Диагнозын анамнез, клиникалық белгілері, рентгенологиялық зерттеу мәліметтері негізінде қояды.
Емі. Жануарды оқшаулайды, үрме желдерді болдырмайды, толық тыныштық пен мол мӛлшерде су беріледі. Миарсенол, антибиотиктермен, сульфаниламидтермен, сустанонмен, курантилмен, тахистинмен, метилксантинаминмен, асматолмен, атровентпен емдеу жақсы нәтиже береді. Алғашқы 3-4 кҥнде патогенетикалық терапия қолданылады. Аллергияға қарсы фенкарол, супрастин, пипольфен қолданылады. Вена ішіне тиосульфат, глюкоза, гексаметилентетрамин; тері астына – инсулин мен бірмезгілде глюкоза енгізіледі. Кардиотоустық терапия кӛрсетілген (майлы камфора ерітіндісі, жҥрек гликозидтері, кордиамин, коринфар, рамиприл, корватон, сиднофарм), гипоксия, цианоз симптомдары кезінде тері астына оттегі де енгізіледі.
Плеврит.
Плевраның қабынуы (плеврит) – көкіректің ішкі бетін астарлап тұратын сірі қабықтың қабынуы. Плеврит, көбінесе пневмония, перикардиттің асқынуынан, кеуде қуысының жарақаттануынан пайда болады. Кеуде қуысының қабынуы (фибринді) жалқық жинақталуымен сипатталады.
Белгілері. Жануар қатты жабығады, дене қызуы 41-42 оС көтеріледі, кеуде тұсын сипағанда ауырсынады жəне дем алу қимылдарына сəйкес келетін плевралардың үйкеліс шуылы естіледі. Жалқықты түрдегі плевритті перкуссияланған кезде, кеңістікте өзгеруіне қарамастан, дененің үстіңгі жағында көлденең түзу сызықты күңгірт дауыс шығады.
Диагноз анамнез, клиникалық симптомдары, сынамалы пункция және рентгенологиялық зерттеулер негізінде қойылады. Дифференциалдық диагностика кезінде гидроторакс пен пневмониядан айыра білу керек. Ауру ағымы ҥдерістің тҥрі мен ауыртпалығына байланысты болады. Плеврит тиісті ем мен кҥтім жасалуында 2-3 апта аралығында жануардың сауығуымен аяқталып жатады. Екіншілік плевриттер айлап, жылдап созылуы ықтимал (туберкулез). Іріңді және шіріген плевриттер кӛбіне жануардың аурудың бастапқы он кҥндігінде ӛлімімен аяқталып жатады.
Емі кешенді болуы керек. Жануарға жақсы кҥтім, гигиеналық режим жасалады, тыныштық беріледі, жеңіл сіңірілетін азықтар (диета) беріледі, поливитаминдер, антибиотиктер, сульфаниламидтер тағайындалады, кӛкірек қуысына жылу, УЖЖ, соллюкс, УК-сәулелеулері жасалынады. Несеп айдағыш препараттар, салицилаттар, йодидтер тағайындалады. Вена ішіне глюкоза мен камфора қосылған сулы-спирттік ерітінділер енгізіледі. Іріңді-шіріген плевриттерде қҧрамын сорып алу ҥшін және антисептиктерантибиотиктер, норсульфазол, этакридин т.б. енгізу ҥшін плевра қуысын теседі.
Достарыңызбен бөлісу: |