Тәрбие негізі – ҚҰндылық


«Жаман болады» концепциясы нені көздейді?



Pdf көрінісі
бет14/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

«Жаман болады» концепциясы нені көздейді? 
Халқымыздың дүниетанымында «Жаман болады» концепциясы 
қандай да бір іс-әрекет салдарынан дереу тап болатын немесе түптің 
түбінде туындайтын теріс нәрселерден сақтандыру ниетінен туындаған. 
Мәселен, суға қатысты «Суға түкірме» (экология, әдеп), «Беті ашық 
қалған суды ішпе» (гигиена), «Түнде суға барма» (қауіпсіздік, тәртіп), 
«Қолыңды жуған соң сілкіме» (әдеп, мәдениет, гигиена) деген тыйым 
сөздердің әрқайсысы тәрбиенің түрлі бағыттарын қамтиды.
Бастауыш сыныпта «Жаман болады» концепциясы аясында 
жауапкершілік, дұрыс әрекет, өз ісіне есеп беру, сол сияқты өтірік айтпау, 
кісіні алдамау, бос мақтанбау және т.б. заманауи тәрбиенің өзекті 
салаларын жүзеге асыруды көздейді.
Балаға «жаман болады» деп тыйым жасаудың соңында балалар 
табиғи түрде «Не болады?» сұрағын қойып, қызығушылық танытады. 
Балаға әр әрекеттің салдарын түсінуі үшін бірге талқылап, талдау 
маңызды. Мысалы, «Адамға қарап түшкірме, жаман болады» тыйымын 
бірге талқылау арқылы осы әрекеттің салдары неге әкеліп соғатынын 
балалардың өздеріне аштыру. Себебі түшкірген кезде мұрын 
қуысындағы шаң-тозаң, бактериялар мен вирустар сыртқа шығады. 
Сондықтан түшкірер кезде өзге адамдардан кемінде 1 метрдей 
арақашықтықты сақтап, ықтимал жұқпалы вирус не бактерияның 
таралуын болдырмау үшін мұрын қуысы мен ауызды бет орамалмен 
жапқан дұрыс. Бет орамал болмаған жағдайда шынтақты бүгіп сонда 
түшкірген жөн. Сонда түрлі жұқпалы аурулардың таралуының алдын 
алуға болады. Гигиена талабын сақтаудың маңыздылығын өз өмірлік 
тәжірибесінен мысалдар келтіру арқылы бекіту ұсынылады.
Жауапкершілік пен тәртіптің бастауыш сынып жасындағы баланы 
тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Бала мектеп табалдырығын аттаған 
сәттен бастап, әлеуметтенудің жаңа кезеңі басталады. Бұл кезеңде өзін-
өзі реттеу, өзі және өзгелер үшін жауапкершілікті сезіну, тәртіп сақтаудың 
маңыздылығын түсіне бастайды. «Жаман болады» концепциясының 
үздіксіз оқу үдерісінде, оқудан тыс шараларда жүйелі түрде жүргізіліп 
отыруы оң нәтиже береді. Кейбір жағдайда «жаман болады» ұғымының 
мағынасын баланың өзі ашуына мүмкіндік жасауға болады. Әлбетте, бұл 
үш концепцияның қай-қайсысын да терең философиялық, я болмаса 
қазақтың байырғы ырым-жоралары деңгейінде емес, баланың жас 


31 
ерекшеліктеріне сәйкес түсінікті әрі қарапайым түрде қалыптастырған 
абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет