Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет15/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

 
 
Құндылыққа бағдарланған оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру
Мектеп қабырғасында тәрбие жұмысы өзара байланысты екі 
бағытта, яғни әрбір сабақта және сабақтан тыс жұмыс барысында жүзеге 
асырылады.. Оқыту үдерісінде әрбір пән бойынша оқу әрекеті мен 
тәжірибелік жұмыс түрлері арқылы тәрбие міндеттері шешіледі. Тәрбие 
жұмысы оқушылар қоғамдастықтарының қызметі, өлкетану-зерттеу 
экскурсияларының, жазғы лагерьлердің, әлеуметтік жобалардың 
шеңберінде, сондай-ақ бастамашыл сыныптан тыс іс-шаралар, қосымша 
білім беру түрлері (үйірмелер, секциялар, студиялар), ұлттық және 
мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралар шеңберінде жүзеге 
асырылады. 
Бағдарлама бойынша барлық пәндердің оқу материалы 
мұғалімге оқушылардың мынадай дағдыларын қалыптастыруға 
мүмкіндік береді: 
• салауатты өмір салты дағдылары: оқушыларға адам ағзасы 
туралы білім беру, оларды өз денсаулықтарын сақтауға және нығайтуға 
үйрету; 
• рухани-адамгершілік құндылықтар: мектеп оқушыларының 
сыныптастарымен, ата-аналарымен, мұғаліммен қарым-қатынас 
мәдениеті; 
• туған жерге және Отанға деген сүйіспеншілік. 
Бастауыш білім беру буынына арналған оқу бағдарламалары 
пәнаралық байланысты іске асыратын ортақ тақырыптар аясында оқыту 
арқылы баланың әлемді тұтас қабылдауына мүмкіндік жасайды. 
Сондықтан ортақ тақырыптар мән-мәтінінде тәрбие жұмысын жүзеге 
асыру қолайлы болып табылады. Қоршаған әлемнің тұтас бейнесін 
қалыптастыру, ақпарат табу, түсіну, талдау, түсініктер арасында 
байланыстарды көру және орнату үшін тұжырымдар негізінде оқыту
өзектендіріледі. Мұндай тәсіл зерттеу дағдыларын дамытуға, күнделікті 
өмірлік тәжірибемен байланыс орнатуға бағытталған. 


32 
Бастауыш сыныптағы барлық пән бойынша ортақ тақырыптар 
негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру оқушылардың құндылық-
тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жағдай жасайды. Бала бойында 
мақсатты түрде дамытылуы қажетті басты қасиеттер – ізгілік, 
еңбексүйгіштік, адалдық, ұқыптылық, ұйымшылдық. 
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын дамыту, яғни оқушының 
білім алу жолында өз қатарларымен ғана емес, өзінен үлкен немесе кіші 
жастағылармен де қарым-қатынас жасай алуы, өзгені тыңдай және 
әңгімелесе білуі, алғыс білдіруі, өзін-өзі таныстыра алуы оның 
танымдық қабілетінің ашылуына ықпал етеді. Оқушы өз білгенімен 
бөлісе алуы, қажет жағдайда өзгелерге түсіндіруі, жеткізе білуі ертеңгі 
күні алған білімін өмірде қолдануының негізі болып табылады.
Баланы күнделікті өмірде кездесетін түрлі стрестік жағдаяттарда 
төзімділік танытуға, сабырлы болуға үйрету қазіргі таңда өте өзекті. 
Себебі бастауыш сынып оқушысы, мысалы, жарақат алып қалғанда, 
ауырып қалғанда сабыр сақтауды, өзін-өзі ұстауды игеруі маңызды. 
Отбасында, ата-ана арасында кездесетін түрлі жағдайларды кішкентай 
балаларға көтеруге тура келеді. Сондықтан ауыз әдебиетін, көркем 
шығармаларды, аутентті материалдарды талдау арқылы осындай 
жағдайлардан шығудың үлгісін де қамтуымыз міндетті. Кейіпкер 
қандай сезімді бастан кешкенін айтып беруін сұрап, «оның орнында 
өзіңді қойып көр» деп, түрлі жағдаяттармен жұмыс істеткен жөн.
Мақсатқа жету үшін басқалармен тіл табысып, келісе отырып, топ 
құрамында жұмыс істеу арқылы оқушы бойында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет