Аэроцистит
Аэроцистит (Catarrhus sacci aerophoqi) - жылқыда ауа капшыктарынын
катаральды қабынуы. Ауру ауалы қапшықтардың кілегейлі қабықтарының талаурана (катаральді) немесе талаурана (катаральді) ірінді қабынуымен және ауа қапшықтары қуысына экссудаттың жиналуымен сипатталады.
Себептері. Ауру ылғи да, қосалқы ретінде жұтқыншақ және шықшыт бездері (паротит) қабынғанда ауру қоздырғыштарынын, оларды жалғастырып тұратын, Евстахиев өзекшесі арқылы таралғандығынан пайда болады. Аурудың пайда болуына ауа қапшықтары тұстарының ұрылып зақымдалуы не өткір заттар мен тесілуі себепкер болады.
Симптомдары. Ауру жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті түрде өткенде ауру мал жабығады, азыққа тәбеті төмендейді, ауырсынады, ауалы қапшықтардың тұсы домбығып ісінеді, басын кетеріп ұстап, мойнын созып тұрады. Созылмалы түрде өткенде ылги танау тесіктерінің бір жағынан қоймалжың кілегейлі-ірінді, көбінесе сасық иісті ақпа ағып тұрады. Басын еңкейткенде не капшыктар тұсын басканда ақпа көбейе түседі.
Ауалы қапшықтардың қабынуы ылғи да сынар турде етеді. Капшык куысына экссудат көп жиналған кезде қатты ентікпе пайда болады. Жиналған экссудатты қуыс ине арқылы сыртқа шығарса, ентікпе басылады.
Емі. Антибиотиктер енгізеді. Қабыну созылмалы түрде өтсе, хирургиялык ем қолданады. Қапшықты тесіп микробтарға қарсы колданатын дәрілермен ішін жуып-шаяды.
Сақтандыру. Жылқыларды желке тұсының ұрынуынан, жарақаттануынан сақтайды. Ринитті, гайморитті, фронтитті, фарингитті, құлақ маңы, безінің қабынуын дер кезінде емдейді.
Гайморит.
Гайморит - жоғарғы жақ сүйегі куысының кабынуы.
Этиологиясы.Аурулар байкалуына себепкер болады салкын тию және гиповитаминоздар.сондай-ак куыстар кабықшалары қабынуы ринит, ларингит. фарингит, беттін сүйектері остеомиелит, тіс шірігі аурулары таралуында дамуы мүмкін.
Патогенез. Осы косалкы куыстарда кілегейлі немесе кілегейлі - шырышты экссудат жиналу салдарынан және кабыну өнімдері уландыру әсерінен тыныс алу, кан айналым кызметтері бұзылуға ұшырайды.
Ауру белгілері. Гаймориттер мен фронтиттер созылмалы өтуінен ауру белгілері байқалмау мүмкін. Бірақ өзіне тән болып, бір жақты санылаудан кілегейлі немесе кілегейлі-шырышты экссудат(жағымсыз ністі) бөлінеді. Содан малдар тынышсыздануы, жалпы әлсіреуі, тәбеті азаюы, өнімділігі төмендеуі байкалады. Дене кызуы калыпты манайында немесе шамадан тыс артык. Екі куысты сипалау кездерінде малдар тынышсызданып ауырсынады. Кейбір жағдайларда қосалкы куыстар манайындағы сүйектер пішіні өзгергені сезіледі.
Емі.Қосалқы қуыстар қабықтарының қабынуын жоюға бағытталады. Ауру жіті өткен жағдайда қолданатын емнен жаксы нәтиже алу үшін аурудың бастапқы кезеңінде оны тудырған себептерді жойған жөн. Созылмалы түрде өтетін қабынуда хирургиялык ем қолданылады: жак және мандай куыстарын, жылкыларда болатын ауалы капшыктарын теседі. Тескен тесіктер аркылы жиналган экссудатты сыртқа шығарып, куыстарды бірнеше кайтара микробтарға карсы колданылатын дәрілермен 0,2 %-ды этакридин ерітіндісімен жуып-шаяды. Осы әрекеттермен катар бір дүркін антибиотиктер және сульфаниламид препараттарымен емдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |