызды термиялық және механикалық әсерлерге 
ұшырайды, сондықтан өзекшелік қоспалары жоғары отқа төзімділік, газ 


28 
өткізгіштігі, сәйкестігі, газдардың аз шығуы, құймадан жеңіл шығып кетуі 
және т.б. болуы тиіс. 
Өзекшелерді дайындау әдісіне байланысты өзектік қоспалар 
өзекшелерді термиялық кептіру арқылы; қыздырылатын жабдықтарда; 
сұйық өздігінен қатайтатын қоспалар; көмірқышқыл газымен қатайған 
сұйық 
әйнек 
қоспалары; 
синтетикалық 
шайырлардағы 
суық-
беріктендіретін қоспалар деп бөлінеді. 
Термиялық кептірумен жөндеуге қатайған өзектік қоспаларды 
әртүрлі органикалық және бейорганикалық материалдарды қолданылатын 
кварц құмдары мен байланыстырғыштарынан дайындалады. 
Қыздыру құралдарымен жөндеуге арналған өзектікқоспалар 
синтетикалық шайырлар мен катализаторларды пайдаланып кварц 
құмынан дайындалады. Құю қалыптарымен құю өзекшелерін дайындау 
үшін пайдаланылатын сұйықтықтың өздігінен қатайтатын қоспаларын 
(СӨҚҚ) кварц құмынан, қатайтқыштардан (феррохром шлагынан), 
байланыстырғыштар материалдардан (сұйық шыны, синтетикалық 
шайырлар), беткі қабаттық-белсенді заттардан әзірлейді. Қоспалар 
компонентерін белсенді араластырғанда денені құм түйірлерін бөлетін 
және олардың арасындағы үйкеліс күшін азайтатын қоспаға ағынды 
қасиет беретін көбік пайда болады. Мұндай қоспалар әдетте 9-10 минут 
бойы ағындылығын сақтайды. Осы уақыт ішінде қоспаны қалыптарға 
немесе өзектік жәшіктерге құю керек. 20 ... 30 минуттан кейін қоспа берік 
болып қалады. 
Құйылған қалыппен және құйылған өзекшелерді дайындау үшін 
пайдаланылатын сұйықшынылы қоспаларды, 10% натрий гидроксиді 
ерітіндісі қосылған сұйықтық шынының байланыстырушы материалдары, 
құрамында 3,5% -дан көп емес кварцты құмынан әзірлейді. 
Қоспаныңқатаюын көмірқышқыл газын үрлеумен жүзеге асырады. 
Салқын қататынқоспаларды (СҚҚ), өзекшелер үшін қолданылатын, 
карбамидофуранды, 
фенолформальдегидті 
шайырлар 
және 
т.б 
материалдарды байланыстыратын, кварцты құмнан дайындайды.
Катализаторлар ретінде ортофосфор немесе азот қышқылын және оның 
тұздарын қолданады. Қоспалар қату уақыты 1 ... 20 мин. 
Қалыпты және өзектік қоспаларды дайындау үшін қоспа 
компонентерді 5 ... 12 мин араластырады содан кейін бункерде ұстайды. 
Заманауи құю цехтарында қалыпты және өзектік қоспаларды дайындау 
автоматты қондырғыларда жүзеге асады. Қоспаларды дайындаудың 
барлық операциялары- кептіру, ұсақтау және қалыпты материалдарды 
сүзу, 
металл 
қоспаларды 
ажырату, 
қоспалар 
компоненттерін 
араластырғышқа беру, оларды араластыру, дайын қоспаларды қопсыту 
және қалыптау машинасына беру автоматты түрде жүзеге асады.
СӨҚҚменСҚҚ дайын қоспалар қалыптар мен өзекшелерді дайындау 
тез (2 мин. кеш емес) қолданылуы керек болғандықтан қалыпты немесе 


29 
өзекше бөліктерде тікелей орналасқан арнайы шнекті араластырғыштарда 
дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет