58
қарапайым сызбаға түсіру: топтастыру.
Саралау. Сызбаға нан атауын жазу немесе суретін салу.
Сатып алу үшін нанды таңдау. Таңдау себебін түсіндіру.
Математикалық білімін қолдану: төлем жасау,
қайтымын алуға
дағдыландыру. Төлем жасау контекстінде қарапайым есеп құрастыру,
шешу. Есеп құрастыру барысында нан бағасын шартты түрде қосу және
азайту амалдарын орындай алатын ондықтармен беру ұсынылады.
Қосымша тапсырма. Сынып бөлмесінде «Нан дүкені»
бұрышын
әзірлеу. Оқушылар дүкенші және сатып алушы ретінде рөлдік ойын
барысында есептеу дағдыларын жетілдіре алады.
2-нұсқа. Ата-анамен қарым-қатынасын нығайту, өзара көмек көрсету
және еңбекке баулу мақсатында «Менің әжемнің/анамның бауырсағы»
59
немесе «Анамның бауырсақ пісіру рецепті» тақырыбында практикалық
жұмыс.
Бұл тапсырма ата-аналардың
еңбегін бағалауға, қолдан келетін
жұмыс түрлерін орындап, қолғабыс етуге тәрбиелейді.
Суретпен
жұмыс.
Бауырсақ
пісіру
ретін
түсіндіру
ұйымдастырылады. Әр суреттегі нақты әрекет аталады. Бауырсақ пісіру
бойынша іс-әрекетті және оның ретін білдіретін
сөздерді қолдануына
назар аударылады.
Керек сөздер: кесу, илеу, иін қандыру, ашыту, жаю, басу, пісіру.
Сурет негізінде әңгімелеу үшін жетекші сұрақтар қою:
- Ең алдымен не істейміз?
- Одан соң?
- Тағы не қосамыз?
- Қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек деп ойлайсың? т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: