«Теміржол көлігінднегі қозғалыс қауіпсіздігі»


-практикалық сабақ. Біркелкілік коэффициентін анықтау



бет4/4
Дата12.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#130603
1   2   3   4

12-практикалық сабақ. Біркелкілік коэффициентін анықтау.

Практикалық сабақтың мазмұны:



  1. Біркелкілікті бұзған рейстер саны.

  2. Маршруттық кестені қарастыратын рейстер саны.

Сабақтың мақсаты: Біркелкілік коэффициентін анықтауға студенттерді оқыту.

Бақылау сұрақтары:



  1. Біркелкілік коэффициенті қандай мағынаға ие?

  2. Біркелкілік коэффициенті мен рейстер саны арасындағы тәуелділік қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с

2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.

13-практикалық сабақ. Таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру.

Практикалық сабақтың мазмұны:



  1. Автомобиль-такси жүрістерінің ақылы коэффициенті.

  2. Автомобиль-таксилердің ақысыз жүрісі

Сабақтың мақсаты: Автомобиль-таксилерді көлікті пайдалануды жоспарлауды есептеулерді студенттерге оқыту.

Бақылау сұрақтары:



  1. Автомобиль-таксилердің нөлдік жүрісі қалай есептеледі?

  2. Автомобиль-таксилердің түсімі қалайша есептеледі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с

2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.
14-практикалық сабақ. Таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру.

Практикалық сабақтың мазмұны:



  1. Автомобиль-таксилердің жұмыс күнінің жұмыстарының көрсеткіштері.

  2. Таксилердің күндізгі түсімдері.

Сабақтың мақсаты: Автомобиль-таксилерді көлікті пайдалануды жоспарлауды есептеулерді студенттерге оқыту.

Бақылау сұрақтары:



  1. Ақылы жүрістің коэффициентіне анықтама беріңіз.

  2. Маршруттағы қозғалыстың бір қалыптылығын қалайша арттыруға болады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с

2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.

15-практикалық сабақ. Таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру.

Практикалық сабақтың мазмұны:



  1. Маршрутты автомобиль-таксилер жұмысының көрсеткіштері.

  2. Маршрутты автомобиль-таксилер жұмыстарынан кіріс.

Сабақтың мақсаты: Автомобиль-таксилерді көлікті пайдалануды жоспарлауды есептеулерді студенттерге оқыту.

Бақылау сұрақтары:



  1. Маршрутты автомобиль-таксилердің қажеттелек санын қалайша есептейді?

  2. Маршрутты автомобиль-таксилердің шығуының және қайта оралуының графигін қалайша құрады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Спирин И.В. Организация и управление пассажирскими автомобильными перевозками: - М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 400с

2. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.
3. Курстық жоба
3.1.Курстық жобаның тақырыбы «Қаларалық жол қатынастарында жолаушылар легінің қозғалысын ұйымдастыру».
Берілген жоба 5 бөлімнен тұрады, ол бүкіл курстың барлық оқу материалдарын қамтиды.

1. Аналитикалық бөлім.

2. Автобустар жұмыстарының көлікті пайдалануды жоспарлауды есептеу.

3. Автобустардың қозғалыстарын ұйымдастыру.

4. Экономикалық бөлім.

5. Экологиялық бөлім (жолаушылар тасымалы кезіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау).



3.2. Курстық жобаны орындаудағы әдістемелік нұсқаулар.

3.2. 1 Теориялық (аналитикалық) бөлім

Теориялық бөлімде студентке адамдардың қозғалысына анықтама беру керек, қозғалыс түрлерін ашу керек, қозғалыстың өсу және түсу жылдамдықтарын көрсету керек. Студент қаланың көліктік жүйесі ұғымын беру, қалалардың конфигурациясының типтік сызбаларын бейнелеу керек, қаланың көліктік жүйесіне негізгі сипаттама беруі және оны жазбаша көрсету керек.

Адамдар қозғалысының мақсатты белгілерін көрсету. Жолаушылар легі, жолаушылар ауысуы, көліктен көлікке орын ауысулары, орын ауыстырулар көлемі ұғымдарын беру.

3.2. 2 Автобустар жұмыстарының көліктерді пайдалануды жоспарлауды есептеу.

Бұл бөлімде автобустар жұмыстарының көрсеткіштерін есептеуді жүргізу қажет және оның нәтижелерін кестеге толтыру қажет.

3.2. 3 Автобустар қозғалыстарын ұйымдастыру.

Автобустар қозғалыстарын ұйымдастыру жолаушылар легінің қалыптасуының нақты мәліметтеріне және олардың бөлінуіне, маршруттар бойынша рейстердің уақыттарын бақылауға негізделеді. Осының негізінде студенттер қозғалыс аралығын және жиілігін есептейді, маршруттың кестелерін құрады және автобусты бригадалардың жұмысын ұйымдастырудың тиімді режимдерін таңдайды.

3.2. 4 Экономикалық бөлім.

Курстық жобаның экономикалық бөлімінің негізгі міндеті болып технологиялық бөлімде қарастырылатын жұмыстардың орындалуымен байланысты барлық экономикалық көрсеткіштерді есептеу табылады.

3.2. 5 Жолаушылар тасымалы кезіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау - бұл әлеуметтік-экологиялық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық және емдеу-профилактикалық шаралар мен құралдар, денсаулықты сақтау және еңбек үрдісінде адамның жұмысқа жарамдылығын, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заңнамалық актілер. Қазіргі заманғы өндіріс әртүрлі қауіптіліктермен және зиянды факторларға толы.

Еңбекті қорғаудың міндеті – автобус жүргізушілерінің мертігіп (және кондукторлардың) немесе ауырып қалуының алдын алу және сонымен қатар жолаушыларға қолайлылықты қамтамасыз ету.
3.3. Курстық жобаны орындаудағы әдістеме.

3.3.1. КЖ – ны орындауға арналған мәліметтер 3.1 кестесінде көрсетілген.

Кесте 3.1. КЖ – ны орындауға арналған мәліметтер

Рет саны

КЖ тапсырмалар (бастапқы мәліметтер)

1

Бастапқы қалааралық маршрут (нұсқаға сәйкес)

2

Автожолдар сызбасы және бастапқы, аралық және соңғы пунктерде жолаушыларды түсірудің аралығы.

3

Жүру түрі

4

Жолаушылар тасымалының көлемі (тура және кері)

5

Қозғалыс жүйесі (нұсқаға сәйкес)



3.3.2. Жұмыстың есептілік бөлігін орындаудағы реті

Курстық жоба, заты бойынша болашақ маманның бірінші өзіндік жұмысы болып табылады (Көлік бакалавр), жобаны шешудегі қабылданған дұрыстықтарға байланысты, оның квалификациясы анықталады.

Курстық жоба курстағы пәнді оқудың соңғы кезеңі болып табылады, және сондықтан орындаудың сапасы көбінекей студенттің алған білімін практикада қолдануды үйрету.

Курстық жобаны жобалау кезінде студент жобаланатын жұмысты зерттеуге ерекше көңіл бөлуі тиіс. Анықтамалық, технологиялық нормативтік материалдар жинау ғана емес, және де оларды критикалық талдаудан өткізу керек.

КЖ – ны жобалау кезінде студент белгілі көлемдегі графикалық жұмысты орындайды. Графика - техника тілі. Сондықтан курстық жобаны жобалауда графикалық өңдеуде көп назар аударады.

Курстық жобаның есептілік бөлімінің негізгі тапсырмасы болып барлық көрсеткіштердің есептемесі болып табылады, жұмысты орындаумен байланысты, жобаның техникалық бөлімде анықталған.

Осыған орай курстық жобаның есептілік бөлігін келесі пункттерге бөлуге болады:


  1. Жүкті тасымалдауға арналған көліктің экономикалық негізделген түрін таңдау екі нұсқаның теңестіру жолымен орындалады;

  2. Нұсқалардың әрбір түрінен шығынның сомалық түрі анықталады, жөнелту қоймасынан алушы қоймасына дейін жүкті жеткізумен байланысты;

  3. Тасымалданған жүктің 1т. көрсетілген шығының бағасы;

  4. Портқа келген жүктік теплоходтың(Т), баржи(Б), вагондарды беру(П) өңдеудің оптималдық ретін орнату;

  5. Порттағы кемелермен вагондардың өңдеу реті өзгермегенін екенін анықтау, егер 1 сағат тұрғандар шығындар вагондарды беру және жүктік теплоходтың – 35%; + 50% схемасы бойынша ауысса;

  6. Көліктік бірлікті өңдеудегі техникалық графиканы ерекшелеу;

  7. Реттеу жүйесін есептеу , жүктік фронттардағы автомобильдерді орналасуы туралы информацияны сақтау және жинауды қамтамасыздандыру, жүктік фронттардағы тиеу-түсіру механизімінің жағдайы;

  8. Жүктік фронттарды автомобильдер арқылы қызмет көрсету кезеңдерін құру;

3.3.3. Алынған қорытындылардың әдістемелік анализі.

Барлық жобаның элементтері өндірістік талаптарға сай орындалуы тиіс.

Жобаны орындаудағы жұмысты барлығы студенттер мойынына жатады, жобаның жетекшісінің нұсқаулары мен кеңестерін қолдана алады. Студент өз жұмысына ұқыпты қарауы тиіс, жоба жетекшісі оның қатесі түзейді деген үміті болмауы керек. Садықтан жобаны жобалау кезіндегі қабылданған шешімді ойланып және оның дәл рационалды екеніне көз жеткізу керек.

Студент барлық графикалық жұмысты және анықтамалық хатты уақытында бітіруі тиіс. Сызба беті және анықтамалық хат мұқият тексеріліп және орындаушы және жобаның жетекшісінің қолы қойылып, тапсырылуы тиіс, содан кейін курстық жобаны қорғауға дайындалуына болады.



3.3.4. Түсіндірмелік хаттың толтырылу реті

Студент курстық жұмыс жазғанда назарын оның мағынасына ғана емес, жобалық құжаттаудың толтырылу ретіне аударуы қажет.

Курстық жұмыстың техникалық құжаттауы екі бөлімнен тұрады: түсіндірмелік хат және сызба. Курстық жұмыстың техникалық құжаттауы 1-2 А1 форматтағы сызба мен 20-30 беттік түсіндірмелі хаттан тұрады.

Курстық жобаға кіретін сызба қарындашпен орындалады немесе жақсы сызба қағазында (ватманда), плоттерде сызылады. Ереже бойынша А1 форматтағы қағаз алынады. Бұл форматты қолдануда және оны бірнеше ұсақ форматтарға (А2, А3, А4 және т.б.), сондай-ақ қосымша форматтарды қолдануда бөлу сызығы ЕСКД-ға сәйкес өлшемде орындалады.

Сызбаның әрбір форматында рамка болуы қажет: сол жағынан 20, оң, төменгі, жоғарғы жағынан 5мм болу керек.

Әрбір беттің оң жақ төменгі бөлігінде бұрыштық мөр (негізгі жазба) басылады. Сызбадағы барлық жазбалар мен сандар сызылуға қатысты стандартта жазылуы керек, сонымен қатар сандар мен әріптердің қалыңдығы, қисаюы, әріптер, сөздер және жолдар арасындағы арақашықтығы стандартқа сәйкес болуы керек. Студент сызбада жазу жазғанда оқулықтарда, анықтамаларда және «Сызбалар және машинажасау» жинағындағы ГОСТ-да берілген қаріптердің үлгісін қарастыруы керек.

Сызбаларды сәйкес инженерлік программаларда орындау ұсынылады: "AutoCad", "Компас"," CorelDraw " және т.б.

Қорғауға ұсынылған барлық сызбаларда студенттің және жоба жетекшісінің қолы қойылуы қажет.

Студенттің түсіндірмелік хаты 210 X 294мм (А 4 форматта) өлшемдегі қатты қағазда орындалуы керек. Мәтін беттің тек бір жағында жазылады.Беттің сол жағынан 20мм, оң жағынан 5мм қалдырылады.

Тақырыптар үлкен қаріппен теріледі. Хат сауатты жазылуы керек. Сонымен қатар хаттың әдебиеттік стиліне көңіл аудару қажет. Хатта қысқарған сөздер болмауы керек.

Түсіндірмелік хат жобаның негізгі техникалық құжаты болып табылады. Онда жобаның барлық бөлігінің есептемелері мен түсіндірмелері болуы керек.

Түсіндірмелік хаттағы материалдың құрамы мен орналасу ретін мынадай түрде ұсынуға болады:



  • Титулдық бет;

  • Курстық жоба тапсырмалары ;

  • Алғы сөз (мазмұны);

  • Кіріспе;

  • Теориялық (аналитикалық) бөлімі;

  • Техникалық бөлімі;

  • Экологиялық бөлімі (еңбекті қорғау және кәсіпорындардың техникалық қауіпсіздігі);

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі;

  • Қосымша;

  • Жобаның ведомості.

Түсіндірмелік хат компьютерде 14 қаріппен теріледі, интервал – біржарым.

Курстық жобалау тапсырмалары қосымшада келтірілген бланк түрінде беріледі.

Алғы сөз жобаның бет нөмірі бойынша көрсетілген бөлімдердің тақырыптарын қамтиды.

Кіріспе көлемі бойынша көп болмауы керек (1-2 бет). Онда жобаның негізгі мақсаттарымен есептері көрсетіледі. Кіріспе мазмұны міндетті түрде курстық жобаның жұмысына қатысты болуы керек. Егер кіріспеде тарихи мәліметтер,қандайда бір сандар берілсе ол жобаға қатысты болуы керек.

Қолданылған әдебиет тізімдері жобалау кезіндегі студенттің пайдаланылған негізгі кітаптары мен журналдардағы мақалаларының, сондай-ақ Интернет сайттарынан тұрады. Тізімде қолданылған кітап аты, автордың аты-жөні, баспа мен шыққан жылы көрсетілуі керек. Журнал мақалаларында мақала авторы, шыққан жылы, журнал нөмірі жазылады.

Все данные, на которых основываются расчеты, объяснения или доказательства того или иного положения, должны в пояснительной записке иметь ссылку на соответствующий ГОСТ, учебник, книгу, журнальную статью или какой-либо другой офи­циальный источник с указанием автора, названия, года издания и страницы. Если этот материал указан в списке использованной литературы, можно вместо названия указывать в (квадратных) скобках циф­ру, соответствующую порядковому номеру в списке.

Түсіндірмелік хаттар кестелерінде, графиктерінде және сызбаларында есептеулер мен әртүрлі сандық мәліметтер қолданғанда студент бірлік өлшемді көрсетуді ұмытпауы керек.

Хат аяқталғаннан кейін және студент пен жетекшінің ұқыпты тексеруінен кейін барлық беттер арнайы папкаға тіркеледі. Папкаға жобаның орындалған жылы, группасы, фамилиясы, студент аты-жөні және курстық жобаның тақырыбы көрсетілген жазба жабыстырылады. Осыдан кейін түсіндірмелік хатқа студент пен жетекшінің қолдары қойылады.
3.4. Кеңестерді жүргізу әдістемесі

Студент міндетті түрде жоба жетекшісінің кеңесіне келуі керек. Әрбір кеңеске қатыспау сабаққа қатыспау ретінде қаралуы қажет.

Курстық жоба бойынша кеңес оқу жоспарының көлемінде және сабақ кестесіндегі жоба жетекшісінің сағаттарына сәйкес өткізіледі.

График-жоспар бойынша курстық жоба жетекшісі әрбір студенттің жобаны орындауын қадағалау керек. Кредиттік оқудағы студенттер үшін семестр бойы 2 рет аттестация өтеді.



5.5. Курстық жобаны қорғау реті
Курстық жобалаудың барлық ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстары кафедра меңгерушісіменде қадағаланады. Кафедра меңгерушісі мен жоба жетекшісі дипломдық жоба бойынша тәжірибесі және білімі бар маман болуы керек.

Кафедра меңгерушісі курстық жобалауға жалпы жетекшілік етеді, сондай-ақ:



  • Курстық жобалаудың жетекшісін тағайындайды;

  • Курстық жобалаудың тапсырмаларын бекітеді.

Кафедра меңгерушісі міндетті:



  • Курстық жобалауды, кеңестің жүргізілуін және студнттердің қатысуын қадағалауға;

  • Курстық жобаны дайындауды ұйымдастыру мен өткізуді бақылау және орындалған жұмыс көлемінің көрсетілген тапсырма графигімен сәйкес келуін қадағалауға.

Курстық жобаның жетекшісі міндетті:



  • Курстық жоба тематикасының қалыптасуына қатысуға;

  • Курстық жобалаудағы студенттерге тапсырмалар құрастыруға және беруге;

  • Курстық жобамен жұмыс жасауға студенттерге негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімін беруге;

  • Диплом алдындағы практикада студенттердің үйренетін және зерттейтін негізгі сұрақтарын құрастыруы керек;

  • Курстық жобалау сұрақтары бойынша кеңес өткізу бекітілген графикке сәйкес келуі қажет;

  • Түсіндірмелік хатты бөлімдерінің дайындығы мен мазмұнын және жабаның графикалық бөлігін және бекітілген график бойынша жүргізілген жұмыстарды тексеруге;

  • Курстық жобаның сапасын тексеруге және дайындығын бақылауға қатысу;

  • Жобаның жалпы бағытын анықтауға, тапсырма көлемінің сәйкестігін және әдістемелік көрсеткіштер мен нормативтердің орындалуын қадағалауға.

Курстық жұмыспен уақытта студенттерде үлкен жауапкершілік, тәртіптілік және жұмыс істегіштік қасиеттермен ерекшелену керек. Күн тәртібі режимін қатаң қадағалау, жобамен жұмыста мақсатты жүйелік бағыттылық, үнемі кеңестерге қатынасу – курстық жобаны қазіргі заманғы сай және дұрыс дайындалуының, студенттің жобаны жақсы қорғауының маңызды шарттары.

Курстық жоба үшін әр оқу орнында арнайы жабдықталған кабинет болуы қажет, онда қатаң орнатылған график бойынша жетекші кеңестер жүргізу қажет. Кабинет жұмысына бақылау және кеңесберушілердің кезекшілік графигі бойынша келуін кафедра меңгерушісі қадағалайды

Студент тапсырмалармен орнатылған мерзімде (қорғауға 5-7 күнен кеш емес) толық көлемде курстық жобаға қол қояды (түсіндірме хатқа және графикалық бөлімнің әрбір бетіне) және жоба жетекшісіне өткізеді.

Жоба жетекшісі курстық жоба бойынша қорытынды береді, онда студенттің дайындық деңгейі және оның практикалық тұрғыдан есептерді шеше алуы бағаланады, сонымен қатар курстық жобаға жалпы баға қойылады.

Жоба жетекшісінің қорытындысында студенке мінездеме болады және оның жобасына келесі сұрақтар бойынша:


  • Жобаның барлық бөлімдері бойынша жобаның орындалуының сәйкестігі (жобаның әлдеқайда нашар және әлдеқайда толық жақтарын көрсету арқылы);

  • Студенттердің жобада есепті шешулерінің технологиялық бағасының дұрыстығы;

  • Студент білімінің теориялық дайындығы және оны практикалық есептерді шешуде қолдануы;

  • Жобада алдыңғы қатарлы өндірістік және ғылыми тәжірибелерді қолдануы және есепті шешуге өзінше жзасаған қатынасы.;

  • Жобада қабылданған ұйымдастырушылық-техникалық шешімдердің экономикалық негізделуі;

  • Түсіндірме хатты және графикалық материалдарды өңдеудің сапасы және есептерді шешудің дұрыстығы;

  • Жобаның практикалық бағалығы жәе оның өндірісте қолданылуы;

  • Курстық жобаның бес балдық жүйедегі жалпы бағасы.

Курстиық жобаны студенттер оқу орнында курстық және дипломдық жобалар бөлмесінде қорғайды.

10-15 минут аралығында студент жобаның мақсаты мен міндеттерін нақты және қысқаша айтып беру қажет, жобалау объектісіне сипаттама беру қажет, онымен қабылданған жобалық шешімдердің тиімділігі мен негізділігін баяндау және проектінің практикалық мақсаттылығын және экономикалық тиімділігі туралы қорытындылау қажет

Баяндамадан кейін жоба жетекшісі өз қорытындысын айтады және студенке қойылған сұрақтар мен ескертулерге жауап беру үшін сөз беріледі.

Комиссия мүшелері жобаға қатысты және басқа да көлік бакалавры мамандығына қатысты сұрақтарды қоюына болады. Жалпы бағаны жоба жетекшісі қояды және студенке жарияланды.
4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

4.1 Студенттердің өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Оқушылардың өздік жұмыстары СОӨЖ және СӨЖ ден тұрады.

СОӨЖ ретінде оқытушының студентпен аудиторияда жүргізетін тапсырмалары қарастырады. Жалпы түрде СОӨЖ сабақтарында жоғарыда мазмұндалған курстық жобалар қарастырылады.

Өзіндік үй жұмыстары (СӨЖ) дәріске, семинар сабақтарына дайындықты қарастырады, сонымен қатар рефераттар, баяндамалар жазу және ғылыми-практикалық конференцияларға қатынасуды қамтиды.



    1. Студенттер білімін тексеруге арналған рефераттар мен бақылау тапсырмаларының тақырыптары




темы

Сабақ тақырыбы, негізгі сұрақтар



Мемлекеттің бірыңғай көліктік жүйесінің құрылымы



Нарықтық экономика шарттарындағы көлік



Әртүрлі көлік түрлерінің негізгі көрсеткіштері



Жердегі көлік түрлерінің ерекшеліктері



Су және әуе көлік түрлерінің ерекшеліктері



Өндірістік көліктің ерекшеліктері



Арнайы және дәстүрлі емес көліктердің қызмет ету аясы



Қазіргі заманғы қала жағдайындағы көлік



Қала территориясында жолаушылар легіне қызмет көрсету үшін транспорт түрлерін таңдау қағидалары



Біріңғай көліктік жүйеде көліктік үрдістерді ұйымдастырудың ерекшеліктері.



Көлік және көліктік шығындарды жұмсауды анықтау



ҚР көлікте мемлекеттік бақылаудың ерекшеліктері.



ҚР көлікте құқықтық қатынастардың ерекшеліктері



Көліктің ғылыми және экономикалық проблемалары



Көлікте қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ерекшеліктері



Аудиториялық сабақтарға есептеулерді, графиктерді және сызбаларды орындау



4.3 Оқу-әдістемелік материалдар тізімі

1 Курс лекций по дисциплине «Междугородные пассажирские перевозки»

2 Методическое пособие к курсовому проекту по дисциплине «Междугородные пассажирские перевозки»

3 Задания к курсовому проекту по дисциплине «Междугородные пассажирские перевозки»

1 «Қалааралық жолаушылар тасымалы» пәнінен дәріс курсы.

2 «Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі» пәні бойынша курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік құрал.



3 «Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі» пәні бойынша курстық жоба тапсырмалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет