1. Тұқымның жарақаттануын анықтайтың тікелей әдістер. Тұқымды үлкейткіш шыныларда қарау. Көптеген дақылдарға 10 есе үлкейту жеткілікті. Ол үшін негізгі дақылдардан 100 тұқымнан екі үлгі бөлініп, үлкейткіш шыны арқылы тыңғылықты түрде байқалады. Екі үлгінің (қайталаудың) микрозақымдануының арасындағы алшақтық 10 пайыздан аспауы керек. Егер алшақтық көбейіп кетсе, үшінші үлгі саналып алып қайта тексеріледі.
Микрожарақаттануды жеңіл табу үшін тұқымды бояу әдісіменбояғыш заттардың ертінділерінде, соңынан суда шайып анықтайды. Мысалы, бидай мен қара бидай тұқымы, 0,5 пайызды иодты калий ертіндісінде, жүгері — 0,5 пайызды индиго-кармин, дәндібұршақ дақылдары 0,5 пайызды қызыл анилин ертіндісінде жақсы боялады. Бояғыш заттар тұқымның жарақаттанған жерінде шоғырланып бояйды да жарақатталған жерлерін анық көрсетеді. Тұқымды байқап мик-рожарақаттарды анықтау үщін диафоноскоп пен тұқымды жарықтандыру әдісін пайдалануға болады, бірақ олардың дәлділігі шамалы, сондықтан кең тарамаған.
2. Тұқымның жарақаттануын анықтайтын жанама әдістер. Тұқымды 0,2%-ды формалин ерітіндісінде өңдеу. Ол үшін тұқым формалин ерітіндісінде 10 секунд бойы дәріленеді де 2 сағат бойы тұншықтырылады (брензт астында), соңынан стандартты тәсілмен көктетіледі. Өнгіштік пен өну қуатының (энергиясының) бақылау вариантынан төмендеуі жарақаттану деңгейі жөнінде мағлұмат береді.
Бастапқы өсу күшінің пәрменділігі бойынша тұқымның жарақаттануын анықтау. Анықтау мемлекеттік үлгіқалып талаптары бойынша жүргізіледі. Тұқым топырақ толтырылған сауытта көктетіледі және өнгіштіктің төмендеуі бойынша тұқымның жарақатталу деңгейі анықталады.
Күкірт қышқылының әлсіз ерітіндісінде ылғалдандырылған төсеніште тұқымды көктету әдісі. Анықтау мемлекеттік үлгіқалып талаптарына сәйкес әдеттегі көктету әдісі мен анықталады, алайда төсеніш 0,05-0,07% күкірт қышқылының ерітіндісінде ылғалдандырылады. Мұндай концентрациялы күкірт қышқылы жарақаттанған тұқымдардың көктеу үрдісін қиындатады да танаптық(далалық) жағдайларға жақындатады. Бұл әдіс тұқымның танаптық өнгіштік көрсеткішіне таяу деректерді береді, ал ол ауыл шаруашылығы өндірісі үшін өте маңызды.
Тұқымның жарақаттануын жанама әдістердің бірімен анықтағанда есте ұстайтын жәйт, тұқымның өнгіштігі, өсу күші жарақаттанудан ғана емес, басқа да себептерге байланысты. Сондықтан көктету нәтижелерін тұқымда байқап қарап, зақымданған мөлшерімен қоса бағалаған дұрыс
Қазақстанда тұқымды себу сапасына талдау біріңғай әдістемелермен мемлекеттік тұқым сапасына сараптама жасау лабороторияларында (зертханаларда) жүргізіледі. Себу сапа көрсеткіштерін екі топқа бөлуге болады:
1. Мемлекеттік үлгі қалыптармен (МҮҚ) мөлшерленетін себу сапа көрсеткіштері (тұқымның қоспалардан – қоқыстардан - тазалығы және санмен есептегендегі қоспалар мөлшері; лабораториялық өнгіштік; тұқымның ылғалдылығы; аурулар және зиянкестермен зақымдануы);
2. Мемлекеттік үлгіқалыптармен (МҮҚ) мөлшерленбейтін себу сапа көрсеткіштері (тұқымның ірілігі мен біркелкілігі; тұқымның тіршілікке қабілеттілігі;тұқымның өсу күші; 1000 тұқымның массасы; тұқымның себуге жарамдылығы т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |