Гидроторакс (кеуде қуысына сұйықтық жиналуы )
Гидроторакс, көпшілік жағдайларда, организмнің жалпы шеменденуінің не жүрек қан-тамыр жүйесі қызметінің әлсіздігінің белгілері ретінде пайда болады.
Себептері. Гидротораксты тудыратын негізгі себептің бірі болып жүрек бұлшық етінің жиырылу күшінің әлсіреуі салдарынан, кеуде қуысында орналасқан ағзаларда веноздық қанның іркілісі байқалады. Гидроторакс - малдың миокардитпен, миокардозбен ауырғаннан кейін не жүрек қақпақшаларының декомпенсациялық ақауларының жалғасы ретінде, жүрек кеңеюінің салдарынан пайда болатын дерт. Кейде гидроторакс сол кеуде қуысы ағзаларындағы қан және лимфа айналымының бұзылуынан (қан, лимфа жолдарын, қатерлі ісіктің, үлкейген лимфа бездерінің, эхинокок қабының қысып тастауынан) пайда болады. Кеуде шеменінің пайда болуына қанның сұйылуы (гидремия), аскорбин қышқылының, филохинонның жетіспеуі, қанның азаюы, бауыр мен бүйректердегі зат алмасуының бұзылуы себепкер болады.
Симптомдары. Кеуде шеменінің өзіне тән белгілері болып, дене қызуының өзгермеген не аздап төмендеген негізінде, аралас келген үдемелі ентікпе пайда болады. Мал жабығады, қатты әлсірейді, қимылдары азаяды, ылғи жүрек қан-тамыр әлсіздігінің белгілері білінеді, кілегейлі қабықтары көгереді. Кеуде қуысын сипағанда ауырсынады. Өкпе тұстарын перкуссиялаған кезде көлденең түзу сызықты жолақтың астыңғы жақ бөліктерінде күңгірт, бәсеңдеу, ал үстіңгі жағында ашық дүңкіл (қорабты) дыбыстар естіледі. Малдың кеңістіктегі дене қалпын өзгерткенімен, күңгірт, бәсеңдеу дыбыстардың жоғарғы жақ шегі көлденең түзу сызықты күйінде қала береді.
Өтуі. Ауру жіті және созылмалы түрде өтеді, өту барысында жалпы күйінің жақсарып-нашарлауы алмасып тұруы мүмкін.
Балау. Ауруға тән клиникалық белгілері мен рентген тексеріс көрсеткіштеріне негізделеді. Плевра қуысын тесіп транссудат алады.
Емі. Көп жағдайларда жақсы нәтиже бермейді. Тұқымы жағынан құнды малды ғана емдейді. Ауру малға тыныштық жағдай тудырады, жұмыстан жаттықтырудан босатады, су беруді азайтады. Жүрек қызметін жақсартатын, несеп айдайтын дәрілер тағай- ындайды, қан тамырына 20-40 %-ды глюкоза, кальций хлориді ерітінділерін енгізеді. Тыныс алуын жеңілдету үшін 2-3 тәулікте бір рет плевра қуысын тесіп, транссудатты сыртқа шығарады (жылқыдан 1-1,5 л, иттен 200-300 мл).
Тыныс алу жүйесінің ауруын диагностикалауда қандай әдістер қолданылады.
Диагностика дыхательной системы животных
Для правильной постановки диагноза ветеринарный специалист осматривает питомца и расспрашивает владельца о времени появления клинических признаков.
Затем назначает животному необходимое комплексное обследование.
Обследование включает в себя:
аускультацию (прослушивание легких);
сдачу общего и биохимического анализа крови;
УЗИ;
ренгенографию;
цитологическое исследование воспалительной слизи;
биопсию (при необходимости).
Достарыңызбен бөлісу: |