V. Студенттің міндеттері:
Іс-тәжірибе өтетін органға уақытында келуге міндетті;
Ұйымдағы іс-тәжірибе жетекшісімен бірлесіп іс-тәжірибенің жеке күнтізбелік – тақырыптық жоспарын құрастыруға тиіс;
Студент ұйымдағы ішкі еңбек тәртіп ережелеріне бағынуға міндетті. Егер ережелерді бұзған жағдайда ұйым басшысы студентке жазалау шараларын қолданып, университет ректорына хабарлауы мүмкін;
Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелерін білуге және қатаң түрде сақтауға міндетті;
Өз мамандығы бойынша практикалық дағдыларды алуға талпынып, бағдарламада көрсетілген жұмыстарды толық жүзеге асыруға міндетті;
Ұйым қызметіне қатысты арнайы материалдармен, қаулылармен, нұсқаулармен танысуға міндетті, егер олармен азаматтық тұлғалардың танысуына мүмкіндік берілсе;
Атқарылған жұмыстар және олардың нәтижелері үшін штаттық қызметкерлермен бірдей жауапқа тартылады;
Жоғарғы оқу орны студентінің жоғары мәдени деңгейін сақтауға міндеті;
Белгіленген тәртіпке сәйкес күнделік жүргізуге және іс-тәжірибе нәтижесі бойынша кафедраға есеп тапсыруға міндетті.
Материалдарды ары-қарай дипломдық жұмыста қолдану мақсатымен жинау.
Достарыңызбен бөлісу: |