Тәжібаева А. С. 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер»


ІV. Іс-тәжірибе жетекшілігі



бет5/9
Дата02.01.2022
өлшемі114 Kb.
#452996
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Өндірістік практика әдис.нұсқау ИС 2013

ІV. Іс-тәжірибе жетекшілігі
Студенттердің іс-тәжірибеге жетекшілікті кафедраның тәжірибелі оқытушылары мен жоғары мамандандырылған іс-тәжірибе қызметкерлері жүзеге асырады.

Университет атынан іс тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуге жалпы жетекшілік пен бақылауды университеттің оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторинг және бақылау департаменті жүзеге асырады.

Тікелей жетекшілікті сол органдардағы жоғары мамандандырылған мамандар жүзеге асырады.

Іс-тәжірибе өту орны бойынша жетекшілері студенттерге өндірістік іс-тәжірибе тапсырмаларын уақытында орындау үшін көмек көрсетулері тиіс.

Университеттен іс-тәжірибе жетекшісі міндетті:


  1. Жүйелі түрде іс-тәжірибенің өтуіне қадағалау жасауға және студентке кеңестер беруге;

  2. Кәсіпорыннан іс-тәжірибе жетекшісімен бірлесе отырып, іс-тәжірибенің күнтізбелік-тақырыптық жоспарын дайындау, іс- тәжірибе базасының басшысы арқылы студенттерге қажетті жағдайларды жасау бойынша шаралар қолдану;

  3. Күнделіктің толтырылуын және есептің жазылуын тексеруге;

  4. Кафедраға іс-тәжірибе өту бойынша жазбаша пікір ұсынуға;

  5. Комиссиямен бірлесе отырып өндірістік іс-тәжірибе өту туралы студенттің есебін қорғауды қабылдау.

Кәсіпорыннан іс-тәжірибе жетекшісі міндетті:



  1. Білікті басшылықты жүзеге асыру және әрбір практикантты жұмыс орнымен қамтамасыз ету;

  2. Практиканттарға еңбек қауіпсіздігін қорғау бойынша инструктаждар жүргізу;

  3. Студенттерге қажетті түсініктемелер беруге және олардан жұмысты сапалы және уақытында орындауын талап етуге;

  4. Іс-тәжірибеге жетекшілікті бағдарламаға немесе студенттің жеке жоспарына сәйкес жүзеге асыруға;

  5. Студентті іс-тәжірибе бағдарламасын орындау үшін қажетті құжаттармен, ведомствалық нормативтік актілермен және басқа да материалдармен қамтамасыз етуге;

  6. Күнделіктердің толтырылуын және іс-тәжірибе бойынша есептің жасалуын тексеру;

  7. Практиканттарға мінездеме беруге, іс-тәжірибе бойынша есептерін тексеріп, қол қоюға, есепті қорғау бойынша комиссияға қатысуға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет