Технологиясы



Pdf көрінісі
бет20/45
Дата10.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#488823
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Құрылымды материал технологиясы. Құю өңдірісі

Құймаларды соғып шығару белгілі бір температурасына дейін 
суыған және қатып қалған құймаларды құю қалыптан жою процесі, осы 
кезде құю қалыбы талқандалады. Құймаларды соғып шығару әртүрлі 
соғатын қондырғылармен жүзеге асырылады.
26-суретте 
құймаларды 
соғудың 
автоматты 
қондырғысы 
көрсетілген. 2 қалып опокадан төменнен жоғарыға 4 гидравликалық 
итергішпен тартылады, содан кейін 3 дірілжелобқа 1 итергішпен итерледі. 
Бос опока құю конвейерінде қалады. Соғылған қалып дірілжелоб бойымен 
соғу торына бағытталады, онда құйма қалыптау қоспасынан босатылады 
және конвейермен тазартуға бағытталады, қалыптау қоспасы – қоспа 
дайындайтын бөліміне бағыттылады. 
Өзекшелерді соғу дірілдік пневматикалық және гидравликалық 
қондырғылармен жүзеге асырады, ал ірі құймалардан - 5...10 МПа 
қысымымен су ағынымен гидравликалық камераларда. 
Өзекшелерді бір уақытта жоюмен құйманың сыртын тазарту жүзеге 
асады.
Құйманы шабу – жартылай формалардың жіктеу орны бойынша 
құймадан түсімдерді, құю жолдарын және құюды жою процестері. 


45 
Шабуды пневматикалық кескіштер, таспалық және дискілі аралар, газды 
кесу және престер арқылы орындайды. Шойынды құймалардан жасалған 
құйғыштарды өзекшелерді жою алдында қалыптан соғып шығарудан кейін 
бірден балталармен шабады. Құю жолдарымен түсімдерді болатты 
құймалардан газды немесе плазмалы кесу арқылы кеседі. Таспалы және 
дискілі араларды алюминий, магний, мысты қорытпалардан жасалған 
құймаларды шабу үшін қолданады. Құймаларды шабудан кейін ұсақ 
ағындыларды, түсімдер, шықпалар және құйғыштар қалдығын жоя 
отырып тазалайды. Тазалауды маятникті және стационарлы ажарлаушы 
шарықтармен, пневматикалық кескіштермен, газды плазмалы өңдеумен 
және басқада әдістермен орындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет