Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Тарифтер қандай шарттарға негізделед?
2. Тарифтердің түрлері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Афанасьев Л. Л., Островский Н. Б., Цукерберг С. М. Единая транспортная система и автомобильные перевозки: Учебник. - М.: Транспорт, 1984. - 384 с.
2. В.А.Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Пассажирские автомобильные перевозки: Учебник для вузов
3. Гудков В.А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. - 254 с.
9-дәріс. Жолаушылар көлігіндегі билеттер мен квитанциялар.
Дәріс жоспары:
-
Билеттер. Билет түрлері.
-
Квитанциялар.
Жолаушының жол жүруін іске асырудың негізі болып жол жүруге арналған құжатқа сәйкес тасымалдаудың келісімі қызмет етеді. Мұндай маршруттың тасымалдаулардағы құжат түріне әр түрлі билеттер жатады. Билеттер мына функция қатарын орындайды:тасымалдауды келісім бекітілуі мен жолаушының жол жүру және багажды өткізуін куәландырады; жол жүру уақытына жолаушының қорғау полисі қызметін атқарады;жол жүру орындары номерленген кезде билет отырғызылу талон болып табылады,және жолаушы багажының қабылдау негізі болып келеді. Жолаушыларды тасымалдау әр түрлі формада өрнектелген жолаушылық билет бойынша іске асырылады. Багажды тасымалдау багаждық билет бойынша іске асады. Багажды сақтау қоймасынан қоймашы (кладовщик) жүкті сақтау квитанциясын береді.Автоматтық қоймада сақтау монета немесе жетон арқылы төленеді.Таксомоторлы тасымалдауларда жолаушының талап етуі бойынша жол жүру ақысының квитанциясы беріледі.Жолаушыларды тасымалдаудың басқа да құжаттарына әр түрлі жинақтық квитанциялар жатады (қосымша ақы төлеу, қорғау, бақылаулық жинақ,тапсырушыға билетті жеткізу шарты т.б)айыппұл ақысының квитанциясы. Билеттер үлгі бойынша бекітілген банктерде толтырылады және реквизиттері бар өзбетімен мәнді, мағыналы құжат элементі,олар тасушы мен жолаушылар құқығының міндетін және жасанды билет екендігін анықтайды.Билеттің жалпы формасы (өлшемі, реквизиттердің орналасуы мен салынуы,шрифт пен жазу бояулары,материал фактурасы,мөр басылымы мен штамптар т.б) жолаушыларды тасымалдаудың халықтық келісімінің жазбаша куәлігі болып келеді. Типографиялық әдіспен дайындалған әр билет жеке номермен номерленеді және сериясы болады. Бастырушы кассалық машина билеті мен автоматты билет арқылы берілетін билеттерде автоматты машинаның эксплуатациялық номері, есептеуіште (счетчик) көрсетілген сандардың төленуі және билет номері беріледі. Ішкі қалалық бағытта мыналарды қабылдайды:
-
Кондуктордың үзіп беретін бір реттік билеті. Мұндай билеттер типографиялық әдістер бойынша дайындалады және катушкаға 1000данадан ораулы түрде салынады.Билетте қызмет ететін мекеменің аты, көлік түрі, номиналды баға көрсетіледі. Бір реттік билеттер сонымен қатар,өте кішкентай автобустарда да қолданылады, бірақ бұл жағдайда билетті жүргізуші таратады;
-
Кассалық жүйе қызметінен тыс жолаушылардың өз бетімен жыртып алатын бақылау билеті;
-
Көлік салонында компостердің көмегімен тесіп алынатын бір реттік билеттің абонементтік талоны.Бір реттік билетке сәйкес қолдану мерзімі, реквизиті көрсетілген (негізі квартал). Абонементтік талондарды 10 данадан реттейді, бірақ бөлек түрде сатылуы мүмкін;
-
Бір немесе бірнеше ҚЖК қолданылатын көп мерзімдік билеттер (бір реттік билеттер - ҚЖК барлық түріне ).Бұл билеттер жарты картоннан карточка формасында дайындалады және жасаңды түрден сақтаудың анықтауын білдіретін бірнеше сатыдан тұрады. Олар бір жұмаға,декадаға,бір айға,кварталға шығарылуы мүмкін.Абонементті талондарға сәйкес реквизиттері бар. Мұндай билеттерде қосымша- қолдану ережесі көрсетіледі. Бірлік билеттерде метрополитеннің турникетті ақпараты мен ҚЖК-ның жергілікті қозғалмалы құрамын санау үшін магнитті жолақтары болуы мүмкін. Көпмерзімді билеттің артқы жағында жарнамалық ақпарат жазылуы мүмкін. Көп мерзімді билеттер толық, оқушылық, студентті к болып келеді.Толық билет-барлық адамдарға жарамды, студенттік-студент билетінің көрсетілуімен бірге жүзеге асады;
-
Магнитті билеттер кодталған ақпараты жазылған магнитті жолақтары бар карточка түрінде шығарылады. Магнитті билет автоматтандырылған жүйе бақылауындағы жолақының толықтығында қолданып,көлікке кірген кезде турникеттің санау құрылғысына қойылады. Сонымен қатар,магнитті билетте жолақының дұрыc және толықтығының визуалды бақылауының жазуы бар. Ол бір немесе бірнеше рет жол жүруге шығарылуы мүмкін;
-
Көп мерзімдік билеттің электронды нұсқасы смарт-карта жолаушылар жолақысының автоматты жүйе бақылауындағы льготты жолақы категориясының көп мерзімдік жол құжатының ақырғысы орнына қолданылады.Ақпарат пластик тан жасалған картаның ішіндегі микросхемада тығыздалған түрде сақталынады және жолаушының турникеттен өтуі кезінде контактісіз саналуы мүмкін. Смарт-картаның беткі жағында визуалды бақылау үшін негізгі реквизиттер басылады. Аталулы смарт-карта көп уақыт пайдаланады.Оны төлеу ақысыз картаның қолдану уақытының мерзімін ұзатуымен немесе қолданушының электронды есептегішіндегі ақшаның периодты толырылуымен қамтасыз етіледі (студенттер мен оқушылар үшін). Смарт-картаның ақшалай балансы мен қозғалысын ұзарту үшін оны кодталған құрылғыға қояды. Ішкі қалалық бағытта ақысыз жол жүруге құқығы бар жолаушылар билетсіз льготқа құкылы құжатпен жүреді.Мұндай жолаушыларға ортақ түрде билет беріледі немесе смарт-карта пайдаланылады. Қала сыртындағы автобустар бағытында мыналар қолданылады:
-
Тарифтік участік жолына сәйкес әр жолаушыға берілетін,номиналы бар негізгі билеттер.Билеттің негізгі түрі қара.Типографиялық әдіспен басылып,оның әрқайсысын катушкаға 1000 данадан оралулы түрінде салады.Билетте қызмет жасайтын мекеменің аты,көліктің түрі,тарифтің көлемі көрсетіледі. Периметрі бойынша маршруттың тарифтік участігіне сәйкес номерленуі бар негізгі билет.Жолаушының тек қана кала сыртында жол жүруінде негізгі билет беріледі немесе қалаішілік бағытта бір реттік билеттер беріледі.Кондуктор жолаушының түсу пунктіне сәйкес билетті номерге қарсы жыртып береді. Негізгі билеттерді қолдануда тасымалданған жолаушылар санын білуге болады;
-
Әр түрлі номиналды қосымша билеттер.Негізгі билетке сәйкес маркіленеді және дайындалады;
-
Билет басқыш кассалық машина мен автоматтық машинасы дайындайтын билеттер. Олар автобуста, кассада берілуі мүмкін;
-
Көп мерзімдік билеттер-студенттік, окушылық;
-
Қалаішілік бағытта қолданылатын электронды билеттер; Қалааралық автобус бағытында қолданылады:
-
билет басқыш кассалық машина мен билет автоматында дайындалатын билеттер;
-
бірлік билеттер-толық, балалық; белдеулік билеттер қағаз бланкісінде үш бөлімді 100 беттен жинақталған. Тарифтік белдеулер зонасының вариантына сәйкес әр турлі түстерде нумерациясы шығарылады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
-
Квитанциялар қай уақыттарда қолданылады?
-
Билеттердің қандай түрлері бар?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Афанасьев Л. Л., Островский Н. Б., Цукерберг С. М. Единая транспортная система и автомобильные перевозки: Учебник. - М.: Транспорт, 1984. - 384 с.
2. В.А.Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Пассажирские автомобильные перевозки: Учебник для вузов
3. Гудков В.А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. - 254 с.
10-дәріс. Түсімді жинауды ұйымдастыру.
Дәріс жоспары:
1. Ұйым қызметкерлерінің түсімді жинауға қатысты қызметтері
Ұйымның әкімшілігі жұмысқа қабылдағанда әрбір есеп беруші қызметкермен тапсырылған билеттер мен түбіртектер үшін толық материалдық жауапкершілік туралы шарт бекітеді. Әрбір есеп беруші қызметкерге есептеу бөлімі жеке шот ашады, бұл шотқа есепке алу кітапшалары, билеттер мен түбіртектердің қозғалысы жазылады. Ереже бойынша есеп беруші қызметкерге 3 жұмыс күніне жетерліктей билет саны беріледі. Жұмыс аяқталған соң билет қалдықтары кассаға тапсырылады немесе келесі жұмыс ауысымына қалдырылады. Билет саны жетпеген жағдайда есеп беруші қызметкер толтырады.
Билет сатушы кассир, сақтау қоймасының жұмысшысы, кондуктор, жүргізуші немесе басқа есеп беруші қызметкер билеттер мен түбіртектерді алып, өзінің кассасы немесе кондуктор сөмкесіне орналастырады.
Автобекеттің кассирі жолаушылардан жол ақысын алып, оларға билет пен түбіртек тапсырады. Жолаушыларға берілген билеттердің нөмірлері мен санын кассир ведомостқа және билеттерді сату-қайтару кітапшасына енгізеді. Ауысымның аяғында кассир сатылған және қайтарылған билеттер санын анықтайды, жол жүру құжатының әр түрлі бойынша ақша түсімін және жалпы ақша түсімін санайды.
Әрбір рейстің аяғында кондуктор немесе жүргізуші ақырғы сатылған билеттердің нөмірлерін есеп жүргізу парағына енгізеді. Ауысымның аяғында ақша түсімі, билеттердің шығысы мен қалдығы саналады.
Жұмыс аяғында кассир мен кондукторлар есеп жүргізу парақтары мен ведомоске қорытындыларды енгізіп, осы құжаттармен бірге ақша түсімін түсімді қабылдаушы кассирге тапсырады.
Сақтау қоймасының жұмысшысы, ревизорлар мен бақылаушылар, басқа есеп беруші қызметкерлер ауысымың аяғында барлық түсімдерді кассирге тапсырады.
Билет таратушылар абонементтік талондар мен көп жолға жүру билеттерін сату пункттеріне апарады немесе жеке өздері сатады. Сатылған билеттер бойынша есепті және ақша түсімін олар да кассирге тапсырады.
Түсімді жинау және инкассация тобы кондукторлар, автобус жүргізушілері, жол жүру билеттерін сатушылардан, қоймашылардай түсімдерді, бағыттаған бақылаушылардан айыптарды жинап, есебін шығарып банк мекемесін тапсырады. Ірі көлік ұйымдарында бұл үшін банк пунктері ұйымдастырылу мүмкін.
Ақша қабылдаушы кассир есеп тапсыратын адамнан ақша мен билеттерді және есеп жүргізу құжаттарын (есеп кітапшасы, билеттерді есепке алу парағы, касса арқылы сату ведомості, есеп тапсыру құжаты ) қабылдайды, билеттердің шығыстары мен қалдықтары бойынша жазулардың дұрыс толтырылуын қадағалайды, түсім сомасын есептеп, билет түбіршіктерін және бүлінген билеттерді санайды, түскен сома мен есеп құжаттары салыстырып, ашық парақты есеп тапсырушы адамға қолын қоюға береді.
Ауысымның аяғында қабылдаушы кассир тапсырылған ақшаның жалпы сомасын есептеп, ашық парақтағы жазулардың қорытындысымен салыстырып, белдік және әскери билеттердің түбіршіктері мен бүлінген билет бланкілері мен бірге аға кассирге тапсырады.
Мекеменің аға кассирі қабылдаушы кассирлердің жұмысын бақылайды, билет есептеу құжаттарының деректері бойынша ұсталған билеттердің реттік нөмірлерін тексереді, сәйкес келмеген жағдайлардың себептерін анықтайды.
Барлық кассалар және барлық есеп тапсырушы қызметкерлер ай сайын жоспарлы тексеріледі және оларға бірден кем емес күтілмеген уақытта тексеру өткізіледі. Мұндай тексерулердің барысында билеттермен түбіршіктерің сәйкестігі және түсім мен құжаттағы жазулардың сәйкестігі анықталады. Пайдаланылған билеттердің түбіршіктері бір жыл сақталады, ревизия барысында ескертпелер болмаса ғана жойылады.
Ірі көлік ұйымдарында билет таратушы кассирлерге кондукторлар мен жүргізушілер бригадалары тіркеледі. Билет сату кассалары және түсім қабылдайтын кассалардың жұмыс кестелері құрамының бағытқа шығу және кәсіпорынға қайта келу уақытына сәйкес жасалады.
Автобекеттерде жолаушыларға билет сату үшін билет кассалары жасалады. Жолаушылар ағымына байланысты алдын ала сату касса, ағымды касса, ана мен баланың кассасы, әскери касса, депутаттық касса (депутат залында орналасады), жүк кассасы, билет қайтару кассалары ұйымдастырылады. Бірнеше касса болғанда ауысым бастығы отыратын касса анық көрсетілу керек. Жолаушы авто стансаларында кассалық пунктер ұйымдастырылады.
Кассада билеттер кезекпен сатылады, ал кейбір топтарға кезектен тыс сатылады. Кезектен тыс сату тәртібі касса терезесі алдына ілінеді. Жүргелі тұрған автобустарға билеттер кезектен тыс сатылады. Касса жұмысының кестесі арнайы жазумен жазылады.
Касса залында автобустар бағыттары жөнінде, қозғалыс кестесі, тарифтер, автобустағы бос орындар жөнінде және жолаушыларға қызмет ету туралы визуалдық және акустикалық ақпарат беріледі. Касса залында билеттер сату автоматтары орнатылуы мүмкін. Бұл автоматтағы түсімді алып, ақша қалдықтарын қайтару үшін ақшаны салуын арнайы тағайындалған кассирлер бригадасы орындайды.
Такси-автокөліктерінің жүргізушілері ауысым аяғында түсім сомасын есептейді. Кәсіпорынның бақылау-техникалық пунктінің механигі бағыт парағына таксометр мен спидометрдің көрсеткіштерін жазып, таксометрдің пломбасын тексереді. Бұдан соң жүргізуші бағыт парағы мен ақша түсімін тапсырады.
Техникалық топ түсімді жинауға арналған жабдықтарды (компостерлер, билет басып шығаратын касса машиналары, билет сату автоматтары, жинақ кассалар, т.б) жөндеп орнату жұмыстарымен айналысады.
Таксомотор кәсіпорындарында таксометр жабдықтарының оңдауымен айналысатын арнайы қызметкерлер тағайындалады.
Таксометрдің пломбасын ұйым бұйрығымен құрылған арнайы комиссия орнатады. (таксометр, «Бос» белгісі). Техникалық топтың құрамына тек арнайы даярланған қызметкерлер бұйрық бойынша енгізіледі.
Бақылау лентасын және билет басып шығарушы машиналары мен автоматтардан ақша түсімін алуы, олардың жөндеуі, билеттер мен бақылау лентасын салуы арнайы нұсқаулар бойынша өткізіледі. Алынған бақылау ленталары билет түбіршіктерінде сақталады.
Бақылау тобының құрамына бағыттағы ревизорлар мен бақылаушылар кіреді. Бұл адамдар жолаушы жол ақысын толық төлеуіне , тарифтерді және берілетін жеңілдіктерді дұрыс қолдауын , билеттер санын есепке алу құжаттарында кондуктордың қолындағы билеттердің нөмері мен жүргушінің жазулары сәйкестігін бақылайды, бағыттағы құжаттарды жүргізуін, такси-автокөліктері қозғалысында таксометрлердің қосылуын бақылайды.
Кондукторлар бригадалары 10-25 адамнан құрылады, олардың ішінен бригадир (аға кондуктор) сайланады. Бригадир бригада жұмысын ұйымдастырып, кондукторлардың жұмысы кестесін құрайды.
Бағытта жұмыс атқарғанда кондуктор ақша мен билеттерді сақтау үшін арнайы сөмке ұстау керек. Сөмкеде әртүрлі номиналды ақшаны және майда ақшаны салуға бірнеше бөлімдер болу керек. Пайдаланылатын билет орауыштары осы сөмкенің белбеуіне байланады. Кондуктор билет басатын машинка қолданғанда сөмкеде тек ақша сақталады. Бағыттың соңғы стансасында кондуктордан жиналған түсімді қабылдауы ұйымдастырылуы мүмкін, немесе уақытша сақтау үшін жеке сейфтер орнатылады.
Билет таратушылар көлік ұйымы мен билет сату орны арасында таратқыш буын ретінде жұмыс атқарады. Көлік ұйымында билеттерді алып, билет таратушылар дүңгіршек, дүкендерге оларды таратып, түсімдерді кәсіпорынға тапсырады. Билет таратушылар арнайы ұйымдастырылған орындарда өздері де билеттерді сата алады.
Ірі қалаларда кірістерді жинау қызметінің жұмысы орталықтануы мүмкін. Мыс: «Мосгортранс» жүйесінде кірістерді жинау бойынша мемлекеттік бірыңғай кәсіпорын ұйымдастырылған.
Жолаушыларды тасымалдауында қаржы операциялардың бұзылуы байқалады. Мыс, кейбір көлік ұйымдарының әкімшіліктері жүргізушілермен күнделікті түсімді тапсырып, қалдықты еңбек ақының минимальды мөлшерімен қамтамасыз етуі бұзылады және кіріс салығынан бірталай сомалар жасырылады. Сонымен қатар бағыттағы жүргізушілердің тәртібі бақыланбайды, ал бекітілген талаптар мен жолаушылардың құқықтары жиі бұзылады, жолаушыларды билетсіз тасымалдап, түскен ақшаны қалталарына салу жағдайлары жиі болады. Мұндай заң бұзушылықтарымен ішкі бақылау органдары, сондай-ақ салық полициясы органдары және бақылаушы қызметтер күрес жүргізеді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
-
Әкімшіліктің міндеттері қандай?
-
Кассирлердің міндеттері қандай?
-
Кондукторлардың міндеттері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Афанасьев Л. Л., Островский Н. Б., Цукерберг С. М. Единая транспортная система и автомобильные перевозки: Учебник. - М.: Транспорт, 1984. - 384 с.
2. В.А.Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Пассажирские автомобильные перевозки: Учебник для вузов
3. Гудков В.А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. - 254 с.
2.Практикалық сабақтар
1-практикалық сабақ. Маршруттардағы көлік құралдарының оптимальды сандары және типтерін, қозғалмалы құраманы қолданудың тиімділік көрсеткіштерін анықтау.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. ҚЖТ үшін автобус типін анықтау.
2. Маршруттардағы көлік құралының оптимальды санын анықтау
Сабақтың мақсаты: Студенттерді көлік құралының типін және оптимальды санын анықтауға оқыту.
Бақылау сұрақтары:
-
ҚЖТ қандай автобус маркалары үнемі қолданылады?
-
Қандай көлік құралының маркасы экономикалық тұрғыдан тиімді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с
2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.
2-практикалық сабақ. Қалааралық маршруттардың тиімділік жұмыстарын және қозғалысты ұтымды ұйымдастыруды анықтау.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Жолаушылар тасымалының өзіндік бағасы.
2. Затраты на эксплуатацию автобусов.
Сабақтың мақсаты: Жолаушылар тасымалының өзіндік құнын экономикалық тұрғыдан есептеуді оқыту.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с
2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.
3- практикалық сабақ. Қозғалмалы құраманы қолданудың тиімділік көрсеткішін анықтау.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Эсплуатациялық жылдамдықты анықтау
-
техникалық дайындық коэффициентін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге қозғалмалы құраманы қолданудың тиімділік көрсеткішін анықтауды оқыту.
Бақылау сұрақтары:
-
Эксплуатациялық жылдамдық тасымалдаудың өзіндік құнына қалайша әсер етеді?
-
Жолаушылар сиымдылығын қолдану коэффициентін қалайша көтеруге болады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с
2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.
4-практикалық сабақ. Қалааралық маршруттардың тиімділік жұмысын анықтау.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Қалааралық тасымалдаудағы жүру әдістері
-
Жүргізушілердің қозғалыс және демалыс графиктері.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге қалааралық тасымалдардағы қозғалмалы құраманың көрсеткіштерін есептеуді оқыту.
Бақылау сұрақтары:
1. Қалааралық тасымалдарда жүрудің қандай әдістері әлдеқайда көр таралған.
2. Қалааралық маршруттарда қозғалыс графиктері қалайша құрылады?
Ұсынылатын әдебиеттер :
1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с
2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.
5-практикалық сабақ. Қозғалысты тиімді ұйымдастыруды анықтау.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Қозғалысты ұйымдастыру
2. Әртүрлі қозғалысты ұйымдастырудағы өнімділік.
Сабақтың мақсаты: Ішкі маршруттарда қозғалмалы құраманың қозғалысын ұйымдастыру.
Бақылау сұрақтары:
-
Қозғалмалы құраманы қолдану көрсеткіштері
-
Қозғалмалы құраманың өнімділігіне көрсеткіштердің әсері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с
2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.
6-практикалық сабақ. Жүргізушінің жұмысын ұйымдастыру режимін таңдау.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Жүргізушінің жұмыстарын ұйымдастыру режимдері.
-
Ауысымды жүрістің жеткіліксіздігі
Сабақтың мақсаты: Студенттерді жүргізушінің жұмысын ұйымдастыру режимін есептеуге оқыту.
Бақылау сұрақтары:
-
Бір кісілік жүрісте жұмысты ұйымдастыруда қандай режим ұсынылады?
-
Жұптық жүрісте жұмысты ұйымдастыруда қандай режим ұсынылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с
2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.
7-практикалық сабақ. Тарифтер деңгейін есептеу.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Жоспарлық тарифтер.
-
Есептік тарифтер.
Сабақтың мақсаты: Тарифтерді есептеуге студенттерді оқыту.
Бақылау сұрақтары:
-
Жоспарлы тарифтер есептіктен несімен ерекшеленеді?
-
Жоспарлық тарифтерді құрудағы жеткіліксіздік.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с
2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.
8-практикалық сабақ. Тасымалдаудың өзіндік құнын есептеу.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Тасымалдаудың өзіндік құны.
-
Тасымалдаудың өзіндік құнының қозғалмалы құраманың өнімділігіне әсері.
Сабақтың мақсаты: Тасымалдаудың өзіндік құнын есептеуді студенттерге оқыту.
Бақылау сұрақтары:
-
Көлемді көрсеткіштер бойынша тасымалдаудың өзіндік құны қалайша есептеледі.
-
Тасымалдаудың өзіндік құныны қозғалмалы құраманың өнімділігіне қалай әсер етеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с
2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.
9-практикалық сабақ. Жолаушыларды тасымалдаудағы тарифтер.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Автобустар қозғалысының аралығы.
-
Тарифтік участіктер.
Сабақтың мақсаты: Маршруттар тарифын есептеуге студенттерді оқыту.
Бақылау сұрақтары:
-
Автобустар қозғалысының аралығы және тарифтер арасында қандай тәуелділік бар?
-
Тарифтік участіктер қалайша анықталады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с
2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.
10-практикалық сабақ. Багаждарды және қолымен қойылатын жүктерді сақтау үшін төлемдер.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Маршруттардың тарификациясы
-
Пассиржерлер үшін жолақы бағасының кестесі
Сабақтың мақсаты: Багаждарды және қолымен қойылатын жүктерді сақтау төлемдерін есептеуге студенттерді оқыту.
Бақылау сұрақтары:
-
Багаждарды және қолымен қойылатын жүктерді сақтау үшін төлемдер қандай?
-
Пассажирлер үшін жолақы бағасының кестесін қалай құрады?
11-практикалық сабақ. Қалааралық жолдардағы автобустарда жол жүру үшін бірлік және белдеулік билеттерді негіздеу.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Қалааралық жолдардағы автобустарда жүру үшін арналған бірлік билеттер.
-
Қалааралық жолдардағы автобустарда жүру үшін арналған белдеулік билеттер.
Сабақтың мақсаты: Тарификация есептеуге студенттерді оқыту.
Бақылау сұрақтары:
-
Біркелкі тариф бойынша жүру аралығы қандай?
-
Белдеулік билеттер қандай жағдайларда қолданылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с
2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.
Достарыңызбен бөлісу: |