Технологиясы


 Құймаларды дайындаудың рационалды тәсілін таңдау



Pdf көрінісі
бет29/45
Дата10.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#488823
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Құрылымды материал технологиясы. Құю өңдірісі

4.9 Құймаларды дайындаудың рационалды тәсілін таңдау 
Машина бөлшектерінің құйылған дайындамаларына қойылатын 
заманауи талаптар дайын бөлшектердің кескіні мен мөлшері бойынша 
максималды жақындатылумен, металды үнемдеумен, прогрессивті құю 
әдістерді қолданумен сипатталады. Алайда, құйылу бөліктеріне 
қойылатын техникалық талаптар бірдей сенімді әр түрлі құю әдістерімен 
қамтамасыз етілуі мүмкін екендігін ескеру қажет. Құю бөліктерін 
өндірудің оңтайлы әдісін таңдау кезінде құюдың қарастырылатын 
технологиялық процестерінің ықтимал нұсқаларын салыстыру қажет. 
Құйма әдістерінің салыстырмалы талдау критерийлері ретінде, әдістердің 
технологиялық мүмкіндіктері (құймалардың салмақтығы және аумақты 
өлшемдері, оларға қойылған күрделілік және талаптар, өндіріс ауқымы 
және т.б.) біркелкі жұқа құрылымды, жоғары механикалық қасиеттерді 


65 
қамтамасыз етуде құю әдістерінің мүмкіндіктерін қабылдайды. Құймалар 
өндіру әдістерінің технологиялық мүмкіндіктері 1-кестеде келтірілген. 
Сонымен қатар жоғары сапалы құймаларды алу үшін 
қорытпалардың құю қасиеттерін ескеру қажет. Мысалы, егер қорытпаның 
төмен сұйық аққыштыққа ие болса, онда металды темір қорап 
қалыптарына құюды қолдану қажет емес. Бұл жағдайда қысыммен құюды, 
қорытатын модельдер бойынша құюды және қорытпалардың сұйық 
аққыштығын арттыратын басқа әдістерді қолдану ұсынылады. Егер 
құйындыларды дайындау үшін жоғары шөгу құймалары қолданылатын 
болса темір қалыбында және қысыммен құюды қолдану қажет емес, 
өйткені түсім орнатудың күрделілігіне байланысты құймаларда шөгіндік 
қаяулардың болуына және қалыптардың төменгі икемділігіне байланысты 
құймаларда сызаттар пайда болуы мүмкін.
Құю әдісін таңдағанда, осы әдістерге қатысты құйылған бөліктің 
технологиялық құрылымын жасау мүмкіндігін ескеру қажет. Мысалы, 
кескіндеме бойынша күрделі болып келетін құймаларды қысыммен құю, 
қорытатын модельдер немесе құмды қалыптар арқылы өндіреді. Темір 
қорапқа құю қарапайым сыртқы кескіндемемен құймалар алынады және 
ортадан тепкіш құю, әдетте, айналу түрлері сияқты құймаларды жасайды. 
Ең жұқа қабырғалы құйындыларды қорытатын модельдер арқылы құю 
және қысыммен құю әдісімен жүргізіледі, темір қорапқа құю кезінде 
құйма қабырғалары құмды және т.б. құюға қарағанда қалың болуы керек 
Егер құмды қалыптарға құйған кездегі көлемдік және жалпы 
өлшемдері мен құйма салмақтығы іс жүзінде шектеусіз болса, салмағы 
бойынша уақ және орташа құймаларды шығару үшін арнайы құю әдісі 
қолданылады. Бұдан басқа, берілген дәлдікпен және бетінің кедір-
бұдырлық берілген параметрімен құйма өндірісін қамтамасыз ететін құю 
әдісін таңдау керек. Құймалар бетінің кішігірім кедір-бұдырлығы, әдетте, 
көтерінкі қаттылықты және тозуға төзімділікті арттыратын құйма қабығын 
сақтауға мүмкіндік береді; металды үнемдеу және механикалық өңдеу 
кезінде еңбек қарқындылығын төмендету бойынша дайын бөлшектердің 
құнын төмендету.
Құйма өндірісінде ұтымды әдісті таңдаудың маңызды техникалық 
және экономикалық өлшем шарттары пайдаланылатын материалдардың 
үнемделуі және дайындамалардың сырт пішіннің құрылуы минималды 
құны болып табылады. Бұл жағдайда құю әдісі мүмкін болатын барлық 
тәсілдерден таңдап алынады, бұл құймаларды механикалық өңдеуден 
кейін қалған барлық жағдайларға тең болатын дайын бөлшектің ең төменгі 
құнын береді. 
Осылайша, құйылған дайындамалардың ұтымды әдісін таңдау көп 
мақсатты болып табылады, оны шешу үшін ЭЕМ пайдалану ұсынылады. 
Құймаларды алу әдісін таңдау ЭЕМ пайдалану үшін математикалық 


66 
модельдің және тиісті процестің алгоритмінің болуын алдын-ала 
анықтайды.
ЭЕМ арқылы құйманы жасау әдісін таңдау туралы бастапқы 
ақпарат бұл бөлшек сызбасы және оның техникалық талаптары болып 
табылады; бөлшектің материалы; шығарылым бағдарламасы; құйма 
бөлшекті алу әдісін оңтайландыруға орындалатын параметрлері және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет