Тәжібаева А. С. 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер»


VII. Іс тәжірибе қорытындыларын шығару және есепті қорғау



бет8/9
Дата02.01.2022
өлшемі114 Kb.
#452996
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Өндірістік практика әдис.нұсқау ИС 2013

VII. Іс тәжірибе қорытындыларын шығару және есепті қорғау.
Іс-тәжірибе аяқталғаннан кейін жетекшілер іс-тәжірибе бойынша студент есептерін дайындауды және қорғауды ұйымдастырады.

Іс-тәжірибе аяқталғаннан кейін 7 күннен кешіктірмей студент міндетті түрде өндірістік іс-тәжірибенің есебін жетекшіге тапсыру тиіс. Іс-тәжірибе бойынша есеп іс-тәжірибе кезіндегі студент қызметін сипаттайтын негізгі құжат болып табылады.

Іс-тәжірибе есебін қорғау кафедрамен бекітілген, оның бітуі мерзімінен кейін 10 күн ішінде жүргізіледі.

Есепті қорғау кезінде іс-тәжірибе жетекшілері келесі мәселелерге көңіл аударуы керек:



  • жиналған материалдардың іс-тәжірибе өту бағдарламасына сәйкес болуы, олардың толықтығы және дұрыстығы;

  • студенттердің мінездемелерінде және күнделіктерінде органның бірінші басшыларының қолдарының және мөрлерінің болуы;

  • студент-практиканттардың күнделіктерінде атқарылған жұмыс туралы апталық жазбаларының астында қолдардың болуы;

  • есепте атқарылған жұмыс түрлерінің толық көрсетілуі, олардың практика өту бағдарламасына сәйкес болуы;

  • жиналған материалдар мерзімінің іс-тәжірибе өту мерзіміне сәйкес келуі;

  • студенттердің іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу бойынша берілген қорытындыларының, ескертулерінің және ұсыныстарының дұрыстығы.

Дәлелді себепсіз іс-тәжірибеге келмеген немесе белгіленген мерзімде іс тәжірибе есебін қорғамаған немесе қорытынды бақылау бойынша „F“ бағасын алған студенттер академиялық үлгерімсіздер қатарында саналады және олар дипломдық жұмысты қорғауға және мемлекеттік емтихандар тапсыруға жіберілмейді.

Қосымша №1
Болашақ университеті

КҮНДЕЛІК-ЕСЕП

өндірістік іс-тәжірибе туралы
Студент курс топ .

( студенттің фамилиясы, аты, әкесінің аты).

Іс-тәжірибе өткен орны:_________________________

___________________________________________

(кәсіпорынның, ұйымның атауы)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет