Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет16/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

ынтымақтастық сезімі 
қалыптасады.
Балалардың бойында туындаған реніш, ашулану сезімдерін 
басқаруды, кешірімді болуды дәріптеу, кей жағдайда әзілмен жауап 
беруді үйрету маңызды. Осылайша, біз оларға өз 
эмоциясын басқару 
жолдарын түсіндіруіміз керек.
Оқушыларға күнделікті шешім қабылдауға тура келетін 
жағдаяттар кездеседі. Мысалы, үй тапсырмасын орындау немесе 
планшетте ойын ойнау, сабаққа бару немесе келген қонақтармен 
қыдыру. Осындай жағдайларда баланың өзі әрекеттің салдары қандай 
болатынын талдап, дұрыс 
шешім қабылдауға дағдылануы маңызды.
Өмірлік кездескен жағдаяттарда әдеп сақтап, өз 
пікірін ашық 
айтуға, өзгелермен пікір алмасуға қабілетті болуына назар аударуымыз 
керек. Баланы пікірі үшін бағалауға немесе жазалауға болмайды. Өз 


33 
пікірін талқылау барысында түзетуге де мүмкіндік жасауды 
ұмытпауымыз керек. Мұндай талқылауларда асығыстық жасап, уақыт 
қууға тағы болмайды. Оқушы біртіндеп өз ойын нақты, түсінікті 
тұжырымдауға қалыптасады. 
Сынып оқушылары арасында өзара 
достық қарым-қатынас 
қалыптасуы үшін түрлі шағын топтар, кездейсоқ топтар құрап, олардың 
ойын форматында еріксіз бір-бірімен қарым-қатынас жасауына түрткі 
болған жөн. Оқушылардың әлеуметтік дағдылары қаншалықты 
дамыған сайын, олар өзара және басқалармен де қиындықсыз 
коммуникативтік қарым-қатынас жасауға төселеді. Сыныптастарымен 
тіл табысып дағдыланады. Нәтижесінде достары да көп болады.
Құрметті әріптесім, осы тұста мұғалімдер тарапынан 
«Оқушылардың топтық немесе жұптық жұмысын ұйымдастыру міндетті 
ме? Оның керегі не?» деген сұрақтар жиі қойылады. «Жұмыла көтерген 
жүк жеңіл» демекші, білім алу жолында оқушыға сыныптастарымен 
ақылдасу, ой бөлісу, ішкі сезімін сыртқа шығару, өзара қолдау көрсету 
өте маңызды.
Шынайы өмірлік жағдайда да адамдар бірлесіп еңбек етеді. Жалғыз 
адамның қолынан келмейтін істі бірігіп атқарады. Оқушы тұлғасының 
толыққанды 
қалыптасуы 
әлеуметтік 
дағдыларына 
тәуелді.
Ж. Аймауытов: «Әлеуметтен тысқары жерде адам білімді де, тәрбиелі 
де бола алмас еді, міне, бұлар әлеумет арқылы табылып отыр. Әлеумет 
болмаса, адам тәрбиеге де мұқтаж болмас еді», – деп көрсеткендей 
оқу-тәрбие үдерісін түрлі әлеуметтік ортада ұйымдастыру мүмкіндігін 
пайдаланған тиімді [4,11-б.]. Оқу-тәрбие үдерісін тек қана мектеп 
қабырғасында емес, мектептен тыс мәдениет, қызмет көрсету және 
түрлі өндіріс орындарында да ұйымдастыруды алдын ала жоспарлау 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет