Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет29/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

Практикалық жұмыс. Ата-анасына бауырсақ пісіруге 
көмектесу. Оқушыларға үйде әжесінің/анасының бауырсақ пісіруіне 
көмектесу және өзінің қосқан үлесін таныстыру тапсырылады. Олар 
қамырды жаю, бауырсақты кесу және тасып беру, ыдысты жуу т.с.с. 
жұмыстарды ата-анасының бақылауымен атқара алады. Бауырсақ пісіру 
барысын ұялы телефон көмегімен видеоға немесе фотоға түсіреді және 
әр кезеңге қысқаша сипаттама береді. 
Саралау. Бауырсақ пісірген кездегі фотоларын қолданып, буклет 
әзірлеу немесе бейнеролик әзірлеу. 
 
Рефлексия

Бауырсақ пісіру туралы не білдім? 

Маған бауырсақ пісіру кезінде қандай істерді атқарған ұнады? 

«Обал» болмауы үшін не істей аламын? 


61 
4-кезең: «Менің әжемнің/анамның бауырсағы» атты 
қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыру 
Оқушылар әзірлеген буклеттері мен бейнероликтерін таныстыруға 
мүмкіндік алады.
Мектеп оқушыларының ата-аналарымен бірге әзірлеген 
бауырсақтарын көпшілікке ұсынып, өзге ата-аналардың бауырсағынан 
дәм татуға мүмкіндік алады. Тауар айырбасы ретінде міндетті түрде 
қаржы емес, «обал болады», «сауап болады» ұғымдарын түсіндіріп 
беруін талап ету оқушыларға әрі қызықты, әрі тіл дамытуына, әлеуметтік 
дағдысын дамытуына қолайлы жағдай жасайды.
 
2-сынып. «Жаратылыстану» пәні 
Жоба тақырыбы: Денемізді шынықтырайық!
Ортақ тақырып: «Дені саудың – жаны сау» 
Жоба мерзімі: кемінде 1 апта (1 ай). 
Мақсаты: мұғалімнің көмегімен физикалық жаттығулардың 
денсаулыққа пайдасын білу, денсаулық сақтау шараларын әдетке 
айналдыру. 
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, 
музыка, бейнелеу өнері, математика, денешынықтыру. 
Оқушылар күн тәртібін дұрыс құрудың, дене шынықтыру 
жаттығуларын жасау мен саламатты өмір салтын ұстанудың пайдасын 
біледі. Жоба барысында оқушы жеке өмірлік тәжірибесін белсенді 
қолдана алады, өз әрекетін ұйымдастырады және өзін-өзі бақылауға 
дағдыланады. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды, 
денсаулықты нығайту жолдарын үйренеді. Ақпаратты іздеу, өңдеу, 
бағалау дағдыларын жетілдіріледі. Ата-аналармен жоба жұмысын 
ұйымдастыру туралы кеңесу, баласына қолдау көрсету мүмкіндіктерін 
алдын ала талқылап алған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет