Өмірге деген ерік — Шопенгауэр философиясындағы өмірге деген көзсіз және үздіксіз қалаулар жиынтығы және тұлғаның жеке қасиеттерін сақтай отырып, ұрпақ жалғастыруы.
Парадигма — ғылым даму кезеңіндегі теоретикалық, методологиялық, құндылық қасиеттерінің жиынтығы. Бұл термин ғылымда америкалық ойшыл Т.Кун есімімен байланысты.
Ерік — алдын ала жоспарланған саналы іс-әрекет, белгілі бір құндылықты құрайтын мақсатқа ұмтылу, классикалық жүйе бойынша ерік: 1)себептердің болуы, 2)саналылық ,3)шешім., 4)іске асу.
Батысшылдық (XIXғ. 40-50 ж.ж.) «еуропашыландыруды» насихаттаған бағыт. Оның өкілдері –А.И. Герцен, В.Г. Белинский, Н.П. Огарев, К.Д. Кавелин, П.В.Боткин, Т.Н. Грановский.
Славянофильдік (XIX ғ. 40-50 ж.ж.) — Ресей мен өзге славян елдерінің дүниедегі ерекше орнын дәріптейтін, православие мен қауымдастық өмірді аңсайтын философиялық бағыт. Оның өкілдері — А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, Ю.Ф. Самарин, А.Н. ағайынды К.С. мен И.С. Аксаковтар.
Бүткілбірлік — әлемнің, барлық тіршіліктің бірлігі, болмысты ұйымдастырудың принципі; барлық заттар мен дүние құбылыстарының өзара шарттасуы, байланысы, өзара жіктелуі. Онтологияда бүткілбірлік: игілік — ақиқат — сұлулық (добро — истина — красота), ал гносеологияда -біртұтастық білім жүйесі:
Біртұтастық білім — ғылым, философия және діни сенімнің бірлігі, синтезі;
Герменевтика (грек., герменойтикос — түсіндіруші, ұғындырушы деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан) — ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт.
Прагматизм — гректің «прагма» — «іс-әрекет» деген сөзді білдіреді. Бұл философия XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болған. Прагматизм — абстрактті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды.
Экзистенциализм (лат.т. «өмір сүру, тіршілік» деген мағынаны білдіреді) философиялық ағым ретінде XXғ. 20-жылдарында, ең алдымен, неміс жерінде, ал 40-жылдары француз жерінде пайда болған. Экзистенциализм адам өміріне қатысты көптеген мәселелерді қарастырады.
Абсурд (лат.т.) — мағынасыз, қисынсыз деген мағынаны білдіреді. Абсурд Камюдің шығармаларында философиялық мәнге ие болады. Ол өзінің «Сизиф туралы аңыз» атты еңбегінде «Мағынасыздық – адамзат өркениетінің тағдыры, осыны түсінген тұлға тағдырын жеңіп шығады», — дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |