Тұқымның жарақаттануы



бет6/11
Дата28.10.2022
өлшемі58.12 Kb.
#463558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дәріс 3

Тұқымның ылғалдылығы - сақтау мүмкіндігін анықтайтын тұқым сапасының басты көрсеткіштерінің бірі. Жоғары ылғалдылықтағы тұқымның тыныс алуы күшейеді, температурасы жоғарылайды, соның салдарынан тұқым өздігінен қызады да өнгіштігін жоғалтады. Ылғалдылық деп пайызбен көрсетілген тұқымдағы судың мөлшерін атайды. Негізгі әдіспен тұқым ылғалдылығын анықтағанда кептіргіш шкафтар пайдаланылады, бөлінген өлшеуіштерді белгіленген температура ережесінде Мемлекеттік үлгіқалып талаптарына сәйкес (МҮҚ) кептіреді. Жалпылама талдауда тұқым ылғалдылығын электрлі ылғал өлшеуіш аппараттарда анықтайды. Даулы жағдайда тұқым ылғалдылығын тек қана негізгі әдіспен анықтайды.
Мемлекеттік үлгіқалыптар (МҮҚ) бойынша тұқымның кондициялық ылғалдылығы еліміздің аймақтарына, жекелеген дақылдарға мөлшерленеді. Атап айтқанда, Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс облыстарында көпшілік дәнді дақылдардың тұқым ылғалдылығы 16-17%, жармалық дақылдарда (тары,қарақұмық) 15-16%, май дақылдарында 10-13%, астық-тұқымдас мал азығындық шөптерде 15% -дан көп емес, бұршақ тұқымдас мал азығындық шөптерде 13%-дан 1жоғары болмауға тиіс.
Тұқымның жоғары ылғалдылығы белгілі бір деңгейде тұқымның өну энергиясы мен өнгіштігін азайтады. Дақыл түріне қарай, жоғарыда келтірілген мөлшерлерден тұқым ылғалдылығы асып кеткен жағдайда, тұқымда еркін(бейтарап) ылғал пайда болады. Бейтарап ылғал немесе қиын – қыстау ылғалы тұқымдағы физиологиялық үрдістерді күрт белсендіреді де гидролитикалық ферменттердің қызметін күшейтеді. Дәнді дақылдар тұқымдарының ылғалдылығы қиын-қыстау ылғалдылығынан 2-3 % жоғарылағанда оның тыныс алу қуаты 10-20 есе артады. Мұндай тұқым үйіндісінде ылғал, көмірқышқыл газы жинақталады, температурасы артады, микроағзалардың дамуы күшейе түседі және тұқымның өздігінен қызуы жүреді. Осы үрдістердің нәтижесінде тұқымның өнгіштігі төмендейді немесе мүлде жоғалады.
ҚР А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ҒӨБ РММ-нің зерттеулерінде жаздық бидай тұқымының өздігінен қызу пәрменділігіне ылғалдылыққа тікелей байланыстылығы байқалған. Үйіндідегі астық ылғалдылығы 16% болғанда ондағы температура бірте бірте төмендеген, ал өнгіштігі бір шамада қалған; ылғалдылығы 22% тұқымның 7 тәуліктен кейінгі температурасы үйіндіде 11ºC-ға артты, өнгіштігі 30%-ға төмендеді, ал 13-тәулікте тұқым өнгіштігін мүлде жоғалтты [33].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет