І. Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері.
Нарықтық экономика және құқықтық мемлекет құру жағдайында ұлттық бағдарламада маңызды орын заңдардың нақты орындалуын бақылайтын сот жүйесін, құқық қорғау органдарын және басқа мемлекеттік органдарды қалыптастыруға, сонымен қатар, оларды жоғары мамандандырылған мамандармен қамтамасыз етуге беріледі. Еліміздің Президенті халқына жолдауында "Қазақстан 2030", "Кәсіп қойлық, отаншылдық, ұзақ мерзімді міндеттер қоюға қабілеттілік, оларды жаңа жағдайда шеше алатын білімділік пен жігерлілік - кадрларды іріктеу мен жоғарлатудың басты өлшемдері" - деп көрсеткен.
Осыған байланысты жоғары мамандандырылған заңгерлерді даярлау маңызды мәселе болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған "Білім туралы" заңында "Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар мен жұмысшылар даярлаудың бір бөлігі болып табылады және білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінде алынған білімді бекітуге практикалық дағдылар алу мен озық тәжірибені меңгеруге бағытталған" деп көрсетілген.
Студенттердің өндірістік іс-тәжірибені өту мақсаты болып, алған теориялық білімдердің негізінде кәсіби білімдер мен дағдыларды қалыптастыру табылады.
Студенттердің өндірістік іс-тәжірибесінің міндеттері болып келесілер табылады: осы бағдарламада көрсетілген жұмыстарды орындауды, студент өндірістік іс-тәжірибені өтетін органның ұйымдық құрылымын және олардың қызметтік міндеттерін зерттеу мен талдауды, диплом жұмысына практикалық материалдарды жинау және талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |