Тұқымның жарақаттануы


Тұқымның аурулармен залалдануы



бет7/11
Дата28.10.2022
өлшемі58.12 Kb.
#463558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дәріс 3

Тұқымның аурулармен залалдануы. Аурулармен зақымданбаған тұқымдық жадығатты егістікке пайдалану - ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол әрі сапалы өнім алудың бір кепілі. Тұқымтану іссанасында тұқымның аурулармен дерттенуін (залалдануын) анықтауға үлкен мән беріледі. Ауру тұқым жиі түрде дақылдың өсіп-дамуын әлсіретіп, кейіннен оның өнімі мен сапасын төмендетеді. Сондықтан да тұқымның аса қауіпті аурулармен залалдануына жол берілмейді, немесе мемлекеттік үлгіқалыптармен(стандарттармен) щектеледі.
Тұқымдық жадығаттың аурулармен залалдануын анықтағанда саңырауқұлақ және бактериялық аурулардың бар-жоғын, олардың түр құрамын, олармен залалдану дәрежесін белгілейді. Аурулармен залалдану нәтижелерін дақылға және ауру түріне байланысты массаның пайызымен немесе 1 кг тұқымдық жадығатқа есептегендегі санымен анықтайды. Тұқымның аурулармен залалдануын анықтаудың мемлекеттік үлгіқалыптармен (МҮҚ, МСТ) бірнеше әдістер қарастырылған. Төменде екі әдіс баяндалған.
Макроскопиялық әдіс. Тұқым тазалығын анықтағанда жай көзбен қарап немесе үлкейткіш (10-20 есе) шынылардың көмегімен ондағы қоспаларды да анықтайды: бидай,арпа, сұлы, астық тұқымдас шөптерде – қара күйе қапшықтары мен қастауыш (спорынья) склероцийлерін тұқым массасына пайызбен, ал бұршақ дақылдарында – ақ және сұр шірік склероцийлерін де тұқым массасына пайызбен есептейді.
Люминесценттік әдіс.Негізгі дақылдың тұқымдары қара қағаз бетіне салынып, ультра күлгін жарықтағыш аспаптың астына орналастырылады. Бидайдың сау тұқымдары көкшіл-жасыл немесе көкшіл – күлгін түспен жарықталады, ал қара күйе ауруымен жоғары дәрежеде залалданған тұқымдар қоңыр, көмескі түсте қалады.
Асбұршақ тұқымының кесел (аскохитоз) және фузариозбен залалданған жерлері көмескі қызыл-қоңыр түспен жарықталады.
Қант қызылшасының тұқымдары құрғақ шірікпен (фомоз) дерттенгенде тұқымның бетіндегі саңырауқұлақ пикнидалары ақ-күңгірт түспен, ал фузариозбен залалданған жүгері тұқымы ашық қызғылт – сары, немесе қызыл күрең түспен жарықталады.
Тұқымның зиянкестермен жарақаттануы. Зиянкестердің тұқымда жарақаттануынан егіннің көктеуі, дақылдың өсіп дамуы әлсірейді де өнім мен оның сапасына әсер етеді. Тұқымның зиянкестермен зақымдануын айқын және жасырын түрінде анықтайды. Оның үстіне пакетпен алынған орташа үлгіні тұқым сапасын талдау лабораториясына түскеннен кейін екі тәуліктен кешіктірмей талдау қажет. Егер талдау жылдың суық кезінде жүргізілсе, онда тұқым үлгісі бөлме температурасында 1,5-2,0 сағ. ұсталады. Кенелерді қозғалысқа келтіру мақсатында тұқым үлгісін 25-28 ºC-да 20-30 мин. бойы жылытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет