Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық



бет20/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
Акушерия теориялық және симмуляция

1.10.Сабақтың тақырыбы: Жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Тақырып бойынша білімдерін бекіту, тереңдету, кеңейту, бір жүйеге келтіру.
ә) тәрбиелік: Адамгершілікке, шыншылдыққа, тапсырылған іске жауапты түрде қарауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Қосымша деректермен таныстыру арқылы ой-өрісін дамыту, студенттің бойында логикалық және клиникалық ойлау қабілетін дамыту, оқыс жағдайда дер кезінде шұғыл шешім қабылдауға дағды жасау.
Сабақтың түрі: Практикалық.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру


Маңыздылығы Қазіргі уақытта әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерінің өсу жиілігі жоғарлауына, сонымен қатар төмендеу қарқынының жоқтығына байланысты онкологиялық гинекологияның бұл мәселесі маңызды болып табылады. Онкологиялық гинекологияның жиі кездесетін дерттеріне- жатыр мойынының, жатыр денесінің және аналық бездің қатерлі ісіктері жатады. Бұл үш науқас барлық әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерінің 95% құрайды.
Жатыр мойынының қатерлі ісігі Жатыр мойынының қатерлі ісігі онкогинекологиялық аурулардың ішінде бастапқы орында. Бұл дертпен әлемде 100000 әйелге шаққанда 20-сы науқастанады. Осы аурудың емін толық қанағаттанарлық деп айта алмаймыз, өйткені 5 жылдық өмір сүру ұзақтығы 65-70%. Жатыр мойынының қатерлі ісігі бұл: әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерінің 12 % құрайды. 48 бен 50 жас арасындағы әйелдер жиі ауырады Аурудың жиілігі – Казахстан бойынша 100мың.әйелге 7,1. Жатыр мойынының қатерлі ісігі мәселесінің і бағыттары; ерте анықтау және алдын алу шаралары дисплазиялар мен преинвазивті қатерлі ісікті дер кезінде анықтап, емдеу тәсілдерін күшейту. инвазивті рактың алдын алу; инвазивті ракты емдеу тәсілдерін күшейту. Қауіп қатерлі себептері: Жыныстық қатынасқа ерте түсу (15 жастан) Жыныстық қатынасты әртүрлі адамдармен жүргізу Ерте жүктілік пен босанулар ( 18 жасқа дейін) Кеш тұрмыс құру және кеш босану жүктілік пен босанулар көп болған жағдайда Босанудан кейінгі тыртықтар патологиялық процестер(факультативті ісік алды ауруы) Жатыр мойынының сік алды ауруы дисплазиялар (облигатты ісік алды ауруы) гормондық тепе-теңдіктің бұзылысы, иммундытәуелді жүйелердің қызметінің төмендеуі кезінде фондық аурулардың қатерлі ісікке айналу мүмкіндігі туады Жатыр мойынының патологиялық процестерінің клинико-морфологиялық жіктелуі:
1.Фондық процестер - нағыз жара эрозия – жалған эрозия – эктропион - Лейкоплакия ақ таңдақ - Эритроплакия - цервикальды каналдың полипі етті өсіндісі -цервикальды каналдың қабынуы - Папиллома – Эндометриоз.
2.Ісік алды ауруы – дисплазия: жеңіл, орташа, ауыр.
3.Преинвазивті рак (Ca in situ, эпителийішіндегі рак).
4.Микроинвазивті рак.
5.Инвазивті рак: жалпақ клеткалы , мүйізденген, мүйізденбеген, аденокарцинома, диморфты,безді- жалпақклеткалы (мукоэпидермоидты), төмен жасушалы.
Анықтау тәсілдері: Айнада қарау Кеңейтілген кольпоскопия Кольпоскопияның міндеті: Жатыр мойыныны жабындысының және қынаптың эпителийінің жағдайын бағалау Зақымдалған жерді анықтау Қатерлі ісікке күмәнденген ошақтарды анықтау Кольпоскопияның деректеріне сүйене отырып бағытталған биопсия жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет