54
30-сурет. Темір қорап қалыптарындағы құймаларды жасау
бойынша операциялардың кезектілігі
Темір қораптың 2 мен 3 жартысын біріктіріп, бекітеді балқытпаны
құяды (30-сурет, в). 7 құйма (30-сурет, г) қатайып қағымдау
температурасына дейін салқындатқаннан кейін темір қорап ашылады (30-
сурет, д) және 4 металдық өзекше астына тартылады. 7 құйма
манипулятор арқылы темір қораптан алынады (30-сурет, е).
Қарапайым конфигурациялы құймалар
тұтас темір қораптарда
жасалады (31-сурет, а). Сыртқы беттерінде кішкене дөңестіктері мен
ойыстары бар қарапайым құймалар тігінен ажырайтын темір қораптарда
жасалады (31-сурет, б). Үлкен, бірақ конфигурациясы қарапайым
құймаларды дайындаған кезде, көлденең ажырайтын темір қораптарды
қолданылады (31-сурет, в). Біріктірілген қосқышы бар темір қораптарды
күрделі құймаларды өндіруде қолданылады.
31-сурет. Темір қорап қалыптарының конструкциясының негізгі
түрлері
Құймалардағы қуыстарды құмды,
қаптамалы немесе металдық
өзекшелермен дайындайды. Құмды немесе қаптамалы өзекшелері бар
55
темір қораптарды шойын, болат және түсті қорытпалардан күрделі
кескіндеме құймаларды алу үшін, ал металдық өзекшелермен алюминий
мен магний қорытпаларынан құймаларды алу үшін қолданады. Құйманы
темір қораптан алудан бұрын, құймада қатты қыртыс пайда болғаннан
кейін металдық өзекшелер жойылады.
Қалыптың қуысынаң ауа мен газдарды жою үшін темір қораптың
ажыратқыш жазықтығы бойынша желдету арналарды жасайды. Жұмыс
қуысындағы құймаларды итергіштермен шығарады. Балқытудың
белгіленген жылу режимін темір қораптың
қыздыру және салқындату
жүйесі қамтамасыз етеді.
Темір қораптың және металдық өзекшелердің жұмыс бетін тот пен
кірден тазартады. Содан кейін темір қораптың жұмыс бетіне оның
қабырғаларына құйылатын металдың жоғары температурасының әсерінен
сақтау үшін, құйманың салқындату жылдамдығын реттеу, темір қораптың
толтырылуын жетілдіру, құйманың шығарылуын жеңілдету үшін жылу
сақтауды қорғағыш қабатпен қаптайды.
Жылу қорғау қабықтарды отқа төзімді материалдардан (тозаңдай
кварц, ұнтақталған шамот, графит, бор және т.б.), байланыстырушы
(сұйық шыны және т.б.) және судан дайындалады. Жылу қорғау
қабықтарды 0,3 ... 0,8 мм қалыңдықпен қабатты 100 ... 150 °C
температураға дейін алдын ала қыздырылған темір қорапқа бүріккішпен
шашады.
Темір қорапты дайындаудың қорытынды қадамы: 100 ... 150 °C
температураға дейін қыздыру. Темір қораптың қыздыру температурасын
қорытпа және құйманың қабырға қалыңдығына байланысты белгілейді.
Мысалы, қабырғасының қалыңдығы 5 ... 10 мм шойын құймаларды жасау
кезінде, темір қорапты 300 ... 350 °С дейін қыздырады, қабырғаның
қалыңдығы 10 ... 20 мм - 150 ... 250 °С дейін,
алюминий мен магний
құймалары үшін - 250 ... 350 °С дейін.
Темір қорапты белгілі бір жүйе бойынша жинағанда металл немесе
құм өзекшелерді орнатып, оларды орнату мен бекітудің дұрыстығын
тексеріп, темір қораптардың жартыларын біріктіріп, оларды бекітеді.
Металды құю құйғыш ожау немесе автоматты құю құрылғылары
арқылы
жүзеге
асырады.
Содан
кейін
құйма
солидусының
температурасының 0,6 ... 0,8 құрайтын қағымдау температурасына дейін
салқындатып темір қораптан шығарылады. Осыдан кейін, құймалар шабу,
тазалануға және қажет болған жағдайда термиялық өңдеуге ұшырайды.
Темір қораптық құйманың өзге түріне қапталған темір қорапқа құю
болып табылады. Қапталған темір қорапқа құю (32-сур.) 5 модельмен 6
модельдік тақтаны 200 ... 220 С температураға дейін 7 электрлік немесе
газдық қыздырғыштармен қыздырады. 200 ... 220 ° C температураға дейін
қыздырылған модельдік тақтаға 3 темір қорап орнатылады. Термоактивтi
байланыстырушы бар қалыптық қоспасы 2 шүмек арқылы 1 құм үрлегіш
56
бастиектен 5 модель мен 3 темір қорап арасындағы саңылауына үрленеді.
Қалыңдығы 3 ... 5 мм 4 қаптама темір қораптың және модельдің жылуына
32-сурет. Қапталған темір қорапқа құйма өндіру үрдісінің сұлбасы
байланысты қалыптасады және нығайтылады. Темірқорамдағы қабықтар
қатайғаннан кейін, модель шығарылады (32-сурет, б). Сол сияқты,
темір
қораптың екінші жартысы да дайындалады. Жарты қалыптарды
дайындағаннан кейін темір қорап жиналады, содан кейін балқытылған
металл 8 шөміштен құйылады (32-сурет, в).
Темір
қорапқа
құю
технологиялық
процесінің
барлық
операциялары механикаландырылған және автоматтандырылған. Жалғыз
позициялы және көп позициялы автоматтандырылған қалыптау
машиналарын және құймаларды дайындайтын автоматты темір қорап
желілерін пайдаланады. Темір қораптық құю бірнеше ондаған грамнан
бірнеше жүз килограммға дейінгі салмақты, 3...100 мм
қабырғасының
қалыңдығы бар шойын, болат және түсті қорытпалардан құймаларды
дайындауға жаппай және сериялық өндірісте қолданылады.
Темір қорапқа құю кезінде қалыптау және өзекті қоспалардың
шығыны азаяды. Құймалардың қатаюы құмды құюдан алынған
құйындыларға қарағанда металдың жоғары тығыздығы мен механикалық
қасиеттерін қамтамасыз ететін құйылған металдан жылуды қарқынды
бөлу жағдайында орын алады. Темір қорап құймалары жоғары
геометриялық дәлдікпен және кішігірім кедір-бұдырмен ерекшеленеді.
Бұл құмды қалыптарға құюмен салыстырғанда,
механикалық өңдеуге
жұмсалатын әдіптерін жартысына азайтады. Құюдың бұл әдісі жоғары
өнімді.
Темір қораптық құюдың кемшіліктері: қалыптарды жасау үшін
жоғары еңбек сыйымдылығы, олардың шектелгендігі, тұрақтылығы,
күрделі конфигурацияларлы құймаларды жасау қиындықтары.
Достарыңызбен бөлісу: