41
қабылдап, құрметтей білуі маңызды. Әрдайым оқушыға жақсы үлгі
көрсетіп, өмірлік ұстанымын қалыптастыратын мейірім, қамқорлық пен
жанашырлық сезімінің көзін ашу үлкен міндет. «Адамдық көзбен
тереңнен тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық.
Дәрігер адамның
денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның
ақылын, мінезін, жанын сауықтырады», - деп Жүсіпбек
Аймауытов
мұғалім мәртебесін көрсетті [4, 37-б]. Баланың жанын сауықтырып,
құндылықтарды қалай дарытуға болады? Тәрбие ісінде ұсақ-түйек
болмайтынын ескеріп, мұғалімнің «педагог әдебін»
сақтауы аса
маңызды шарттардың бірі екенін назардан шығармауымыз керек. Бала
әлемдегі ең мықты аппараттардан да мықты,
жасанды іс-әрекет пен
жалғанды жаңылыспай сезеді.
Жақсы сабақ өткізу үшін Ж. Аймауытовтың мұғалімге қойған
талаптарымен танысып, ой қорытындысын жасайық: «Алдымен
мұғалімде
жас буынға
махаббат, инабат, сенім, жылы шырай болу
керек. Шәкірттерін бұзақы деп есептеген мұғалім олардан бұзық мінез,
жаман мінез туғызуға себепкер болады.
Мұғалім балаларының
бұзықтығына көзі жеткенде, оларды жақсы құлықты деп жүру дұрыс.
Мұғалімнің ондай инабатын көріп, балалар да жақсы болуға тырысады.
Бірақ,
мұғалім соқыр сенімге салынып, балаларының жаман жағын
көрмеу жарамайды. Саналы оқытушыны ондай адасудан сақтайтын –
Достарыңызбен бөлісу: