Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет121/140
Дата25.04.2023
өлшемі485.93 Kb.
#472704
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   140
Айгөлек циклограмма ҚҚҚЖқ

Таңертенгі жаттығу

Таңертеңгі жаттығулар кешені(Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті). 
(дене шынықтыру, музыка)




Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Өз орнынт ауып отыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту
(мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті).






Ұйымдастырылған
іс-әрекетке
дайындық

Шаттық шеңбері:
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап.
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
(сөйлеуді дамыту)

Шаттық шеңбер:
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
"Қайырлы таң! деп айтамыз,
Бір болып кеште қайтамыз.
(сөйлеуді дамыту)

Шаттық шеңбер:
Амансың ба,
Алтын күн?
Амансың ба,
Көк аспан?
Амансың ба достарым?
Сендерді көрсем қуанам.
(сөйлеуді дамыту)

Шаттық шеңбер:
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,бүгінгі күнімізді бастайық
(сөйлеуді дамыту)

Шаттық шеңбер:
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,бүгінгі күнімізді бастайық
(сөйлеуді дамыту)




Ұйымдастырылған
іс-әрекеттер

Дене шынықтыру

Қазақ тілі
"Жабайы аңдардың қысқа дайындығы. Қоян тонын неге ауыстырады?" сұрақтарға жауап беруге, өз бетінше кітаптарды қарауға баулу.

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру
Музыка










"Нені жақсы көреді?" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Жануарлардың қоректері жайлы білімдерін толықтыру Сөздік қорларын молайту. Ойлау қабілеттерін дамыту.
(сөйлеуді дамыту)
Педагог жетекшілігімен ойын: үстелінде суреттер жатады: сәбіз, қырыққабат, таңқурай, бал, балық, жаңғақ, шырша бүршігі, саңырауқұлақ, ағаш қабығы, шөп, тауық, қоян, қозы және тағы басқа. Балалар суреттерді сәйкес жануарға жапсырады.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру).
«Жабайы аңдар» суретін бояу,жабыстыру,
құрастыру
(сурет салу, жапсыру, құрастыру )

"Сипаты бойынша тану" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балаларға жануарларды сипаттама арқылы тануға үйрету; балалардың ойлауы мен сөйлеуін дамыту.
Барысы.
Қорқақ, ұзын құлақ, сұр немесе ақ. (Қоян.)
Қоңыр, қыста ұйқыға кетеді, епсіз. (Аю.)
Сұр, ашулы, аш. (Қасқыр.)
Қу, айлакер. (Түлкі.)
(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)
Қимылды ойын: «Кім жылдам»
Балаларды батыл,епті,байқампаз болуға баулу.
(дене шынықтыру)
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып,бір тұрып.
Біз бір дем алайық.
«Аю және қонжық»
Мақсаты:, қылқаламды дұрыс ұстап пайдалана білуге үйретуді жалғастыру.
(сурет салу, жапсыру)

«Қоян орманға барады».
Мақсат-міндеттері. Балаларды үшбұрыш, дөңгелек және шаршы геометриялық пішіндерін тануға және атауға жаттықтыру; қоршаған ортада геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды байқауды үйрету; қағаз бетін бағдарлау, қабылдау, есте сақтау, елестету қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
(қоршаған ортамен таныстыру,,математика негіздері)
Педагог жетекшілігімен ойын: Бір күні таңертең орман жануарлары оянып, бәрінің құйрықтары ауысып кеткенін көрді: қоянда қасқырдың құйрығы, қасқырда түлкінің құйрығы, түлкіде аюдың құйрығы. Жануарлардың көңіл күйлері түсіп қалды. Қасқырдың құйрығы қоянға сәйкес келе ме? "Бұл ненің құйрығы?" деген сұраққа жауап бере отырып, жануарларға құйрықтарын табуға көмектесу. "Міне, қасқырдың құйрығы. Ол қандай? (сұр, ұзын) және тағы басқа. (қоршаған ортамен танысу, танымдық дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)



«Қоңыр аю қорбаңбай».
Мақсат-міндеттері. Балалардың жаңа әнге қызығушылықтарын арттыру; әннің сөздік мазмұнын жатқа айтуды үйрету; қабілеті мен ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; әнді орындау кезінде дұрыс тыныс алу техникасына жаттықтыру; ырғақтық қимылдар мен би элементтерін музыкамен сәйкестендіре жасауға үйрету. . (дене белсенділігі,қоршаған ортамен таныстыру)
"Қорқақ қоян" ойыны.
Мақсат-міндеттері. Педагогтің іс-әрекетін мұқият қайталау, әуенді және ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту. (дене белсенділігі
(сурет салу)
Сергіту сәті:
Добым добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Добым менің добым менің
Зымырайсың, қутыңдайсың
Бірақ меннен құтылмайсың
(сөйлеуді дамыту,қарым-қатынас іс әрекет)
Еркін ойын: «Аққала»
Доптарды ермексаздан мүсіндейді, дайын пішіндермен аққаланы құрастырып жапсырады, суретін бояйды.
(сурет салу, жапсыру, мүсіндеу.



«Жабайы аңдар» Мақсат-міндеттері. Орманда мекендейтін жабайы жануарлар туралы білімді тереңдетуге және жалпылауға ықпал ету, күз мезгіліне тән белгілерімен таныстыруды жалғастыру, жиі қайталанатын қажетті сөздер мен сөз тіркестерін айтуды үйрету.(қоршаған ортамен таныстыру)
«Сиқырлы сандық» үлестірмелі материалдармен жұмыс.Суреттегі затты атап,әңгіме құрастыру
(қазақ тілі)
«Заттарды салыстыр»
Мақсаты:заттарды салыстыра білуге үйрету тең-тең емес.
(математика негіздері)
«Қу түлкі»
Мақсаты: түстерді дұрыс таңдар,қылқаламмен дұрыс жасауды, мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін үйретуді жалғастыру,
(сурет салу,жапсыру,мүсіндеу)




Екінші-таңғы ас

Екінші таңғы ас алдында гигиеналық процедураларды орындау (өзіне-өзі қызмет көрсетудің мәдени-гигиеналық дағдылары). Балалардың назарын тағамға аудару, үстелдегі балалардың дұрыс қалпын қадағалау, тікелей отыру ,алаңдамау.«Бата беру», «Ас қайтару» дәстүрлерін үйрету.(қазақ тілі)
Жуыну кезіңдегі тақпақтар:
Жуын күндіз-кешке де,
Жуын күндіз-түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде. (қарым-қатынас іс-әрекеті)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет