VI. Өндірістік іс тәжірибенің есебін рәсімдеу
1. Студент өндірістік іс-тәжірибенің нәтижелерін жазбаша есеп нысанында келтіруі тиіс.
2. Есеп екі бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша. Есептің негізгі бөлімінің көлемі қолжазба текстпен 15-20 (10-15 баспа текстпен) бет құрайды. Есептің негізгі бөлімі бір біріне жақын тең екі бөлімге бөлінеді: теоретикалық және тәжірибелік.
3. Студент теоретикалық бөлімінде іс-тәжірибе базасының қызметінің құқықтық негіздерін көрсетеді, іс-тәжірибе базасы-органның құрылымын, оның міндеттері мен қызметтерін сипаттайды.
4. Студент есептің іс-тәжірибелік бөлімін іс-тәжірибе өту кезеңінде атқарылған жұмысын көрсететін күнделікке күн сайынғы жазбалары негізінде құрайды. Берілген бөлімнің мазмұнында іс-тәжірибе бағдарламасын және студентпен практикалық дағдыларды және құзыреттерді игергенін білдіретін атқарған жұмысы сипатталады, сондай-ақ студентпен жасалған қорытындылар және ұсыныстар.
5. Есептің қосымша бөлімі бағдарламамен сәйкес іс-тәжірибе кезеңінде студентпен орындалған іс жүргізу құжаттарының жобаларынан тұрады, сондай-ақ толтырылған бланктерді, өңделген құжаттарды, нақты ұйымның есептік статистикалық ақпараттарын және есептің негізгі бөлімін көрсететін құжаттарды тіркеуге болады.
6. Есепті А-4 форматты қағаздың бір жақ бетіне, қара сиямен немесе шариктік қаламмен жазу керек. Есеп беттері және оның қосымшалары нөмірленуі тиіс.
7. Іс-тәжірибе кезінде штаттық лауазымда жұмыс істейтін студент атқарылған жұмыс туралы қосымшаларымен бірге есеп дайындайды және ұйым басшысының қолы қойылған және мөрі басылған жұмыс туралы анықтама тапсырады.
8. Сырттай-қашықтықтан технологиясы бойынша оқитын және штаттық лауазымда „Ақпараттық жүйелер“ мамандығы бойынша қызмет атқаратын студент іс-тәжірибені жұмыс орны бойынша өтеді. Берілген жағдайда ол кафедраға жеңілдетілген нысандағы есепті ұсынады. Оларға: жұмыс орны бойынша анықтама, оның кәсіби қызметін сипаттайтын мінездеме, оның лауазымдық қызметтік міндеттерінің көшірмесі, сондай-ақ практиканттың жұмыс орны бойынша орындаған құжаттарының жобалары тіркеледі.
9. Есептің мұқабасы көрсетілген үлгі (1 қосымша) бойынша рәсімделеді.
Есеп келесі тәртіппен рәсімделуі тиіс:
Мұқаба (1 қосымша).
Іс-тәжірибенің жеке күнтізбелік жоспары (2 қосымша).
Күнделік (3 қосымша).
Іс-тәжірибе базасы жетекшісінің қолы қойылған және гербі бар мөрмен бекітілген студент мінездемесі.
Іс- тәжірибе туралы есеп.
Құжаттар түріндегі қосымшалар.
Достарыңызбен бөлісу: |