Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет9/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Оэзофагит.

Өңештің қабынуы (Oesophaqitis) - шошқалар, жылқылар және ірі қара мал арасында жиірек кездеседі, пайда болуына байланысты негізгі және туындаған түрлері болады.
Себептері. Негізгі эзофагит, малды ыстық азықпен азықтандырудан, қою концентрациялы, тітіркендіргіш дәрі-дәрмектерді (қышқылдар, сілтілер, құстыратын дәрілер, мүсәтір спирті және басқалары) пайдаланудан, дөрекі, тікенек азықтар беруден, кілегейлі қабықтарын бөгде заттардың (сүйек, темір-терсектер т.б.), енгізген зондтың зақымдауларынан, бөгелек құртының әсерінен және сырттан зақымданудан дамиды. Туындаған эзофагит көрші ағзалар ауруларының - жұтқын- шақтың не асқазанның қабынуларының тікелей ауысуларынан және аусылдың, шешектің, қатерлі катаральды қызбаның, ірі қара мал обасының жалғасы ретінде дамиды.
Дамуы. Азықты жұту және қарындарға өткізгіштік қызметінің бұзылуына байланысты мал ашығады, шөлдейді, соның салдарынан зат алмасуы, жүрек-қантамыр, асқорыту және басқа да жүйелердің қызметтері бұзылады.
Симптомдары. Эзофагиттің негізгі белгілері - ауырсынады, қиналып жұтынады және сілекей ағады. Жеңіл өткен жағдайда мал азықты мойнын созып барып абайлап жұтады. Қабыну ауыр түрде өткенде (крупозды, іріңді) азық өңештен өтіп бара жатқан кезде қатты ауырсынады, кейде өңеш түйіліп азық сол жерде тұрып қалады не бұлшық еттері кері жиырылғандықтан азық қайтадан сыртқа шығарылады. Мұндай жағдайда мал басын қимылдатады,ыңқылдайды, алдыңғы аяқтарымен жер тарпиды, азық жемей, су ішпей қояды. Өңештің маңын сипағанда ауырсынады, жәй көзбен қарағанда қимылы жоғары, кеудеден мойынға қарай, көтеріліп келе жатқан толқын сияқтанып кері жиырылады. Малда лоқсу қимылдары пайда болады, аузынан сілекей, танауларынан ақпа ағады. Туындаған эзофагиттің белгілері негізгі аурулардың белгілерімен толықтырылады.
Өтуі. Катаральды эзофагит, көбінесе жеңіл түрде өтеді, 1-2 аптаның ішінде жазылып кетеді. Бойлана қабынған өңеш дерті ұзаққа созылады және ол асқынып өңештің қуысын тарылтып тастауы мүмкін.
Балау. Ауруға диагнозды жиналған мәліметтерге негізделіп, жұтынудың бұзылуын анықталынған клиникалық белгілеріне сәйкестендіріп барып қояды. Дербестеу. Өңештің тарылуы мен кеңеюінен ажырату керек. Өңеш тарылғанда, кеңейгенде, бітелгенде және басқа да қабынбай өтетін ауруларында енгізген зонд малды ауырсындырып, маза- сыздандырмайды, ал өңеш қабынғанда ауырсыну, тынышы кету анық білінеді.
Емі. Шөп қоректілерге, бұзылу дәрежесіне және ауырсыну сезімталдығының өзгеруіне байланысты жұмсақ, буланған шөп, сүрлем пастасын, быламық, арпаның ботқасын, шошқаларға … сорпа, сұйық ботқа береді. Өңеш түйілгенде тері астына атропин сульфатын, ірі малға 0,02 г, ұсақ малға 0,0025 г, венаға 1 кг дене массасына 0,5-1,0 мл, 0,25 немесе 0,5%-ды новокаин ерітінділерін енгізеді. Қызуы көтеріліп өткен эзофагитте антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын қолданады. 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет