Эрос (гр.т.күшті) тілек, махаббат. Грек мифологиясындағы және поэзиясында махаббат құдайы.
Эпикуреизм — көне грек және Рим философиясындағы материалистік бағыт. Негізін салушын Эпикур.
Стоицизм — көне грек философиясының мектебі. Негізін салушы Зенон.
Скептицизм — ( гр.т. зерттеуші, қараушы) Пиррон негізін салған философиялық бағыт.
Неоплотонизм — антикалық платонизмның соңғы даму этапы. Негізін салушы Плотин.
Атараксия — (гр.т.толқымау, жайбарақаттық) Эпикур ілімі бойынша адам ұмтылуға тіисті идеалды жағдай.
Эвдемонизм — (гр.т.бақыт) өмірді түсіндіру антикалық принципі, кейін келе этикада моральді негіздеу принципі. «Бақыт адам өмірінің ең жоғары мақсаты»дегенге сай.
Перепатетизм — Перипат немесе Ликей, гимназия деп аталған, Аристотельдің философиялық мектебі.
Метафизика — (гр.т.физикадан кейін) болмыстың басталуы және жоғары ілімдер туралы ғылым.
Диалектика — гр.т. әңгіме дүкен құру өнері, пікірталас.
Эйдос — көне грек термині, философиялық қолдануға дейін (Гомерден бастап) Сократқа дейінгелер, сыртқы түрі, бейне деп қолданған.
Қалам — араб -түрік философиясындағы негізгі бағыт, «сөз» немесе «сөйлеу» дегенді білдіреді.
Мутазалиттер — материалистік сипаттағы философиялық бағыт.
Суффизм (гр.т. жүннен тоқылған шекпен) — исламдағы мистикалық-эстетикалық ілім. Негізін салған – Қ.Яссауи.
Достарыңызбен бөлісу: |