Тиімділігі арттыру жолдарын зерттеу


Белгілеулер мен қысқартулар



бет3/18
Дата16.05.2024
өлшемі373.45 Kb.
#501268
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
МД Уалшерова

Белгілеулер мен қысқартулар
АКТ-Ақпараттық коммуникативтік техника
ҰБА- Ұлттық Бірыңғай Академиясы
(ӨЖ) -Өзіндік жұмыстың
(ҚБ) - қалыптастырушы бағалау
(ЖБ)-жиынтық бағалау (ЖБ)


Кіріспе


Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде өмірдің кез келген саласында ақпараттық-қатынастық технологияның әсері өте жоғары.Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдетиетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау - бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Білімді модернизациялаудың негізгі мақсатын орындауға – білім беру сапасын арттыруға, білім алудың қол жетімділігіне, жеке тұлғаның және тұтас ақпараттық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Қашықтықтан оқыту - қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттықкоммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтықтан білім алу үрдісі. Қашықтықтан оқытуда оқушының жеке бейімделген білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері қашықтықтан білім беру барысында қолданылатын бағдарламалардың сан алуандығы және әр бағдарламаның өз ерекшеліктері мен кемшіліктері оқыту барысында байқалады. Қашықтықтан оқыту барысында оқушының жеке бейімделген бағдарламалары елімізде толық дайын болмағаны белгілі болды. Осы орайда елімізде оқушылар «Daryn.Оnline», «Online.Mektep» бағдарламалары арқылы сабақ оқи бастады. Бағдарламалар оқушылар мен оқытушылар үшін тиімді болды.Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақпараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтықтан оқытудың маңыздылығын арттырды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру қажет. Қашықтықтан оқыту формасы бүгінде уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде тек осы жүйе мейілінше икемді әрі тиімді.жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтықтан оқыту ХХІ ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет